Жай бөлшектерді қосу және азайту. Оқушының әрекеті

Бөлім:

5. 2АЖай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Бөлім::

Педагогтің Т. А. Ә.

5. 2АЖай бөлшектер және оларға амалдар қолдану: Қайтқасен Құштар
Бөлім::

Сабақтың тақырыбы

5. 2АЖай бөлшектер және оларға амалдар қолдану: Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлім::

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5. 2АЖай бөлшектер және оларға амалдар қолдану: 5. 1. 2. 18. бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.
Бөлім::

Сабақтың мақсаты

5. 2АЖай бөлшектер және оларға амалдар қолдану: Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережелерін білу, қолдану, есеп шығару. Жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептерді шығаруда қолдану.

𝟕 𝟗 \frac{\mathbf{7}}{\mathbf{9}}
𝟑 𝟏𝟑 \frac{\mathbf{3}}{\mathbf{13}}
𝟑 𝟐 \frac{\mathbf{3}}{\mathbf{2}}
𝟏 𝟑 \frac{\mathbf{1}}{\mathbf{3}}
𝟒 𝟔 \frac{\mathbf{4}}{\mathbf{6}}
𝟕 𝟗 \frac{\mathbf{7}}{\mathbf{9}}
Сабақтың барысы: Сабақтың барысы
Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын ауызша тексеру.

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

-Жай бөлшек дегеніміз не?

-Жай бөлшектің неше түрін білеміз?

Топқа бөлу: Бөлшектердің түрі бойынша топқа бөлу. «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» бойынша 3 топқа бөлінеді. Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарды таңдайды, қағаздардың артында дұрыс, бұрыс бөлшектер мен аралас сан деп жазылған.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар таңдап алған қағаздардағы бөлшектердің түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын таңдайды.

Үлестірмелі қағаздар

Әр түрлі түсті қағаздар

Сабақтың барысы:

Негізгі бөлім

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

8 минут

Өткен сабақты пысықтау

Сыныппен жұмыс: «Миға шабуыл». Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуға тапсырмаларды орындайды.

«Сөз құрастыр» ойыны.

:
:
:
:
:
:

Б 𝟑 𝟗 + 𝟒 𝟗 \rightarrow \frac{\mathbf{3}}{\mathbf{9}}\mathbf{+}\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{9}} Е 𝟓 𝟔 𝟏 𝟔 \rightarrow \frac{\mathbf{5}}{\mathbf{6}}\mathbf{-}\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{6}}

Ш 𝟐 𝟑 𝟏 𝟑 \rightarrow \frac{\mathbf{2}}{\mathbf{3}}\mathbf{-}\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{3}} Л 𝟓 𝟖 + 𝟕 𝟖 \rightarrow \frac{\mathbf{5}}{\mathbf{8}}\mathbf{+}\frac{\mathbf{7}}{\mathbf{8}}

К 𝟒 𝟗 + 𝟑 𝟗 \rightarrow \frac{\mathbf{4}}{\mathbf{9}}\mathbf{+}\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{9}} Ө 𝟔 𝟏𝟑 𝟑 𝟏𝟑 \rightarrow \frac{\mathbf{6}}{\mathbf{13}}\mathbf{-}\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{13}}

Топпен жұмыс:

Жаңа сабақ: «Жасырын сөз» әдісі

Оқушыларға қағаздар беріледі, оның ішінде есептің шығарылу жолы шығарылып, қиылған. Оқушылар қиылған есеп бөліктерінен есеп құрастырып, бүгінгі тақырыпты түсінеді. Есепті құрастыру барысында бөлімдері әртүрлі бөлшектерге қосу және азайту амалдарының ережелерімен танысады.

1-тапсырма.

Оқушыларға жасырылған қағаздар беріледі. Жасырылған қағаздардың ішінде 3-еуі мәтін есептер болса, ал қалған 3-еуі бөлшек бойынша есептер.

10 балл. 20 балл. 30 балл.

4/5 - 1/2 2/5-1/3 5/12-1/4

10 балл.

Бақшадағы гүлдердің 3/8−і түймедақ гүлі, ал раушан гүлі одан 1/6− і артық. Раушан гүлі бақшадағы гүлдердің қандай бөлігін құрайды?

20 балл.

Оқушылардың 4/5 бөлігі ағылшын тілін біледі, 1/3-і француз тілін біледі. Оқушылардың қандай бөлігі ағылшын тілін де, француз тілін де біледі?

30 балл.

Ыдыстағы сүттің 1/2−і құмыраға құйылды, 1/3−і банкаға құйылды. Бастапқы кезінде ыдыстағы сүттің қандай бөлігі болды?

Жұппен жұмыс:

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы: Хауызға 3 құбыр жүргізілген. Бірінші құбыр 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта хауызды сумен толтырады. Үшінші құбырмен толық хауыздағы су 4 сағатта ағып бітеді. Берілген мәліметтер бойынша сұрақтарға жауап жаз.

1) 1-ші құбыр 1 сағатта хауыздың қанша бөлігін толтырады?

2) 2-ші құбыр 1 сағатта хауыздың қанша бөлігін толтырады?

3) 3-ші құбыр 1 сағатта хауыздың қанша бөлігі ағып бітеді?

4) Құбырлардың 3-еуінде бір уақытта ашып қойса, 1 сағаттан соң су хауыздың қандай бөлігінде қалады?

Жеке жұмыс: Өзін - өзі тексеру.

Оқушылар есептерді шығарып, сөз құрастырады.

.

Топ басшысы таңдап алған есептерді бірлесіп шығарады.

Дискриптор:

  • ЕКОЕ табады
  • Толықтауыш көбейткіштерін табады
  • Ортақ бөлімге келтіреді
  • Азайтуды және қосуды орындайды
  • Бөлшекке байланысты мәтін есептерді шығарады

Екі оқушы бірлесе отыра, 4 сұраққа жауап береді.

Көрсетілген 4 есепті жеке отырып шығарады.

«Үш шапалақ» әдісі

10 баллға 1 жұлдыздан, 20 баллға 2 жұлдыздан, 30 баллға 3 жұлдыздан алады.

«Үш шапалақ» әдісін қолданады.

Әр дұрыс шығарылған есепке 1 баллдан беріледі.

«Жұлдыз» типіндегі қағаздар.

Әр түрлі түсті қағаздар

Оқулық

Математика 5 сынып.

Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:

Сабақтың соңы

Рефлексия

4 минут

Бағдаршам түстері бойынша кері байланыс алу.

«қызыл» - сабақты түсінбедім, сұрақтарым бар

«сары» - сабақты түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін

«жасыл» - сабақты түсіндім, өзім тапсырмаларды орындай аламын

Оқушылардың алдарына 3 түрлі түсті қағаздар беріледі, әркім өзінің түсіну жағдайына байланысты стикерлерді тақтадағы ақ қағазға жабыстырады.
Түрлі түсті стикерлер

Ұқсас жұмыстар
Рационал сандар. қайталау. 6-сынып
Жай бөлшектер. жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді көбейту ережелері
Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару
5 класс емтихан сұрақтары
Натурал сандарды жазу
Ондық бөлшектерді қосу және азайту, 5 сынып
Алгебралық өрнектерді түрлендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz