Python (PyGame) тілінде ойын кейіпкерлерін таңдау және спрайттарды жүктеу: қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың барысы:
Ой сергіту жаттығуы. «Бэкроним» әдісі
Сөзде берілген әр әріптер бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.
Үй тапсырмасын пысықтау (өткен сабақтағы тақырыпты еске түсірсек)
- Pygame. display. set_caption(‘’) функциясының қызметі
- Screen. fill() әдісі не үшін қолданылады
- RGB дегеніміз не?
- Pygame. image функциясы арқылы не істей аламыз
1. Мұғаліммен амандасады.
2. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3. Сабақтың мақсаттарымен танысады.
«Миға шабуыл»
- Өзің құратын ойынның кейіпкерлері ретінде қандай образдарды таңдаған болар едің?
- Ойын құруда ойын кейіпкерлерін таңдау және параметрлерін дұрыс анықтау қаншалықты маңызды?
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар
1 тапсырма. Ойын кейіпкері автокөлік болатын программа кодын компьютерде орындаңдар.
import pygame, sys pygame. init()
screen=pygame. display. set_mode([300, 300] )
pygame. display. set_caption('avtokolik')
screen. full([255, 255, 255] )
avto = pygame. image. load('avto. png')
avto = pygame. transform. scale(avto, (160, 80) )
screen. blit(avto, [50, 20] )
screen. blit(avto, [50, 100] )
Барлық оқушыларға арналған тапсырма:
2 тапсырма. «Жарысу» жобасын жасап, терезеге бірден 3 авто көлікті орналастыр.
import pygame, sys
pygame. init()
screen = pygame. display. set_mode([300, 300] )
pygame. display. set_caption('avtokolik' )
screen. fill([255, 255, 255] )
avto = pygame. image. load('avto. png')
avto =pygame. transform. scale(avto, (160, 80) )
screen. blit(avto, [50, 20] )
screen. blit(avto, [50, 100] )
screen. blit(avto, [50, 180] )
pygame. display. flip()
running = True
while running:
for event in pygame. event. get() :
if event. type == pygame. QUIT:
running = False
pygame. quit()
Дарынды оқушыларға:
3 тапсырма
«Жолда жүру» жобасын құруға қажетті фондық сурет, автокөліктің спрайты және осы ойын сюжетін беретін программа кодын (3 код) талдаңдар
Мұғалімді тыңдайды
Оқушылар арасында компьютермен жұмыс жасайды
Дескриптер:
- Pygame -де ойын кейіпкерлерін таңдай және жүктей алады
Бағалау: өзара бағалау, жұптар бір-бірін бағалайды
Дескриптор
Ойын командаларын анықтайды
Бағалау: өзара бағалау
Дескриптор
- Программаға талдау жасайды.
Бағалау: жұптар, топтар бірін бірі бағалайды
Дескриптор:
1. Программадағы әрбір команда қатарына түсініктеме
жазады
2. Программа іске қосылғандағы ойын тересі
3. Ойын фоны - jol. png
4. Автокөлік суреті -avto2. png
2-мысалда берілген «Жарысу» жобасының
программа кодын талда. Жобада төмендегі өзгерістер
жасау үшін программа кодына қандай өзгерістер
енгізу керек?
Егер осы жобадағы автокөліктердің түсін 3
түсті ету.
Екінші тұрған автокөлік өлшемдерін басқаларға
қарағанда екі есе үлкейту