Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жамбыл жырлары асыл қазынам
Диқан тірек мектебі
(ресурстық орталық)
Тәрбие сағаттары
Тақырыбы: Ж Жабаевтың175 жылдығына орай
" Жамбыл жырлары асыл қазынам "
Сынып жетекшісі: Даулетқұлова Жадыра Орынбасарқызы
Тақырыбы: Ж Жабаевтың175 жылдығына орай
" Жамбыл жырлары асыл қазынам "
Мақсаты : Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта:
а) Ж.Жабаевтың портреті
ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.
Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ.
Мұғалімнің сөзі.
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды?
* 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Шағым.
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған.
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзығынға боздаған.
Оқығанша мен одан
Домбыраны қолға алам...
*
Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. *
Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады
* Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады. *
1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі. *
Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді.
* Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған <<Патша әмірі тарылды>> және <<Зілді бұйрық>> деген өлеңдерін шығарады *
Патша әмірі тарылды
Оған қылап бар ма лаж ?!
Ішке толған зарымды,
Кімге айтармын қылып наз?!
Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен.
Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен. *
Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады.
* 17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды. *
Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің <<Жолбарыс терісін жамылған батыр>> деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды.
* Кавказға сәлем
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,
Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып,
Жазылып бүкіш белі қуаттанып,
Туған ел сәулетімен санаттанып!
Қолға алып домбырасын жаны жайнап,
Советтік дәуірінде талаптанып,
Ән шырқап шарықтағаған сағатында
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып.
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер - зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім" атты өлеңін арнады. *
Маусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады.
Қыркүйек. Жамбыл атақты <<Ленинградтық өренім>> деген өлеңін шығарады.
* Ленинградтық өренім.
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жабықпағын, Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап болып қол барап,
Қорғап сені ол қалар... * .
Мұғалімнің сөзі.
Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған.
1Мұғалімнің сөзі.
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Айтыс ақыны ретінде қандай мағлұмат айта аласыңдар.
тапсырма *
Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген.
* Жамбыл мен Құлманбет айтысы күрделі, мазмұны кең айтыс. Айтыста Жамбыл жеңеді. *
Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке:байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт-, деген сөздерінен көрінеді. *
Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан-жақты. *
Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді. . .
Мұғалімнің сөзі: .
22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.
8-шілдеде Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
Өз облысымызда Жамбыл есімі берілген 15 мектеп бар.
Шымкент қаласында №26 мектеп Жамбыл атымен аталады.
Сабақты қорытындылау.
1. Не білдік?
2. Не білгіміз келеді?
Суреттер көрсетіледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты.
Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлттық мәдени - рухани байлықты дамыту барысына көп көңіл бөлді.
Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz