Қазақстан Республикасының салық жүйесі: тарихи қалыптасуы мен негізгі түрлері

Сабақтың тақырыбы: ҚР-ның салық жүйесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: салық туралы түсінік бере отырып, ҚР-ның салық жүйесімен және салық түрлерімен таныстыру, салық туралы мысалдар келтіру, оқушылардың білім деңгейін жетілдіру;

Дамытушылық: оқушылардың экономикалық танымын дамыту, шығармашылық қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын әртүрлі әдістер арқылы арттыру;

Тәрбиелік: уақытты, ақшаны үнемді пайдалануға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың міндеті: --жаңа сабақты игерту;

--салық тарихы туралы айту;

--ҚР-ның салық жүйесімен таныстыру;

--салық түрлерімен таныстыру;

Пәнаралық байланыс: тарих, география;

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі :тірек сызбасы, сөзжұмбақ, кеспе қағаз т. б. ;

Сабақтің әдісі :интерактивті тақтаны пайдалану, тірек сызбасын қолдану;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Сыныппен амандасып, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгендеу,

оқу-құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасы

Халықты әлеуметтік қорғау тақырыбын мазмұндау.

Оқушыларға кеспе қағаз тарату арқылы сұрақ-жауап әдісін қолдану.

1. Зейнетақы

2. Зейнеткерлік жас

3. Жәрдемақы

4. Жәрдемақы не үшін беріледі?

5. Медициналық көмек

6. Медициналық көмек не үшін қажет?

Жаңа сабақ

Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған. Адам Смит кезінде салық салу жөнінде бірталай ойлы тұжырым жасаған, бұл тұжырымдар әліге дейін пайдаланылып келеді. Атап айтқанда,

Ол түскен пайдаға және жалақыға салық салуды ұсынған. Салықтың керек екендігін ойшыл адамдар баяғы-да анық ұққандығы сонша, 1789жылдың өзінде АҚШ Тәуелсіз декларациясының авторларының бірі Бенджамин Франклин: «мына өмірде өлім мен салық ақиқат» деп жазған.

Жұрттың баршасы да салық төлеуге міндетті. Салық көмегімен мемлекет көп нәрсеге, соның ішінде экономикалық процеске әсер етіп отырады. Олар белгілі бір қызмет түрлерін ынталандырып, өнеркәсіптің әртүрлі саласын дамытуға, айналымдағы ақша мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Салық көбінесе ренішпен қабылданатындығына қарамастан қазіргі қоғам да, үкімет те онсыз тіршілік ете алмайды. Мысал келтіретін болсақ,

--Шонжарлар қатарына жатпайтындар қазақ хандығына салық төледі. Қатардағы көшпелі малшыға салынатын негізгі салық түрі «зекет» болды. Сонымен қатар, еңбекші халық байларға өздері өндірген мал өнімінің бір бөлігін «соғым», «сыбаға» түрінде беруге мәжбүр болды. Оның көлемі салық төлеушінің көңіл-күйіне байланысты болды. Диқаншының жағдайы да мәз емес еді. Олар ханға астықтың 1/10 немесе 1/5 бөлігін құрайтын «баж» және «харадж» түрінде салық төлеуге мәжбүр болды.

--Көне Римнің толық құқылы азаматтары салықтан босатылған, салық құлдарға және шет жерден келгендерге салынған. Соның өзінде әлгіндей жолмен қазынаға түскен қаражат империяның тыныстауына жетпесе керек. Император қоғамдық әжетханаларға салық салуды енгізген.

--Ағылшын королі ІІ Генрих тұсында кісі өліміне де салық салынған. Бұл салықты өз иелігіндегі жерде кісі өлімі орын алған жер иесі егер әлгі қазаның сыры алты айдың ішінде мәлім болмаған жағдайда төлеп тұрған. І Петр сақалын алып тастау жөніндегі жарлығына бағынғысы келмегендерге «сақал» салығын салған. Ал көне Русьте шаруалар үйінде түтінін мұржадан шығармай от жағатын болған, себебі ол кезде пеш жаққандағы түтінге де салық салынған. Ондай салықты дәулетті шаруа ғана төлей алыпты.

--Салықтың бұл түрі Англияда 1797жылы енгізілген. Әр сағат иесі жыл сайын қазынаға 5 шиллинг төлеп тұру керек болған. Әлгі салық бір жылдан кейін тоқтатылды, себебі жұрттың көбі қалта сағатын ұстаудан қалған.

Ортағасырда өмір сүрген философ, әрі ғұлама Фома Аквинский салықты «Адамды заңды түрде тонау» деген.

Қорытындылау

Қазақстан Республикасынла салық жүйесі үш сатыдан өтті.

1. ҚазКСР Президентінің 1991 жылғы 9 шілдедегі «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» жарлығымен ҚазКСР Бас салық инспекциясы құрылды. Салықтар бойынша 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салықты көздейтін заң актілері қабылданды.

2. ҚР Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы елімізде дербес қаржы жүйесін жасақтауға септесті. Ең бастысы салық санын 45тен 11ге қысқартуға және салық салу жүйесін жеңілдетуге қол жеткізді.

3. 2001 жылы 12 маусымда жаңа ҚР-ның салық кодексі қабылданып,

2002 жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ҚР-да мынадай салық түрлері бар:

-корпоративтік табыс салығы

-жеке табыс салығы


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылымы, түрлері және функциялары
Салық және салық жүйесі: тұжырымдама, түрлері және есептеу әдістері
Қазақстан Конституциясының тарихи қалыптасуы мен қоғамдық маңызы
Жетісудағы Қарақытайлар: қоныс аударуы, қоғамдық құрылысы және алым-салық жүйесі
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен тарихи маңызы
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен тарихи дамуы
Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы, басқару жүйесі және шаруашылығы
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы мен заманауи рөлі
1920-1930 жж. Қазақстан: тоталитарлық жүйенің қалыптасуы, индустрияландыру мен ұжымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz