Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ресми құжаттардың берілуін орынды қолдана біл

11-сынып Қазақ тілі
<<Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер>> бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Сайып келгенде, сарапшылар мен жастардың көзқарасы бір арнаға тоғысып тұр. Жастарды мұнда ұстап тұрудың бірінші жолы - еңбекақы, жайлы жұмыс. Оған баспананың жоқтығын қосыңыз. Жемқорлық факторы да аяқтан тартады. Бұған елдегі білім жүйесінің сәт сайын реформалануы да жастарды қыр асыруға жол ашып жатыр. Мұхит асып, жыраққа кеткен қазақ жастарының елге оралу не оралмауын әрбір түлек өзі шешеді. Алайда ел ішінде білім алып, биікке көтерілген дарындылардың өзге елдің түтінін түзу етіп, жат жердің табысын еселеуі қазақ интелегенциясын алаңдатады. Жаһанның жуан елдеріндегі жағдайға еті үйреніп қалған жастардың ішінде де Отанына оралып, адал қызмет атқарып жүргендері қаншама. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бірнеше жыл бұрын жүргізген статистикасына көз салсақ, жастардың 23,7 пайызы Ресейге немесе жақын шетелдерге, әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады екен. Ал алыс шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары 13,8 пайызға жетіп жығылған.
Түйін. Жалақысы жоғары, мәртебесі биік маман иесі болуға әркімнің таласы бар. Шартараптың мойындалған білім жүйесіне мойынсұнатын қазақ жастарының білім жолында ізденіп жүргендері көңіл қуантады. Бірақ қазақ қоғамын алаңдататыны - қазақ жастарының шетелдің азаматтығын алып, сонда тұрақтап қалуы. Мықты мамандар өзімізге керек, ал оларды ұстап тұрудың тетігін табу адами капитал сапасына мән беретін кезеңнің жеткендігін ұғындырып тұр.
1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ:
4-сұрақ
5-сұрақ ..........................................................................................................
2-тапсырма. Жазылым барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сыни тұрғыда баға беріңіз.
15-20 сөйлем
3-тапсырма. Ресми құжаттардың қолданысын сақтай отырып, өз тарапынан пікір жаз. Ресми құжаттардың берілуін орынды қолдана біл

11-сынып Қазақ тілі
<<Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер>> бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Біз қалай десек те, бүгінде дарындылар дамыған елдерде өз білімін жалғастыруды жөн көреді. Дегенмен олардың саны елде қалып, отандық жоғарғы оқу ордаларында білім алып жүрген студенттерден көп емес. Бірақ ақылдылар үшін ашық таластың қазір нағыз қызған шағы десек те болады. Тегін оқу, жақсы шәкіртақы беріп қызықтыра алатын Еуропа еліне аңсары ауатын жастардың елден кетуіне де осы білімдегі жағдайлар да себеп. Мәселен, бүгінде аспан асты еліне құжат тапсырып, тілдік білімін дәлелдеген қазақ жастарының қарасы қалың. Себептің тағы бірі - елде жастарға арналған шынайы бағдарламалардың жоқтығы. Бұл әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік
Бейсембаевтың пікірі.
<<Миграция Қазақстан экономикасына орасан зор кері әсерін тигізіп жатқанын айта кету керек. Көп жағдайда білікті мамандардың орны бос қалады. Сәйкесінше, адами капитал сапасы төмендеуде. Бұл - Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін жағымсыз дүние. Осы факторлар білім сапасының төмендеуіне, әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау саласының төмендеуіне әкеледі. Миграция әсерінен Қазақстанның экономикалық зардаптары туралы зерттеулер өкінішке қарай жоқ. Сондықтан мемлекет талантты, білімді жастарды қолдауға мән беруі қажет. <<Жас кадрлар сыртқа кетпеуі үшін мемлекет не істей алады?>> деген сұраққа жауап іздеу керек. Жас мамандарға бағытталған бағдарламалар, нақты іс-әрекеттер қажет-ақ>>.
1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ: ..........................................................................................................
2-тапсырма. Жазылым барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сыни тұрғыда баға беріңіз.
15-20 сөйлем
3-тапсырма. Ресми құжаттардың қолданысын сақтай отырып, өз тарапынан пікір жаз. Ресми құжаттардың берілуін орынды қолдана біл.

11 сынып
Қазақ тілі
БЖБ 3-тоқсан

Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты талқылау сұрақтарын құрастырады.
1
Көтерілген мәселені анықтайды.
1

Тәжірибелік сұрақтар құрастырады.
1

Талқылау сұрақтарын құрастырады.
1
Көтерілген мәселені сыни тұрғыда баға береді.
2

Сыни тұрғыда ой білдіреді.
1

Көтерілген мәселеге баға береді.
1
сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданады.
1

әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады
1
Ресми құжаттардың қолданысын сақтады
3
Ресми құжат жазады
Құрылымын сақтайды
1
1
Барлығы

9

Ұқсас жұмыстар
Тілдік норманың анықтамасы
Күнтізбелік жоспар. Жаратылыстану- математикалық бағыт жайлы ақпарат. 10 сынып
Құжаттардың құрамы
Жауап парақтары
Әдеби тіл нормасы
Әлемді билеген интернет
Ғаламтор қазақ тілінде
Етістік тарауын қайталау. 4 сынып
Портфолио – педагогтардың кәсіби өсуін арттыруының шарты
Оқушыларға қысымның қатты денелер, сұйықтар мен газдар арқылы берілуін
Пәндер