Excel кестелік процессоры: негізгі түсініктер мен амалдар және жұмыс кестесімен жұмыс

№ сабақ Тексерген:

Сыныбы: 8 Күні: Мұғалімі:Тыштыбаева А. Н.

Сабақтың тақырыбы : 11-бөлім. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ.

11. 1-тақырып. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР.

EXCEL мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементтері.

Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік - EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ, НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР, EXCEL мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік - Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Электрондық оқулық элементтерінің көмегімен

демонстрациялау, баяндауарқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын

көрнекті құралдар : компьютер, электрондық оқулық, практикум, слайд.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

Ұяшықтар таңдау, 20, 30, 40. (электронды ұяшықтар)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

11-бөлім. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. 11. 1-тақырып. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР. EXCEL мүмкіндіктері.

Microsoft Excel программасы

  1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға; .
  2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
  3. Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуға;
  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауға;
  5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауястыруға;
  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
  7. Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
  8. Диаграмма тұрғызуға;
  9. Графикалық объектілер кірістіруге;
  10. Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Excel- ді іске қосу:

Немесе Пуск іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel -ді таңдау қажет.

Жұмыс кестесінің элементтері.

Excel-дің объектілерімен өңделген Хls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің A, B, C, …, AA, BB әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық - деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтің адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы А1, С20.

Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.

Жұмыс парағымен бойынша жылжу

  • Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесін басу керек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін (<PageUp>, <PageDown> т. б) ауысу пернелерін пайдалану.
  • Нақты орынға өту үшінПравка менюінен Перейтикомандасын таңдаймыз
  • Переходсұхбат нақты бір элементтерді (жазбалар формулалар т. б) іздеу үшін қолданады.
Пернелер
Орын ауысу
Пернелер: Page Down
Орын ауысу: Бір экранға төмен
Пернелер: Page Up
Орын ауысу: Бір экранға жоғары
Пернелер: Home
Орын ауысу: Аңымдағы қатардың басына
Пернелер: Ctrl+Home
Орын ауысу: А1 ұяшығына
Пернелер: Ctrl+End
Орын ауысу: Соңғы толтырылған ұяшыққа
Пернелер: Ctrl+↑
Орын ауысу: Бірінші толтырылған ұяшықтың жоғарғы жағына
Пернелер: Ctrl+↓
Орын ауысу: Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына
Пернелер: Ctrl+←
Орын ауысу: Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына
Пернелер: Ctrl+→
Орын ауысу: Бірінші толтырылған ұяшықтың оң жағына
Пернелер: Ctrl+Page Up
Орын ауысу: Жұмыс парағының келесі парағына
Пернелер: Ctrl+Page Down
Орын ауысу: Жұмыс парағының алдыңғы парағына

Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру.

Кестенің қажетті бетіна ауысудың екі жолы бар:

  1. Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.
  2. <F5> пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок батырмасын шерту керек.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка - Лист командасын орындау қажет.

Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту.

Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2», және т. с. меншіктелген. Сол парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Excel кестелік процессоры: негізгі түсініктер, мүмкіндіктер және жұмыс кестесінің элементтері
Microsoft Excel кестелік процессоры: кіріспе және негізгі операциялар
Excel кестелік процессоры мен электрондық кестеде деректерді өңдеу: деректер базасының құрылымы және өрістер типтері
8-сынып информатикасы: Microsoft Excel кестелік процессоры - сабақ жоспары
8-сынып информатикасы: Microsoft Excel кестелік процессоры бойынша орта мерзімді және сабақтық жоспарлар
MS Excel-ге кіріспе: ұғымдар, жұмыс парақтары және негізгі операциялар
MS Word мәтіндік процессоры және құжатпен жұмыс: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
8-сынып информатика: Excel бағдарламасында деректермен жұмыс және формулаларды енгізу мен көшіру
Excel бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері және жұмыс парақтарын өңдеуге арналған сабақ жоспары
Электрондық кестелер: кестелік процессордың интерфейсі мен негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz