Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұшатын сүтқоректілер

Сабақтың тақырыбы
§58.Сүтқоректілер немесе аңдар класы

Жилгелдиева Пейсенгул Нахипбекқизи
Биология пәнінен сабақ жоспары
Сынып - 7
Күні:
28.11.2022ж.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасына және құрылыс ерекшелігіне тоқталу арқылы білім беру.
Сабақтың міндеттері:

Танымдық (білім беру):
Оқушыларға сүтқоректілердің ішкі және сыртқы құрылысы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп талаптануын арттыру.
Тәрбиелік:
Жан - жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелейді.
Сабақтың типі:

Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі - көрнекілік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, фото суреттер.
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
(1-2минут)
-Сәлеметсіздерме?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Оқу құралдары жеткілікті ме?
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренинг ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық <<Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да, ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл>> (хормен айту)
Үй тапсырмасын тексеру
(5 минут)
1.Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
2.Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
3.Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
4.Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
5.Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
6.Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
7.Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
8.Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
9.Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
10.Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм - колибри)
11. Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
Проблемалық сұрақ.
-Егер жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді?
Жаңа материалды меңгерту
(15-20 минут)
1. Жұмбақтар шешу
1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
2.Үстінде екі тауы бар, Қызық бір жануар. (Түйе)
Тарғыл - тарғы таспа, тастан бірақ басқа, Мекені қамыста, бұл саған таныс па? (Жолбарыс)
Жаздақыдырады, қыстатынығады. (Аю)
Ал енді осы жануарлар туралы не айтуға болады? Олай болса бүгінгі өткелі отырған сабағымыз? (Сүтқоректілер класы) *Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады және неліктен солай аталады? Сүтқоректілер класы туралы не білгілерің келеді? 30 секунд ойланамыз, жазамыз. 30 секунд ақылдасамыз, ең негізгі деген мәселерді ортаға саламыз.
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Сүтқоректілердің тіршілік ортасы
Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі
тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.
Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат - дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі.
Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін (мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі - тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.
Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі - аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл - өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.
Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.
Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.
Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді.
Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған. Жануар әр түрлі дыбыс шығарып, өз туыстастарына, үйіріне қауіп-қатер туралы, өзінің қай жерде екені және т. б. туралы хабар беріп, білдіреді.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл - құстың ұшуымен байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті болып табылады.
Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөліп, қан араласпайды. Дене мүшелеріне таза артерия қаны таралып, өкпеге вена қаны келеді. Бұл жануарларда зат алмасу қарқынды жүреді. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес. Оларды жылықанды жануарларға жатқызады. Бұл жануарлар жер бетінің барлық аймақтарында таралған.

Топтық жұмыс.Оқушыларды 4 топқа бөліп тапсырмалар беремін.
1-ші топ.Құрылықты мекендейтін сүтқоректілер
2-ші топ.Жер астында мекендейтін сүтқоректілер
3-ші топ.Суда тіршілік ететін сүтқоректілер
4-ші топ.Ұшатын сүтқоректілер
Тапсырмалар:
1-ші топ.Сүтқоректілердің қаңқасын суреттеп салу мәлімет беру
2-ші топ.Сүтқоректілердің ішкі құрылысын суреттеп салу мәлімет беру
3-ші топ.Ұрықтың жатырда дамуын суреттеп салу мәлімет беру
4-ші топ.Сүтқоректілердің экологиялық топтарына мәлімет беру
Әрбір топ қарсылас топтарын бағалайды.
Сабақты бекіту:
(8-10)
Баскетбол ойыны.
Жеке тапсырмалар беру арқылы ойын ойнату.
Ойын барысында оқушылармен жаңа сабақты бекіту мақсатында 5 сұрақ қойып және пікір алмасып ұпайлармен бағалаймын.
Ең көп ұпай жинаған оқушы сынып лидері болады(оқушыларды ынталандыру мақсатында)
Сұрақтарды сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларға қойып олардың оқу үлгерімін жоғарлату.
1.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы қалай аталады. (Маммалогия)
2.Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын қандай мүше пайда болған. (көкет)
3.Ауыз қуысына қанша сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)
4.Сүтқоректілердің қандай сезім мүшелері өте жақсы дамыған (иіс сезуі)
5.Сыртқы және ортаңғы құлақ арасын не бөледі. (дабыл жарғағымен)

Үй тапсырмасын беру (2 минут)
Дәптерге сүтқоректілер туралы шағын эссе жазу.Өзіңнің сүйікті сүтқоректі жануарың жайлы қызықты 10 дерек.
Кері байланыс

"Аяқталмаған сөйлем" Бүгін мен мынаны білдім ... Қызықты болғаны ... Қиын болғаны ... Мен осыны түсіндім Кері байланыс береді

Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілер класы
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. ұрпақтарына қамқорлық жасауы. жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары
Көпжасушалы жануарлардың зәршығару жүйесі (6 – сынып)
Бауырмен жорғалаушылар.сүтқоректілер. 3 сынып
Тақырып Қамқор болып өсемін
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. 7-сынып
Сүтқоректілер класы. тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Сүтқоректілер
Қазақстанда мекендейтін сүткоректілер
Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілі
Пәндер