Жүйелік тақшаның ақауы

САБАҚ ЖОСПАРЫ №3

  1. Атаулы категориясы
Атаулы категориясы: 1. 1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

130401 2 Электрондық есептеуші машинасының операторы

Атаулы категориясы: 1. 2. Курсы, тобы
17 VTZ-4, 17 VTZ-5
Атаулы категориясы: 1. 3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудын атауы

КМ 02. Жұмысқа дайындалу, икемдеу және компьютердің бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруына қызмет көрсету,

сондай-ақ бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу

Компьютерлік техниканы пайдалану және қызмет көрсету

Атаулы категориясы: 1. 4. Сабақтың тақырыбы
Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары
Атаулы категориясы: 1. 5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы
Топтық
Атаулы категориясы: 1. 6. Білім алушылардың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен икемділігі
Ақауларды іздеу құралдары. Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары. Дыбыстық сигналдар, Мәтіндік сигналдар. Ақауларды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары. Профилактикалық шаралар бағдарламасы
Атаулы категориясы: 1. 7. Кәсіби және еңбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі
Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдарын меңгеру
Атаулы категориясы: 2. Сабақтың мақсаты
Атаулы категориясы: 2. 1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді

- оқытушыны тыңдай білу;

- басқалардың айтқанын тыңдай білу;

- өз ойын жеткізе білу.

Атаулы категориясы: 2. 2. Студенттерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету
Компьютер техникасына қызмет көрсету түрлерін меңгереді
Атаулы категориясы: 3. Сабақ қорытындысын сипаттау
Атаулы категориясы: 3. 1. Сабақтың аяғында білім алушылар білу және істеуі қажет
Компьютерді құрастыру, бөлшектеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін қажетті аспаптар мен құрал-саймандарды анықтау және пайдаланады.
Атаулы категориясы: 3. 2. Сапа критерийлері
Компьютер техникасын қолдану мәні мен қызмет көрсету түрлерін түсінеді
Атаулы категориясы: 4. Жоспарлау фазасы
Атаулы категориясы: 4. 1. Оқу-әдестемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі

Д. Ғабдуллаев Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету

31-46 беттер

Атаулы категориясы: 4. 2. Техникалық жабдықтау, материалдар
ДК
Атаулы категориясы: 4. 3. Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау
Компьютерді құрастыру, бөлшектеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін қажетті аспаптар мен құрал-саймандарды анықтау және пайдаланады.
Атаулы категориясы: 4. 4. Оқытушының рөлі
Студенттерді тыңдай білуге, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Атаулы категориясы: 5. Жоспарды жүзеге асыру
Атаулы категориясы: 5. 1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте)
Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»
Атаулы категориясы: 6. Бағалау
Атаулы категориясы: 6. 1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау
Жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіну дәрежелерін анықтау

Оқытушы Муратканова А. Т.

қолы аты-жөні

Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру

Сабақтың негізгі кезеңдері
Әрекеттердін түрі мен реті
Студенттердін қызметі
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі
Оқытушынын қызметі

Жекеше

Топтық

Топаралық

Кеңес беру

Нұсқау

Бақылау

№: 1.
Сабақтың негізгі кезеңдері: Бағдарлау және жоспарлау кезеңі
Әрекеттердін түрі мен реті: Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Студенттердін қызметі:
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі: Х
Оқытушынын қызметі:
Х
Х
№: 2.
Сабақтың негізгі кезеңдері: Жұмысты орындау кезеңі
Әрекеттердін түрі мен реті: Жұмыс орынын дайындау
Студенттердін қызметі:
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі: Х
Оқытушынын қызметі:
Х
№: Материалдарды дайындау
Сабақтың негізгі кезеңдері:
Әрекеттердін түрі мен реті: Х
Студенттердін қызметі:
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі:
Оқытушынын қызметі: Х
№:

Технологиялық үрдіс: конспектілеу,

Конспектімен жұмыс,

ДК-мен жұмыс

Сабақтың негізгі кезеңдері:

Х

Х

Х

Әрекеттердін түрі мен реті:
Студенттердін қызметі:
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі:
Оқытушынын қызметі:

Х

Х

Х

Х

Х

Х

№: 3.
Сабақтың негізгі кезеңдері: Аралық және соңғы нәтижені бағалау және талдау кезеңі
Әрекеттердін түрі мен реті:

Сапа белгілері бойынша бағалау:

Pascal мәзір пункттерін анықтау

Студенттердін қызметі: Х
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі:
Оқытушынын қызметі:
Х

Курс тақырыбы: №1. Компьютер техникасын қолдану мәні мен қызмет көрсету түрлерін түсінеді

Сабақ тақырыбы: №3. Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары

1. Дыбыстық сигналдар

2. Мәтіндік сигналдар.

Компьютер қаншалықты қиын электронды құрылғы болса, оның құраушыларын соншалықты бақылап отыратын құрал керек. Бұл құралға, BIOS құрамына кіретін POST (Power - On Self Testing) бағдарламасы жатады.

Компьютерді қосқан сайын BIOS бағдарламаларының бірі POST орнатылған құраушыларын тексеруге әкеледі. Ол процессордың жұмысын, жүйелік тақша чипсетін, жедел жады мен басқа да құрылғылардың, яғни дербес компьютердің барлық құраушыларын жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайда тексерудің нәтижелерін бір уақытта орындалатын үш түрлі әдіспен көруге болады.

Монитордағы хабарлама. Бұл қателік туралы шыққан хабарламаны көруге және оқуға мүмкіндік беретін әдіс. Бұған қоса, ол қателікті жүйелік тақшаның құжаттамасынан компьютердің ақауының себебін жылдам байқауға болатын кейбір код оқылуларын табуға болады.

Дыбыстық сигналдар Қателіктің бар екендігі туралы қосымша хабарлама. Тәжірибе жүзінде осы әдіс дыбыстық сигналдың өзіне сай кестенің көмегімен оқылуын іздеуге қолайлы болғандықтан қолданылады.

Арнайы кодтардың берілуі . Енгізу-шығару порт адресіне берілетін 16-лық цифрлі кодын POST картамен көруге болады.

Егер тексеру сәтті аяқталса, BIOS бағыттау бойынша операциялық жүйені жүктеместен бұрын, қысқа дыбыс белгісі естіледі. Егерде POST қателік тауып алса, онда ол барлық қатынау құралдармен белгі береді және мүмкіндік болса, ақаудың алдын алуын күтеді.

Қазіргі кезде, BIOS-тың көптеген түрлері кездеседі. Бірақ, дербес компьютерге арналып көп таралғандары AwardBIOS, AMIBIOS және PhoenixBIOS.

AwardBIOS-2000 жылға дейін үлкен қолданыста болды. Ол көп мөлшердегі функциональды қалыпты қамтиды, яғни компьютермен жұмыс жасау кезінде орнатылуынан жақсы көрінеді. Қазіргі таңда AwardBIOS тек қана ескі компьютерлерде кездеседі, өйткені оның орнын қазір PhoenixBIOS басты.

AMIBIOS-барынша кең таралған BIOS. Қолданушыға компьютер құрылғысының жұмысына қажетті өзгерістер енгізуі үшін, онда көптеген өңдеулер бар.

https://ok-t.ru/helpiksorg/baza1/327875869085.files/image040.jpg

1-сурет. BIOS жүйесі

Phoenix BIOS өзінің ыңғайлы интерфейсі мен функционалдық қабілеттерінің арқасында көп таралған және танымал.

POST-тақшамен диагностикалау

POST Card - жүйелік тақшаның BIOS-ының өндірілген POST кодын көрсететін құрылғы. Әдетте POST Card PCI (немесе ISA) шинасының ағытпаларына орнатылатындай түрде болып келеді. Кейде LPT ағытпасына қосылатын, бейнешығысы бар, қоректену кернеуінің жағдайын және кейбір электр сигналдарын көрсететін индикаторлары бар арнайы POST Card-тар да кездеседі.

Қателіктің оқылуының бұл әдісін негізінен POST картаның сәйкес түрін иеленуді керек ететіндіктен, сервис орталықтарының мамандары қолданады.

https://ok-t.ru/helpiksorg/baza1/327875869085.files/image042.jpg

2-сурет. POST-тақшасы

POST Card құрылғысын жүйелік тақшалардың кейбір модельдерінде кездестіруге болады. Компьютер істен шыққан сәтте POST Card құрылғысына берілген коды арқылы жүйелік тақшаға орнатылған BIOS түріне қарай POST-кодының мағынасын ашуға болады.

Дыбыстық сигналдар

1-кесте AwardBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары

Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Дыбыстық сигналдар: Бір қысқа
Ақау: POST-тың дұрыс аяқталуы.
Ұсыныстар: Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру керек.
Дыбыстық сигналдар: 1 сигнал және бос экран
Ақау: Бейнекарта ақауы.
Ұсыныстар: Бейнекарта мен слот арасындағы байланысты тексеру керек.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + 1 қысқа
Ақау: Жедел жадының ақауы.
Ұсыныстар: Жедел жадыны орнату кезінде майысқан жерлердің жоқтығына көз жеткізу керек. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру керек.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + 2 қысқа
Ақау: Бейнекарта ақауы немесе монитор қосылған жоқ.
Ұсыныстар: Әдетте, мұндай қателік, монитор кабелінің қосылмай тұрғанын білдіреді. Егер монитор қосылып тұрса, бейнекартадағы слот байланысын тексеру.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + 3 қысқа
Ақау: Пернетақта ақауы.
Ұсыныстар: Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда оның істен шыққаны.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + көп қысқа
Ақау: BIOS миркосхемасының ақауы.
Ұсыныстар: Миркосхеманың байланыс алаңындағы байланысты тексеру.
Дыбыстық сигналдар: 2 қысқа
Ақау: CMOS параметрлері өзгерген немесе маңызды емес қателік.
Ұсыныстар: Аккумулятор батареясын ауыстыру керек.
Дыбыстық сигналдар: 3 ұзын
Ақау: Жүйелік тақшаның ақауы.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшадағы ақауларды тексеріп қарау. Нақты қатені анықтау үшін POST картаны қолдану.
Дыбыстық сигналдар: Бірқалыпты ұзын
Ақау: Жадының ақауы.
Ұсыныстар: Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақша құжаттамасынан жадының типтерін анықтау.
Дыбыстық сигналдар: Бірқалыпты қысқа
Ақау: Қоректену блогының ақауы.
Ұсыныстар: Желдеткіштің істеп тұрғанын тексеру. Кейбір жинақтауыштарды айыру арқылы жүктемені азайту.

2-кесте AMIBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары

Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Дыбыстық сигналдар: Бір қысқа
Ақау: POST- тың жақсы аяқталуы.
Ұсыныстар: Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру.
Дыбыстық сигналдар: Екі қысқа
Ақау: Жедел жадының ақауы.
Ұсыныстар: BIOS Setup-тан жұптық тексеруін айыру.
Дыбыстық сигналдар: Үш қысқа
Ақау: Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі.
Ұсыныстар: Жедел жадының үдеуі. Жады таймингттардың мағынасын ұлғайту.
Дыбыстық сигналдар: Төрт қысқа
Ақау: Жүйелік таймердің қателігі.
Ұсыныстар: Компьютерді қайта жүктеу.
Дыбыстық сигналдар: Бес қысқа
Ақау: Орталық процессордың ақауы.
Ұсыныстар: Процессорды ұяшығынан алып және оны кері қою. Егер де тестілеудің қатесі қайталанса, процессорды ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Алты қысқа
Ақау: Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы.
Ұсыныстар: Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Ұяшықтан контроллер чипі шығып кетуі мүмкін. Пернетақтаның қақпағын ашып, чипті суырып алып, қайта қою. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда пернетақтаның істен шыққаны.
Дыбыстық сигналдар: Жеті қысқа
Ақау: Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі) .
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Сегіз қысқа
Ақау: Бейнекарта немесе бейнежады ақауы, ол дұрыс қосылмаған, әлде жүйелік тақшамен сәйкес келмейді.
Ұсыныстар: Бейнекартаның слотындағы байланысты тексеру.
Дыбыстық сигналдар: Тоғыз қысқа
Ақау: BIOS қатесі, әлде BIOS микросхемасының зақымдануы. Бақылау сомасы қате.
Ұсыныстар: Микросхеманың байланыс ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер байланыс жақсы болса, BIOS-ты қайта тігуді қарап көруге болады.
Дыбыстық сигналдар: Он қысқа
Ақау: BIOS қатесі, BIOS- тағы мәліметтер жаңармайды.
Ұсыныстар: BIOS-тағы микросхема зақымдалған болуы мүмкін немесе бір бөлігі қондырғыдан шығып кеткен. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмыс жасауды жалғастыруға болады.
Дыбыстық сигналдар: Он бір қысқа
Ақау: Жүйелік тақша ақауы, кэш-жады микросхемасы зақымдалған.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Бір ұзын + үш қысқа
Ақау: Жедел жады қателігі, жады модулі дұрыс орнатылмаған немесе жүйелік тақша бұл тип жадысын қабылдамайды.
Ұсыныстар: Модульдегі ілмекті тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқу және қабылдайтын жады типін анықтау.
Дыбыстық сигналдар: Бір ұзын + көп қысқа
Ақау: Бейнекартаны тексеру кезіндегі қателік, дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмейді.
Ұсыныстар: Бейнекарта слотының байланысын тексеру. Слоттың жұмыс қабілетін тексеру үшін, басқа бейнекарта орнатып көру.

3-кесте Phoenix BIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары

Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Дыбыстық сигналдар: Бір қысқа
Ақау: POST жұмысының дұрыс аяқталуы
Ұсыныстар: Операциялық жүйенің жүктелуін күту және компьютерде штаттық режимде жұмысты жалғастыру
Дыбыстық сигналдар: Екі қысқа
Ақау: Жедел жады тестісінің қатесі.
Ұсыныстар: Жедел жадының орнатылуы кезінде қиылыс жоқ екенін тексеру. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру.
Дыбыстық сигналдар: Үш қысқа
Ақау:
Ұсыныстар:
Дыбыстық сигналдар: Төрт қысқа
Ақау: Жүйелік тақша ақауы (жүйелік таймердің қателігі) .
Ұсыныстар: Компьютерді қайтадан жүктеу. Егер ақаулық жойылмаса, жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Бес қысқа
Ақау: Процессордың ақауы болуы мүмкін.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Алты қысқа
Ақау: Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы.
Ұсыныстар: Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру.
Дыбыстық сигналдар: Жеті қысқа
Ақау: Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі) .
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Сегіз қысқа
Ақау: Бейнекарта немесе картадағы бейнежады ақауы, карта дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшаға сәйкес келмейді.
Ұсыныстар: Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру.
Дыбыстық сигналдар: Тоғыз қысқа
Ақау: BIOS-тағы қате немесе BIOS микросхемасы зақымданған.
Ұсыныстар: Микросхеманың ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер ақау реттелмесе, оны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: Он қысқа
Ақау: BIOS-тағы қате, BIOS-тағы мәліметтер жаңартылмайды.
Ұсыныстар: BIOS микросхемасы зақымдалған немесе ұяшықтан шығып кеткен. Ұяшықтағы байланысты тексеру. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмысты жалғастыруға болады.
Дыбыстық сигналдар: Он бір қысқа
Ақау: Жүйелік тақша ақауы, кэш- жадының микросхемасы зақымдануы мүмкін.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + 3 қысқа
Ақау: Жедел жады қателігі, оның дұрыс орнатылмағанынан немесе жүйелік тақша мұндай жады типін қабылдамауынан болуы мүмкін.
Ұсыныстар: Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқып, жадының қолданатын түрін білу.
Дыбыстық сигналдар: 1 ұзын + көп қысқа
Ақау: Бейнекартаның тексеру кезіндегі қателігі, оның дұрыс қосылмауынан немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмеуінен.
Ұсыныстар: Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру.
Мәтіндік сигналдар

4-кесте AwardBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу

Мәтіндік хабарлама
Ақаулар
Ұсыныстар
Мәтіндік хабарлама: CMOS battery has failed
Ақаулар: CMOS жадысымен қоректенетін, аккумулятор батареясындағы ақау.
Ұсыныстар: Аккумулятор батареясын жаңасына ауыстыру.
Мәтіндік хабарлама: CMOS checksum error
Ақаулар: BIOS тағы мәліметтердің қорытынды қосындысы дұрыс емес. Мәліметтер бұзылған.
Ұсыныстар: Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-тан мәліметтерді қайта сақтау.
Мәтіндік хабарлама: Disk boot failure, insert system disk and press enter
Ақаулар: Операциялық жүйенің қате жүктелуі. Жүктегіш дискі табылмады.
Ұсыныстар: Қатқыл дискідегі негізгі жүктеме жазбасы бұзылған (МВR) . Жүйелік дискетамен немесе жүйелік дискімен жүктелу. Жүйелік файлдарды және МВR-ды қалпына келтіру және орнату.
Мәтіндік хабарлама: Diskette driver or types mismatch error-run setup
Ақаулар: BIOS мәліметтерімен компьютерге орналастырылған диск-жетектерінің модель арасындағы байланыс сәйкес емес.
Ұсыныстар: BIOS Setup-қа еніп, диск-жетектерге дұрыс параметрлерді енгізу.
Мәтіндік хабарлама: Display switch is set incorrectly
Ақаулар: Бейне параметрлері мен монитордың арасындағы байланыс сәйкес емес.
Ұсыныстар: BIOS Setup-қа еніп, (EGA\VGA) бейненің дұрыс параметрлерін орнату.
Мәтіндік хабарлама: Display type has changed since last boot
Ақаулар: Соңғы жүктеу уақытынан бастап монитор типі BIOS-тағы жазбамен сәйкес келмеді.
Ұсыныстар:
Мәтіндік хабарлама: ELSA configuration checksum error
Ақаулар: ELSA бақылау қосындысы қате.
Ұсыныстар: ELSA Сonfiguration Utility -ды қосу.
Мәтіндік хабарлама: ELSA configuration is not complete
Ақаулар: ELSA туралы ақпарат толық емес.
Ұсыныстар: ELSA Сonfiguration Utility -ды қосу.
Мәтіндік хабарлама: Error encountered initializing hard drive
Ақаулар: Қатқыл дискідегі инициализациялау қателігі.
Ұсыныстар: Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру.
Мәтіндік хабарлама: Error encountered initializing hard drive controller
Ақаулар: Қатқыл дискі контроллерінің инициализациялау қателігі.
Ұсыныстар: BIOS Setup-тан қатқыл дискінің параметрлерін тексеру. Егер ол анықталмаса, қатқыл дискідегі маңдайшаны тексеру.
Мәтіндік хабарлама: Floppy drive controller error or no controller present
Ақаулар: Иілгіш дискі контроллерінің инициализациялау қателігі.
Ұсыныстар: Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру; BIOS Setup параметрлерін тексеру.
Мәтіндік хабарлама: Invalid EISA configuration
Ақаулар: ELSA туралы ақпарат толық емес.
Ұсыныстар: ELSA Сonfiguration Utility -ды қосу.
Мәтіндік хабарлама: Keyboard error or no keyboard present
Ақаулар: Пернетақтаның инициализацилау қателігі немесе пернетақта қосылмаған.
Ұсыныстар: Қосу ұяшығының байланысын тексеру.
Мәтіндік хабарлама: Memory address error at
Ақаулар: адрес бойынша жедел жадының қателігі.
Ұсыныстар: Жады модулін ауыстыру.
Мәтіндік хабарлама: Memory parity error at
Ақаулар: Жедел жады жұптығының қателігі.
Ұсыныстар: Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup -та жады жұптығын айыру.
Мәтіндік хабарлама: Memory size has changer since last boot
Ақаулар: BIOS -тағы жедел жады өлшемінің берілгендері ағымдағы орнатылған жадыға сәйкес келмейді.
Ұсыныстар: ELSA Сonfiguration Utility -ды қосу.
Мәтіндік хабарлама: Memory virify error at
Ақаулар: адрес бойынша жедел жадыны тестілеу қателігі.
Ұсыныстар: Жады модулін ауыстыру.
Мәтіндік хабарлама: Offending address not found
Ақаулар: Жедел жады контроллерінің қателігі.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Мәтіндік хабарлама: Offending segment
Ақаулар: Жедел жады контроллерінің қателігі.
Ұсыныстар: Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Мәтіндік хабарлама: Press a key to reboot
Ақаулар: Компьютерді қайта жүктеуін талап ететін қателік пайда болды.
Ұсыныстар: Кез келген пернені басыңыз.
Мәтіндік хабарлама: Press F1 to disable NMI, F2 to reboot
Ақаулар: Жасырынды үзілім қателігі.
Ұсыныстар: Компьютерді қайта жүктеу үшін F2 пернесін басу.
Мәтіндік хабарлама: Ram parity error- checking for segment
Ақаулар: Жедел жады жұптығының қателігі.
Ұсыныстар: Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup -та жады жұптығын айыру.
Мәтіндік хабарлама: Should be empty but EISA board found
Ақаулар: BIOS-та идентификаторы жоқ кеңейту картасы табылды.
Ұсыныстар: ELSA Сonfiguration Utility -ды қосу.
Мәтіндік хабарлама: Should have EISA board but not found
Ақаулар: Орнатылған карталардың біреуі бөлінген идентификатор сұранысына жауап бермейді.
Ұсыныстар:
Мәтіндік хабарлама: Slot not empty
Ақаулар: Бос және толық слоттардағы мәліметтер ағымдағы бөлінген слоттармен сәйкес келмейді
Ұсыныстар:
Мәтіндік хабарлама: Wrong board in slot
Ақаулар: Идентификаторы дұрыс емес карта табылды.
Ұсыныстар:
Мәтіндік хабарлама: System halted, (CTRL-ALT-DEL) to reboot
Ақаулар: Жүйе «тұрып қалды», қайта жүктеу керек.
Ұсыныстар: Компьютерді қайта жүктеу.

5-кесте AMIBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу


Ұқсас жұмыстар
Жадының ақауы
Жад параметрлерін өзгерту
Жедел жад құрылғысы
Аналық тақша
Қатқыл диск
Мәтінді тер
Компьютерден тапсырмалар
Инклюзивті оқыту
Салқындату жүйесінің диагностикалау
Табиғи радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz