1-сынып: Біздің кафеде - сөздерді тасымалдау, тыңдалған мәтінді түсіну және орфоэпия

Сынып: 1
Сынып: 1: Сабақтың тақырыбы
: Біздің кафеде. Тасымал.
Сынып: 1: Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
:

1. Сөздерді дұрыс тасымалдай білу

2. Тыңдалған материал бойынша сұрақтар қоя білу

3. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сынып: 1: Сабақтың мақсаттары
:

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Сынып: 1: Жетістік критерийлері
:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Сынып: 1: Құндылықтарды дарыту
: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Сынып: 1: Пәнаралық байланыс
: Өнер, ана тілі, математика сабағы
Сынып: 1: АКТ қолдану дағдылары
: Аудиожазба, таныстырылым.
Сынып: 1: Тілдік құзыреттілік
:
Сынып: 1: Сабақ барысы
Сынып: 1: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сынып: 1:

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Бір-бірімізге күлімдейміз. Ендеше осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
Шаттық шеңбері
Сынып: 1: Миға шабуыл
:

-Дыбыс деген не?

-Әріп деген не?

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дауысты дыбыстарды ата?

-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

Сынып: 1: Өткен сабақ
:

-Балалар біз өткен сабақта буын туралы өткен болатынбыз. Олай болса ережені еске түсірейікші.

Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: ақ, уа-қыт, жү-рек.

Тапсырма: «Буын санын анықта»

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Слайд

Суреттер

Сынып: 1:

Жңа сабақ

8 минут

:

Тапсырма: «Ойлан, тап»

І топ: Суретті сөзжұмбақ

ІІ топ: Ребус шешу

ІІІ топ: Тізбектелген әріптер

ІV топ: Әріпті есептер

Бүгінгі сабақта тасымал туралы үйренетін боламыз.

Оқулығымызға назар аударайық.

Әли мен Мерейдің диалогы.

Біздің кафе бұрышын жасақтау.

Топтарға ат қою.

І топ: Бауырсақ

ІІ топ: Айран

ІІІ топ: Балқаймақ

ІV топ: Ірімшік

1-жаттығу

Өлеңді тыңда. «Қайдан келдің, бауырсақ?»

Өлең мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қою.

Ережені шығару.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады.

2-жаттығу

Сөздерді тасымалдап жаз. Бидай, дастархан, диқандар.

Би-дай, дас-тархан, дастар-хан.

«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Сөзжұмбақ, ребус

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Айран, бауырсақ, ірімшік, балқаймақ

Слайд

Сынып: 1:

Сергіту сәті

1 минут

: «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін сахналау
Қуыршақ, бауырсақ
Сынып: 1:
:

3-жаттығу

Мына сөздерді тасымалдауға бола ма?

Ай, күн, тай, бұлт, жент.

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, күрт, жұрт т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия т. б.

Сынып: 1:
:

Шығармашылық тапсырма: әр топ топтың атауын тасымалдап көрсетеді.

І топ: Бауырсақ

ІІ топ: Айран

ІІІ топ: Балқаймақ

ІV топ: Ірімшік

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Сынып: 1:

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

:

4-жаттығу

Үлгіге қарап, жарнама жазып көріңдер.

Жарнама

Өз сыныптарыңда кафе бұрышын ашқыларың келсе, біз көмек беруге дайынбыз.

Оқулық, дәптерлер.
Сынып: 1:

Сабақтың соңы

2 минут

:

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Картинки по запросу микрофон Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

Микрофон

Ұқсас жұмыстар
1-сынып Ана тілі сабағы: Алматы қаласы және сөздерді тасымалдау
Су - табиғат құбылысы: тыңдалған мәтінді түсіну мен есімдіктің сөйлемдегі қызметі (6-сынып сабақ жоспары)
Отан туралы өлең арқылы отан ұғымын қалыптастыру және сөздерді тасымалдау дағдыларын дамыту
5-сынып Қазақ тілі сабағы: Сөйлеу мәдениеті - мәтінді түсіну, амандасу және буын үндестігі
1-сынып ана тілі сабағы: Әліпби және Түлкі мен тырна ертегісі арқылы мәтінді түсіну, сұрақ-жауап және жазу дағдыларын қалыптастыру
Құмырсқаның қанағаты: мәтінді түсіну, ойлау дағдыларын дамыту және еңбекқорлыққа тәрбиелеу
5-сынып - Жол қауіпсіздігі ережелері: мәтінді түсіну және ақпаратты анықтау мақсатындағы жаңа материалды меңгерту сабағы
4-сынып Ана тілі сабағы: Өнеге (ертегі) - мәтінді түсіну, ой қорытындылау және тәрбиелік мақсаттары
1-сынып ана тілі: Біздің ту тақырыбындағы сабақ жоспары
3-сынып: Қазақ тілі - О, туған тіл! Сөз құрылымы, дыбыс-әріп талдауы және мәтінді түсіну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz