К дыбысы мен әрпі: мектепке дейінгі және бастауыш деңгейге арналған сабақ конспектісі

ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Конспект

Тақырыбы: «К дыбысы мен әріпі»

Дайындаған: Темиралиева Д.

Тексерген:Каракаева А.

Ақтау-2023

Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

БМ : К дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту. Ойын арқылы сөздік қорларын байыту. Буын туралы түсініктерін кеңейтіп, сөзге дыбыстық талдау жасай білу қабілетін арттыру.

ДМ: Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай білу арқылы тілін дамыту. Оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: топтастыру, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: суреттер, тақия, гүлдер, көбелек, кеспе буындар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, аналарына деген тілектерін ағашқа жапсырады.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгіліндегі қандай мерекелер бар?

Балалар жауабы.

Балаларды гүлдер арқылы топқа бөлу.

2. Өткен сабақты пысықтау.

- Балалар, әріптер біздің достарымыз. Әріптер бізге жазуды, оқуды үйретті. Олай болса алған білімімізді ортаға салайық.

Сабақ басталмас бұрын, сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Естілгенмен құлаққа,

Көрінбейді бірақ та. (Дыбыс)

Ал дыбыс дегеніміз не? Дыбысты немен таңбалаймыз?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Балалар жауабы.

Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

К дыбысы қандай дыбыс? К дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.

Көбелек, көктем, көгершін, көк, кептер т. б.

ІІ Негізгі бөлім.

«Сиқырлы тақия» ойыны. Шарты: Тақия астында жасырынған буындарды оқу.

Өлең жаттау.

Көк көйлек, көк көбелек,

Көздері дөа дөңгелек

Гүл көрсе күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Сюжетті суреттерге әңгіме құра.

Жұмбақ жасырайық.

Гүл үстінде әдемі,

Төрт жапырақ биледі.

Жұлып алайын деп едім,

Ұстатпай ұшып кетті.

-Көбелек сөзі қандай дыбыстан басталады? Буынға бөліңдер.

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам. (Көбелектерді гүлге қондыру. )

Тақтаға екі топқа Көбелек, көктем сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасайды.

Түлкі тапсырмасы:Сөзжұмбақ шешу.

(Көкек, көркем, күн)

ІІІ Қорытынды: Түлкінің тапсырмасын дұрыс шештіңдер, жазуларың әдемі болыпты. Олай болса, әдемі көбелектің әдемі сыйын қабыл алыңдар, осы гүлдей өмірлерің жарқын болсын.

Түлкі жұлдызшалар таратады.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған К дыбысы мен әрпі бойынша сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабақ жоспары: К дыбысы мен әрпі
Мектепалды даярлық тобына арналған С дыбысы мен әрпі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Сауат ашу сабағының конспектісі: А дыбысы мен әрпі
Б дыбысы және әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған К дыбысы мен әрпінің жаңа сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Гг әрпі мен дыбысы
Бастауыш сынып сабақ жоспары: Ю дыбысы мен әрпі
О дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Б дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz