Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қорғалжын қорығы туралы терең насихаттау

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: ЭББ<<Қызғылт ғажайып фламинго>>
Білімділік мақсаты: табиғат жөніндегітүсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат - тіршілік көзі екенін түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке қамқорлыққа баулу;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың таным белседілігін арттыру, ойын, тілін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Қорғалжын қорығы туралы терең насихаттау.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойды дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Қорғалжын қорығы туралы қоқиқаз бейнеленген слайд, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын айқындау үшін интербелсенді тақтаға назар аударайық. (Қорғалжын қорығы және қоқиқаз бейнеленген слайд).
Оқушылардың жауаптары: Қорғалжын қорығында әлемде Солтүстіктегі ең ірі қызыл қанат қоқиқаз - фламинго ұя салып,балапанын қанаттандыратын бірден бір өңір осы. Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО - ның Бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.
Мұғалім: Кең байтақ дала басқан құла кеңістік - Астана айналасының басты табиғи ерекшелігі. Осынау кеңістік түкпірінде Қорғалжын мен Теңіз сияқты жұмақтай екі өзенмен әспектелген, бойына табиғаттың бар шынайы сұлулығын сіңірген Қорғалжын қорығы жасырынып тұр. Қорықтың ең көрікті, әрі баға жетпес басты байлығы - табиғаттың ең әдемі жаратылған құсы - қызғылт қоқиқаздар. Қорғалжын қорығы осынау ерекше құстардың жер бетіндегі ең қиыр Солтүстікте орналасқан жалғыз мекені саналады.
Қорғалжын қорығы Қазақстан табиғатының аңызға айналған бір пұшпағы. Орналасқан жері мен шекарасы: Ақмола облысы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандары, Қарағанды облысы Нұра аудандары шекарасы, Теңіз, Қорғалжын көлдері арқылы жүреді.жалпы көлемі 258,963 га, сумен қамтамасыз етілген жерлер 150 000 га. Ол Республикадан тыс елдерде де кеңінен мәлім. 1974 жылы бұл қорық суда жүзетін құстар үшін аса ауқымды маңызы бар Рамсар су - балдырлы жайылымдық өңірлер жүйесіне енгізілген. Бұл Азиядағы өңірде құс жұмыртқалап, балапан өсіретін ең ірі аймақ. Қызыл кітапқа енген қанаттылар мұнда өте көп. Кекілді бір қазандардың 60 % жуығы осы қорықта. Теңіз көлінің тақталарында әлемде Солтүстіктегі ең ірі қызыл қанат қоқиқаз - фламинго ұя салып, балапанын қанаттандыратын бірден - бір өңір осы. Қорық аймағында (ол 260 мың гектарға жуық) далалық өсімдік түрлерінің 25%,Орталық Қазақстанда өсетін сүтқоректілердің 50% мекендейді. 2000 жылы Қорғалжын қорығы әлемнің әйгілі өміршең көлдерінің тізіміне қосылып, ЮНЕСКО - ның Бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.
1 - ші жүргізуші: Қорғалжындағы табиғат мұражайының даңқы кең жайылуда. Өйткені, жарқыраған айнакөлдер, жамыраған қалың құс базары, шығар күн мен күн батар шақтағы ғаламат суреттер, кеңістік толы әсем бояулар бір көрген адамның есінен өмірі кетпейді. Қорғалжынның көлдері алтын сары бояуы таймайтын алып даланың алқасы сияқты.
Дарынды оқушының дайындаған бейнежазбасы.
Қоқиқаз - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек сирек кездесетін құс. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып, сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап ұя салып жұптарын жазбайды. Ұядағы екі - үш жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда қаннан тұратын ашық қызыл түсті сұйықтық тамшылап ағады екен.Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған бір - екі тәрбиеші қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруы адамдарды таң қалдырмай қоймайды.
2 - ші жүргізуші: Қорғалжын халық аз қоныстанған және шаруашылық іс - әрекетпен аз өзгерген далалы және көлді өлке. Онда біздің ата - бабамыз қызықтаған тұңғыш ландшафт сақталған, жарқын ұлттық реңкі бар өлке.
1 - ші жүргізуші: Қорғалжын Қазақстаннның дәл жүрегінде орналасқан. Орасан ашық кеңістік таң қалдырады, шөптердің гүлдеу уақытында тәуелді өз реңін өзгертетін, даланың өзіндік хош иісі мәңгі есіңізде қалады. Бірегей ландшафт тиісілмей дерлік сақталған.
2 - ші жүргізуші:Өзіндік ландшафт, жануарлардың бай әлемі,жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы, көне ескерткіштердің болуы, жарқын ұлттық реңкі бар өлке, республикадағы осы заманғы ірі визит - орталық жыл сайын мұнда біздің республикамыздың тұрғындары мен шетелдік туристерді тартады, олардың саны жылдан жылға өсуде.
1 - ші жүргізуші: Су қоры: Теңіз, Қорғалжын көлдеріне Нұра және Құланөтпес өзендері құйылады. Өзендер өз кезегінде қардың еруімен арнасын толтырады. Көлдер тұщы сулы болып келеді. Нұра Орталық Қазақстан аймағындағы ең үлкен өзен болып саналады. Оның бассейні Қазақстанның орталық бөлігін алып жатыр. Қарағанды мен Ақмола облыстарының жерін басып өтеді. Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 910 км. Басқа өзендердің ішінде Нұра ғана толасыз ағады. Мұның өзі өзеннің өң бойының тұщы сулы сулы болып сақталуына жағдай туғызады. Өзеннің суы маңайындағы суармалы алқаптарды суаруға, адамдардың демалуына,балық аулауға пайдалынады.
Оқушылар <<Нұра туралы аңыз>> атты көрініс қояды.
Көрініс кейіпкерлері: Жүргізуші - Гүлназ, Сарыарқа Ана - Зарина, Есіл - Еламан, Нұра - Аружан, Теңіз - Аяулым, Жалмауыз жын - Аяжан.

Жүргізуші:
Сан ғасырларбұрын Сарыарқа Ананың екі баласы болыпты - тынық Есіл мен шапшаң, тынымсыз, жайдарлы, әрі сұлу Нұра. Күндердің бір күнінде аналары оларға былай депті:
Cарыарқа Ана: <<Балаларым, ұшып өткен құстардан естіп едім, Теңіз аталарың мүлдем құрғай бастапты, жағаларын өлі тұз басып, құстар оған тоқтауды қойыпты, ұя салып, балапан да шығармайды, маңайында қиқулап- саңқылдаған құс дауысы естілмей, айналасын мұңды тыныштық басыпты... Жөнеліңдер, балаларым, оны жас, таза мөлдір сумен толтырыңдар...>>
Жүргізуші: Содан Есіл мен Нұра сонау батыста аласа дөңдердің арасында жатқан алып, тәкаппар Теңізге қарай бет алды.
Алайда, жолдың ортасында Есіл Нұра қарындасына былай деп тіл қатты:
Есіл: <<Бұл кең жазық далалардан, желдерден, ыстықтан қажыдым... Мен енді ну ормандары бар, Теңіздің теңі емес Солтүстік Мұзды Мұхит жатқан солтүстікке беттеймін...Бұдан былай оған қызмет етемін...>>
Жүргізуші: Осыдан кейін ол Сібірдің ормандарына бұрылып, суы мол Ертіске құйылды.
Ал Нұра болса, өз жолын жалғастыра берді... Ол дем алып тоқтаған жерде Ұялы, Біртабан-Шалқар сияқты көлдер пайда болды. Жылы сулары балыққа толып, қалың қамыстарында құстар мен аңдар азық тауып, мекен етті, осылайша бұл жерде тіршілік қызу қайнады.
Бірақ Теңізге қолсозым жерде, жалмауыз жын Нұраның жолын бөгеп қатал дауыспен: <<Енді маған қызмет етесің, әрі қарай жібермеймін>> дейді.
Жүргізуші: Нұра жынның тұтқынында болған кезінде, бұл жерде жын - перінің мекені, үлкен тұщы Қорғалжын көлі түзілді.
Бір күні тапқыр, әрі шапшаң Нұра ойланып, ақыры жынды алдап соғып, тұтқыннан қашып құтылды. Жын оны қуып жетуге тырысып, бір уыс топырақты алып (бұл жерде кейін Асаубалық көлі пайда болды), Нұраның жолының ортасына тастады. Бұл топырақ жерге арал болып түсіп, енді Базарал деп аталып жүр. Бірақ бұл бөгетке де қарамай, Нұра алып Теңізбен кездесіп, қуаңшылықтан жарылған жағаларын тірілтіп, арнасын басқан өлі тұзды ерітті. Осылайша оған қайта өмір оралды. Бұдан былай бұл жерде көшіп-қонатын сансыз көп құстар көбейіп, күш-қуат жинау үшін тоқтайтын болды. Тіпті қоқиқаз сияқты тропикалық құс бұл жерден азық тауып, мекен ете бастады.
Мұғалім: Нұра мен оның түзеген көлдерінің жағаларында оның осы далаға жасаған бар жақсылығын үлкен алғыспен еске алып, адамдар өмір сүруде. <<Нұра>>таза деген мағынаны білдіреді. Шынында да оның өткендегі және қазіргі істері мен ойлары таза.
Бір қиыны - осы Нұраның суы мен өзен табаны техногендік қалдықтармен ластанып бара жатыр.

Қорытынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі №746 қаулысымен <<Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы>> Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес <<Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы>> <<Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қамалдар мен мемлекеттік табиғат ескерткіштер туралы>> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №877 қаулысына сәйкес табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілді.

Ұқсас жұмыстар
Қорғалжынның көркі-қоқиқаз
Қорықтар. қызыл кітап
Қорықтар
Тақырып Қазақстан қорықтары
Таулы аймақ қорықтары
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Қорықтар неге керек?
Табиғатым – тағдырым жайлы
Қорықтың мақсаты
Қорықтың аты
Пәндер