Ана - тіршіліктің тірегі: аналарға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Түркістан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы
« Ана-тіршіліктің тірегі ! »
Сынып жетекшісі: Дуйсеева П.
Білімгер практикант: Пахир Г.
Сынып: 10 «Ә» сыныбы
Түркістан-2023ж
Сабақтың тақырыбы : Ана-тіршіліктің тірегі !
Мақсаты: : Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру.
Әдісі : Ауызша баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс жүргізу, топтық жұмыс.
Көрнекілік: QR-смартфон, генератор әдісі, нейрожүйе, фри әдісі, google әдісі, нақыл сөздер, қабырға газеттері, презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен сәлемдесу
В) Оқушыларды сергіту сәті
С) Оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Кіріспе сөз:
1 Жүргізуші: Сәләметсіздерме құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар !!!Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Топқа бөлу
2. Жүргізуші: Ана, Ана, Ана! . . . не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған.
Сергіту сәті
3 Жүргізуші:
Ана туралы видео
https://youtu. be/x3cCG1FjApg түсінік
Генератор және Фри әдісі ойын
Мақалды жалғастыр ойыны:
1 Ақ шашты ана: "жастығым - балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім - анам" дейді.
2 Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
3 Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
4 Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
5 Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
6 Ана алақанының аясы -
Ақ шынардың саясы.
9 Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал.
8 Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
7Алып анадан туады,
Ат биеден туады.