Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мінездеменің екінші данасы

№ 27 күні: 06.05.2020ж тобы: 23 АЖ
Пәні: Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Сабақтың тақырыбы: Мінездеме, оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мінездеме, оның түрлері туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: Мінездеме құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру.
2) Дамытушылық: Шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру және олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Мінездеме, оның түрлері.
Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме -- мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Аттестациялық мінездеме
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.
Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".
Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

Үлгімен танысыңыз.

Қазақ техникалық университетінің
ассистент-профессоры
Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

Мінездеме
Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Yenлты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.
Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Тау-кен металлургия институтының директоры,
т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы

Айы* күні, жылы

Тапсырмалар
Тест
Мінездеме.
1.Көкшетау тыныс алу аппараттарын жасау зауытының инженер-конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке деп -----------басталады.
а) анықтама
b) мінездеме
с) хабарландыру
d) түсініктеме
е) қолхат
2. Белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.
а) қолхат
b) мінездеме
с) сенімхат
d) өмірбаян
е) түйіндеме
3. Мінездеменің үшінші данасы----------- беріледі
а) басшыға
b) іске
с) тіркеушіге
d) жұмысшыға
е) мекемеге
4. Мінездеме қажеттілігіне қарай басқа----------сұраттырған жағдайда беріледі.
а) басшы
b) мекеме
с) жұмысшы
d) аудармашы
е) тіркеуші
5. <<Мне 35 лет>> тіркесінің қазақ тіліндегі қай баламасы дұрыс
а) мен отыз бес жастамын
b) маған отыз жаста
с) менің отыз беске
d) мен отыз бесте
е) мен отыз бестен
6. <<Казахским языком владею в совершенстве, на английском и арабском могу объясняться>> тіркесі үшін баламалардың қайсысы дұрыс
а) қазақ, араб және ағылшын тілдерін білемін
b) қазақ тілін күшті, ағылшын және араб тілдерін аздап білемін
с) қазақ тілін жетік білемін, ағылшын және араб тілдерінде тусінісе аламын.
d) қазақ тілінде сөйлей аламын, ағылшын және араб тілдерінде жаза аламын.
е) қазақ тілін жетік білемін, ағылшын және араб тілдерін түсінікті білемін.
7. Мінездемеге---------қол қояды
а) мекеме
b) мекеме басшысы
с) қызметкер
d) тіркеуші
е) аудармашы
8. Мінездеменінің бірінші данасы---------жіберіледі
а) іске
b) жұмысшыға
с) сұратқан жерге
d) кеңсеге
е) басшыға
9. Мінездеменің-------------және----------- түрлері бар
а) функционалдық
b) аттестациялық
с) қызметтік
d) функционалдық, хронологиялық
е) аттестациялық, қызметтік
10. Мінездеменің екінші данасы-----------тігіледі
а) мекемеге
b) жеке бас іс - қағазына
с) жұмысшыға
d) мекеме басшысына
е) кеңсеге
11. Мінездеменің ------------түрі бар
а) бір
b) екі
с) үш
d) төрт
е) бес
12. Мінездеменің берілу себебі------------ жазылады
А) соңында
b) басында
с) ортасында
d) сол жағында
е) оң жағында
13. Мінездеме------------данада бастырылады
а) бір
b) екі
с) үш
d) төрт
е) бес
14. Мінездеме құрылымының үзіндісін көрсетіңіз
а) ____________берілетін адам туралы қысқаша мәлімет
b) ____________ беретін _________//_______//__________//______
с) __________ берген ________//_________//_______//___________
d) __________ бермеген ________//_________//_______//_________
е) __________ жазған________//_________//_______//___________

15.Мінездеменің үзіндісін көрсетіңіз
а) Мені хатшы ретінде жұмысқа алуыңызды сұраймын
b) дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын
с) мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады
d) филология факультетінде оқиды
е)тілші болатын ойым бар
16.___________адам туралы қысқаша мәлімет
а) ____________ берілетін_________//_______//__________//______
b) ____________ беретін _________//_______//__________//______
с) ____________ берген _________//_______//__________//______
d) ____________ бермеген _________//_______//__________//______
е) ____________ жазған_________//_______//__________//______
17. Мінездеме үзіндісін көрсетіңіз
а) Көкшетау қаласындағы орталық емхананыңдәрігері 1988-2004 ж.
b) Көкшетау <<Тыныс>> АҚ инженер конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке
с) Мен Мұрат Асхатұлы Әлиев, Көкшетау <<Тыныс>> АҚ инженер конструкторымын
d) Мұрат Асхатұлы Көкшетау <<Тыныс>> АҚ инженер- конструкторымын
е) Мен, Мұрат Асхатұлы Әлиев, <<Тыныс>> АҚ инженер конструктор болып істеймін
18.Қызметтік, аттестациялық ненің түрлері?
а) мінездеменің
b) сенімхаттың, қолхаттың
с)келісімшарттың, кепілхаттың
d) өтініштің, арыздың
е) өмірбаянның
19.Мінездеменің анықтамасын көрсетіңіз
а) __________ - талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат
b) _________ -белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат
с) _________ -қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөніндегі басшыға жазылған құжат.
d)__________ - белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрайтын хат
е)_________ - мекеме басшысының атына жазылған құжат.
20. Мінездеме берушінің қолы тұрған орынға не қойылады?
а) штамп
b) мөр
с) келісім туралы сөз
d) растайтын жазба
е) штамп, мөр бірге

Практикалық жұмыс
Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну туралы мінездеме жазыңыз.

Үйге тапсырма:
Сырттай оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.

Ұқсас жұмыстар
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
<<мейірімді жүрек>>
Шаталов әдістемесінің және технологиясының мәні
Жүктің бағасы
Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Әліппеге рақмет!
Сын есімнен өткенді қайталау. Қайталау, сұрақ- жауап, талдау
Оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту
Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп балабақшасының биология кабинеті
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау
Пәндер