5-сыныптағы Ана тілі сабағының жоспары: тақырыпты болжау, тыңдалым және ауызша-жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту

5. 1. 1. 1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5. 1. 5. 1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
- Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды.
- Ақпаратты салыстыру арқылы түсінеді
- Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды.
Сабақтың басы
5 минут
5минут
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен саған сенемін» жаттығуы.
Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір-біріңізге «Мен саған сенемін, өйткені…» деп сөйлемді жалғастырыңыз.
Тыңдалым алды тапсырма. Қызығушылықты ояту. Суреттерге қарап болжам жаса. Берілген тірек сөздерді байланыстыр.
Тірек сөздер: тіл, сөйлеу, ауызша, жазбаша
Тапсырма:
1. Тірек сөздердің мағынасын дұрыс аш;
2. Түсінігіне сай болжам жаса. (оқушылардың жауабы тыңдалады) .
Берілген ана тілі туралы даналық сөздерге тиісті сөздерді таңдап, мағынасын ашыңдар.
Дескриптор:
- Тірек сөздердің мағынасын ашады;
- Түсінігіне сай болжам жасайды;
- ана тілі туралы даналық сөздерге тиісті сөздерді таңдап, мағынасын ашады;
- тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді.
ҚБ Жауап берген оқушылар 2 ұпай иеленеді. /2 ұпай/
Жаңа сабақ тақырыбы анықталады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийімен таныстырады.
Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Суреттерге қарап болжам жаса. Берілген тірек сөздерді байланыстыр.
Берілген ана тілі туралы даналық сөздердің мағынасын ашады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау
«5» - 9-10 ұпай;
«4» - 7-8 ұпай;
«3» - 5-6 ұпай.
Сабақтың ортасы
30 минут
Тыңдалым тапсырмасы.
1. Мәтінді түсініп оқыңдар (1-тапсырма. 8-бет) .
2. Оқылым барысында сіз болжаған түйінді 3 тірек сөзбен өлеңнің негізгі ойын салыстырыңыз (Өз бетінше жұмыс) .
3. Оқу барысында таныс емес сөздердің астын сыз.
3. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, кестеге жазыңдар.
Дескриптор:
- мәтінді түсініп оқиды;
- 3 тірек сөзбен мәтіннің негізгі ойын салыстырады;
- таныс емес сөздердің астын сызады;
- Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
- ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптасады.
ҚБ Дескритор бойынша барлық қадамды орындаған оқушылар
4 ұпай иеленеді. /4 ұпай/
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Ой толғаныс. «Бір минут» әдісі
Жеке жұмыс
Тірек сөздер: тіл, ана, халық