10-сынып: Абай Құнанбаевтың қара сөздерін талдау және Ақыл, қайрат, жүрек туралы эссе жазу

Сабақ жоспары
- Көтерілген мәселені талдайды;
- Шығарма жазады;
Лексикалық бірліктер
:
- Ғақлия - көркем, дана сөз
- ғибадат - құлшылық ету, сиыну
- мәдмәладқа жету - мақсатқа жету
- ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі.
- нәпсі - құмарлық
- залал - зиян
- күнәкәр - күнәлі болу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;
Сабақтың басы
5 минут
5 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар назарын сабаққа аудару
- Кезекшімен сұхбат
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
Он жетінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.
https://www. youtube. com/watch?v=ClmZ2bIfS3w
(00:00-05:12)
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
5 минут
Оқушыларды 4 топқа бөлу:
1-топ «Қайрат»
2-топ «Ақыл»
3-топ «Жүрек»
4-топ «Ғылым»
Тапсырма №1
Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша қара сөзде көтерілген мәселені талдау.
Дескритпор
- Көтерілген мәселені анықтайды;
- Мәселенің өзектілігін табады;
- Қарама-қайшылықтарды анықтайды;
- Көзқарасын білдіреді;
Тапсырма №2
Оқушылар көтерілген міселені талдаған соң,
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, . . . » тақырыбында эссе жұмысын жазу.
Дескриптор
- Құрылымдық ерекшелігін сақтайды;
- Тақырыпты ашады;
- Ойын дәлелдеуде аргументтер келтіреді; (кемі 3)
- Сөз санын ескереді; (200 сөз)
Сабақты бекіту
3 минут
Ой толғаныс . Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, . . . »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім
Сабақтың соңы
2 минут
Кері байланыс.
«Сұрақ-жауап» әдісі