Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қала көшелеріндегі қауіпсіздік

Білім беру саласы: << Қатынас>>
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі:
М а қ с а т ы:
Білімділік: Балаларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, айтылуын, дыбысталуын үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілін, ойлау қабілетін және тыңдап түсіну қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Берілген сұрақтарға жауап беруге және жануарларды жақсы көруге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жануарлар суреті, ойыншық жануарлар
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойнау, мадақтау, қорытындылау
Ашық оқу іс - әрекетінің барысы:
Тәрбиеші балалармен амандасады.
І. Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңберін құру.
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Балалар, менің қолымда әдемі, сары түсті дөңгелек бар. Қазір мен оны ағылшынша бір сөз айтып тақтаға ілемін.(қызыл сары, жасыл)
Балалардың іс - әрекеті:
Әр бала бір сөз айтып жолақшаларды дөңгелектің айналасына іледі.

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Балалар, біз бүгінгі сабағымызды ертегімен бастаймыз. Мұқият тыңдаңдар!
Қала көшелеріндегі қауіпсіздік
Ертеде үй жануарлары өте тату болған екен. Олар жайылымда бірге жайылып, қорада бірге түнеп айырылмастай бірге болған екен.
Үй егесі қарапайым шаруақор адам болатын. Кешке келгесін қорада мал, ит мысықтарын түгендеп , оларға бүгінгі болған қызықтарын айтып үйге кіретін. Күнде осылай күн өте береді. Бір күні осы үй жануарларының егесі қалада болған қызықты айтып , жануарлары түсінеме түсінбейме белгісіз , сырын айтып үйге кіреді.
Жануарлар үй егесі үйге кірген соң олар өздерінше шуылдасады. (Жылқы, сиыр, ит, тауық, мысық, қой, ешкі)
Ешкі : -біз қашанғы ауылда тек жайылымда жүреміз, бізде қаланы көрейік деп бастады.
Оған итте қосылып - ия адамдар мені дос санайды, қалаға барсақ мені жақсы қабылдайды деп үріп үріп жата қалды.
Сиыр да МӨ менің де қожайыным сүтімді қалаға апарып сатады, бірақ мені апармайды менің де қаланы көргім келеді деп мөөө деп сипаланады.
Мысық та мяулап менде барамын, менде көремін деп олда келісті.
Жылқы: достарым қойыңдар , біз сырт жақа шығып үйренбегенбіз қожайын рұқсат берсе ғана шығамыз деп кісінеп қоя берді.
Қой - сендер қаланы білмейсіңдер, қожайын айтуы бойынша машина көп, адамдар көп көшеде қауіпсіздік ереежлері сақталған .Бізге бару қиындық тудырады деп шөбін жей бастады.
Тауық болса құт-құттап біресе кетуге жақтасып, біресе қалуға жақтасып шешім шығара алмады.
Ешкі :-азанда ерте тұрып жол жүреміз. Баратындарың ерте жатып дайындалыңдар деп әмір берді.
Таң атар атпастан тауық баратын достарын оятып бірге кетті.
Олар таң енді атқанмен бірге , қалаға кірді. Қала сондай әсем, жарық, әдемі екен деп бір-біріне тамсанып қарайды. Қаланың ортасына келгенде олар жол кептелісіне кезігеді. Машина көп ,машина тоқтағанда жолаушылар өтеді. еш оларға жолдан өтуге мүмкіндік болмады.
Тауық мен қатты айқайлаймын, сендер сол кезде тез өтіп кетіңдер деп бір-бірімен келісті.
Солай жасамақшы болған үй жануарлары халықты шулатты. Тәртіп сақшылары да келді. Үй қожайынын шақыртып оларға көп қаражат салық салды.
Үй қожайыны көңілсіз ауылға келді. Жануарларына ештеңе айтпастан ұйіне кіріп кетті. Сол күні жануарларда итте, мысықта аш қалды. Қожайындарының әңгімесін естіп марқайып , еркелеп жататаын жануарлары үн түнсіз тарасып, өз орындарына ыңғайласты.
Жылқы: Мен сендерге айттым гой, қаланың көшелеріндегі қауіпсіздікті білмейсіңдер, қай кезде бағдаршам жанады, қай кезде өшетінін білмейіңдер , бізді тыңдамадыңдар деп ашуын білдірді.
Кіналі жануарлар қожайынынан кешірім сұрай алмай әлі күнге дейін алдына жүгіріп шығып , ештеңе айта алмай қайтады екен .

Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Ал, онда ертегідегі кейіпкерлерді атаңдаршы.
Балалардың іс - әрекеті:
Балалар ертегіні тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ертегідегі кейіпкерлер - ит, мысық, тышқан.

Балалардың іс - әрекеті:
Жаңа сөздердің айтылуы мен дыбысталуын үйренеді. Тәрбиешінің айтқанын тыңдап, сөздерді қайталайды.

ІІІ. Рефлексті коррекциялаушы.
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Балалар, <<Ертегідегі кейіпкер>> ойыны арқылы қайталаймыз және ертегіні еске түсіріп, кейіпкерлердің мінезіне тоқталамыз.

Балалардың іс - әрекеті:
Ойын арқылы жаңа сөздерді қайталайды.

Тәрбиеші балаларды мадақтап, ашық оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: жаңа сөздердің айтылуы мен дыбысталуын
Болуы керек: Ертегі мазмұны туралы түсінігі болуы керек.
Ағылшын тіліне қызығушылықтары болуы керек.
Баланың қолынан келуі керек: Қойылған сұрақтарға жауап бере алу.

Ұқсас жұмыстар
Антропогендік факторлар
Мұғаліммен мин
Жол автокөлік апаттарының түсініктемесі және жағдайлары
Автокөліктердің жолда жүру қауіпсіздігін жағдайларын бақылау
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
Менің отаным - Қазақстан жайлы ақпарат
Ортаңғы цифрды жаз
Түсінбеген жерім
Қауіпсіздік ережелері сілтеме
Астана қаласы - Қазақстанның елордасы
Пәндер