Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтар топтамасы

Тексерілді: Н.Тәңірбергенұлы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Түзулердің өзара орналасуы
Мектеп: А. Байтұрсынов
Күні:10.02.2022
Педагогтің аты-жөні: Тұрсынбек Е
Сыныбы: 7 а, ә, б
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;
7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;
7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;
Сабақтың мақсаты:
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысын табуды, олардың қасиетін үйренеді
Оқушылар үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым қалыптастырады .
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру:
оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін.
Шаттық шеңберін құрып <<Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле>>! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды <<Мадақтау сөз>> әдісі арқылы бағалайды: <<Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!>>

Түрлі түсті кеспе қағаздар

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу; Ширату сұрақтары: Әр топ өткен тақырыптарға байланысты құрастырылған мозайкадағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:
1-ші топқа: Үшбұрыш-тар дегеніміз не? Үшбұрыштың негізгі элементтері
2-ші топқа: Үшбұрыш-тың түрлерін ата?Үшбұрыштың ішкі бұрышы дегеніміз не, нешеу?
3-ші топқа: Үшбұрыш-тың қабырғаларына байланысты түрлері. Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері

Дескриптор:
-суракка жауап береді
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға <<Жарайсың!>> деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сұрақтар топтамасы.

Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабақта <<Жаңа мұғалім>> әдісін қолданамын..
Әр топтан топ басшысы ортаға шығады арнайы тапсырмалар беріледі
Топ басшылары өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Оқушылар жаңа сабақты үйде оқып келеді және оны оқушылар бағыты бойынша келесі топтарға түсіндіреді
<<Екеуі үйде, үшеуі қонақта>> әдісімен бір - біріне <<қонаққа>> барады. Пікір алмасып, ой бөліседі.

ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға <<Жарайсың!>> деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы. - Алматы : Атамұра, 2017. - 58 бет.
Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс.

<<Сағат тілі >> әдісі бойынша оқушылар орындаған жұмыстарын келесі топпен алмасады.

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:
-үшбұрыш салады
-нүктелерін белгілейді
1-балл
-жуық мәндерді табады 1-балл

Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

.

7-сынып оқулығы.

Жеке жұмыс.

1 Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 50°, ал сыртқы бұрыштарының бірі 85°. Оның қалған ішкі бұрыштарын табыңдар.
2. Үшбұрыштың В төбесіндегі сыртқы бұрышы А төбесіндегі ішкі бұрышынан 3 есе, ал С ішкі бұрышынан 40° артық. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.

Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

7-сынып оқулығы.
Шыныбеков
<<Атамұра>> 2017

Жеке жұмыс.

Тапсырма
1. DEF үшбұрышында ∠D=76°, ∠F=60°. D және E бұрыштарының биссектрисcаларының арасындағы бұрышты табыңдар.
2. Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 110° және 160°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.
3. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 120° және 160°. Оның үшінші сыртқы бұрышын табыңдар. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасаңдар.
4. АВС үшбұрышының В және С төбелерінің сыртқы бұрыштарының қосындысы 250°-қа тең. Үшбұрыштың А бұрышындағы сыртқы бұрышын табыңдар.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жуптык талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.

Дескриптор:
- сызбасын сызады
-аудандарын табады
-барлығының аудандарының қосындысын табады
-формуланы тұжырымдайды;
3-балл

Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
.

7-сынып оқулығы.

Сабақтың соңы.
Үй жұмысы: №288, 293
Рефлекция:

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін тұжырымдайды.

Дескриптор:
-сұрактарға жауап береді
-есептерді шығарады
7-сынып оқулығы.
Шыныбеков
<<Атамұра>> 2019

Ұқсас жұмыстар
Күш. 9-сынып
Кеңістік фигуралары
Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
"бірмүше және көпмүше" тарауына арналынған орташа мерзімді жоспарлау. 7-сынып
Тау түзілу үдерісі
Ньютонның бірінші заңы
Тізбектелген сабақтар
Сын тұрғысынан ойлау сабақта қолдану
Оқулықтағы тапсырма бойынша кесте құрыңдар
Шаңғымен жүруді үйрету жүрістердің әдіс - тәсілдерін меңгеру
Пәндер