Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойыншық тек Раушандікі ғана емес балабақшадағы балаларға ортақ ойыншық

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық - жан азығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Оларды бір-бірінен достық қатынаста болып үлкенді сыйлауға, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы достық қатынаста болып, қайырымды да иманды болуға баулу. Қойылған сұрақтарға ойланып толық жауап беруге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Әдіс - тәсілдері: Ойындар, әңгіме, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: слайд

Ұйымдастыру кезеңі.
- Қане, балалар, бір - бірімізбен, қонақтармен амандасайық. Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, балалар алақандарымен бір-біріне жылу беріп амандасады.
- Қуан. Шаттан. Алақай.
- Қуанатын күн келді.
- Қайырлы таң!
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіңдер ме!
Балалар осы жылы сезіммен орындарына жайғасып отырады.
Сабақтың барысы.
- Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.
- Жақсы деген немене?
1. Гүл өсірген жақсы.
2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.
3. Үлкендерге көмектескен жақсы.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, жаман деген немене?
1. Салақ, кір - қожалақ болған жаман.
2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.
3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Оқушылардың әңгімелерін, берген жауаптарын толықтыру үшін суреттер көрсетіп әңгімелеймін.
- Балалар, мына суреттен не байқап отырсыңдар? Қандай әңгіме құруға болады?
Балалар серуен кезінде футбол ойнап жүріп, Серік біреумен соқтығысып қалған. Оның мұрны қанап қалды. Қасындағы балалар футбол ойнап жүре берді.
- Әңгімеміз жақсы болды. Енді, осы балалардың іс-әрекеті дұрыс па?

Бір-екі баланың жауабын тыңдаймын да қортынды жасаймыз.
- Иә, бұл дұрыс емес. Олар құлаған Серікті орнынан тұрғызып, көмек көрсету керек еді.
- Ал, мына суретке қарап не деуге болады?
Раушан қызымыз қуыршақпен ойнап отыр еді. Ақбота келді де, қуыршағын сұрады. Раушан қуыршақты бергісі келмеді, себебі ол жаңадан ғана ойнай бастаған еді. Оған қарамай қуыршақты Раушан тартып алмақшы болды, қуыршақтың қолы жұлынып қалды.
- Балалар, осы жағдайда қай қыздардіңкі дұрыс?
Тағы да бір-екі баланың жауабын тыңдап, қорытындылаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ақбота дұрыс істемеді. Ол ойыншықты тартып алмауы керек еді. Ойыншықты жұлқылап, тартқылауға болмайды.Ойыншықты күтіп, ұқыпты ойнау керек. Балалар, бұл жерде Раушан да дұрыс істемеді. Ойыншықты жаңадан алған болса, Ақботаға: <<Мен біраз ойнайын,сосын саған беремін>>, - деп айтуы керек еді. Ойыншық тек Раушандікі ғана емес балабақшадағы балаларға ортақ ойыншық. Сондықтан балалардың кезекпен ойнағаны жөн.

- Балалар, мен сендерге орыс халқының жазушысы Л.Толстойдың <<Екі дос>> әңгімесін оқып берейін.
- Орман ішінде екі дос келе жатады. Оларға қарсы аю шығады. Олардың біреуі қаша жөнеліп, ағашқа өрмелеп шығып тығылып қалады. Ал екіншісі жолда қалады. Ол не істерін білмей, жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелей бастайды да өлі екен деп жөніне кетіп қалады. Аю кете салысымен , досы ағаштан түсіп, күліп:
- Не болды, аю құлағыңа не сыбырлады?- деп сұрайды.
- Қауіп - қатер төнгенде, қиналған уақытта досын тастап қашып кеткен адамдар жаман болады, - деді.
Әңгімені бір-екі мәрте оқып беремін. Сурет бойынша түсініктерін одан әрі жетілдіремін. Әңгіме желісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.
1. Екі достың алдынан не шыға келді?
2. Досы неге қаша жөнелді?
3. Бұл досты қандай дос деуге болады?

Қорытынды бөлім.
- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Ол мақалдардығ мағынасы өте терең. Кәне, тыңдап көрейік.
<<Жамандықтан тұра қаш,
Жақсылықпен бол жолдас>>.
<<Жаманнан жирен,
Жақсыдан үйрен>>.
<<Жаманға жан жуымас>>.

- Балалар, осы мақалдардағы жақсылық деген сөз үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жолдасына көмектесу, еңбекті сүю екенін ұмытпайық . Балалар, жақсымен дос болып, жақсыдан үйрену керекпіз, ал жамандықтан аулақ жүрейік. Осы айтылған мақалдарды есімізден шығармайық.Бүгін бір мақалды жаттап алайық.
- Жамандықтан тұра қаш,
- Жақсылықпен бол жолдас
Балалармен бірге 2-3 рет қайталап жаттаймыз.
- Бүгінгі сабақты осымен аяқтаймыз. Барлығың да жақсы қатыстыңдар, сендерге үлкен рахмет.

Тақырыбы: <<Тәуелсіз елім Қазақстан>>
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, додокаэдр,суреттер,үстел тақтасы,қағаздар
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
-Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған тарихи - әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы <<Желтоқсан оқиғасы>> тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. (1минут үнсіздік жариялаймыз.)

Камерада не жасырл5ан фонарик арқылы жасырылған суретің атын айту.
1-оқушы Жанерке
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2-оқушы Айдын
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.
3-оқушы. Ырысбек
<<Нашақор>>-деп, <<ұлтшыл>>-деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
__________________________________________________________
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.
Тәуелсіздіктің шыңы
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада - Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда <<Қазақстан -2030>>. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. <<Қазақ елі>> монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар - ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Додокаэр әдісі
Сұрақтарға жауап беру
Хормен Желтоқсан желі әні,
Үстел ойыны
Сұрақтарға жауап беру
Мұғалім сөзі
Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
Хор: <<Тәуелсіз Қазақстан>>
Мұғалім сөзі
Отаным Қазақстан - алтын бесік,
Мінекей ұлы жолға түсті келіп.
Ағайын, бар тілерім мен еліме.
Тұғырың мықты болсын Тәуелсіздік!
Осымен << Тәуелсіз ел Қазақстан>> атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Мереке құтты болсын, көріскенше сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Қытай ойыншықтарының зияны
Өзін өзі тануға алғашқы қадам
Ана тілі, Ана тілі
Машина өлеңі Н.Әлімқұлов
Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру
Балаларды даярлау
Ойын-ой өсіреді
Орман алыс
Ресурстарға ресурстардың кеткен шығын саны
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Пәндер