Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

HTML тегтерін қолдану. Сабақтың барысы

Қысқа мерзімді жоспар (ЖМБ) 37-сабақ
Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №90 ДБАМ мектеп-гимназия
Веб-жобалау

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сәбитханов А Ө
Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың
тақырыбы
Практикум. Мәтінді форматтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына
сілтеме)
10.4.2.1 web-парақшаларды жасауда HTML тегтерін қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы: HTML құжатын форматтау тәсілімен танысады
Көпшілік оқушы: Параметрлерді, түстерді, т.б. өзгерту тегтерін анықтайды
Кейбір оқушы: Тегтерді қолданып құжаттың параметрлерін өзгертеді
Ойлау
дағдылары
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
Бағалау критерийі
HTML-де мәтінді форматтау, абзац енгізу, тізімдерді жазу тегтерін қолданады;
Web-парақ жасау үшін HTML тілін қолданады.
Веб-бет жасайды, құжатты безендіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология:
FONT, SIZE, COLOR, BODY BGCOLOR, BASEFONT

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
... мәтін қаріпінің түсін, өлшемі мен түрін өзгертуге мүмкіндік береді.
... қолданыстағы қаріпті анықтайды.
Құндылықтарға
баулу
Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау
Пәнаралық
байланыс
Ағылшын тіліндегі сөздер қолданылады
Алдыңғы білім
Мәтінді форматтау
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Уақыт
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин

7 мин
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: Сыныпта көңілді ахуал орнату Топқа біріктіру: Стикерлер түстері арқылы топтарға бірігеді

Өткен сабақты пысықтау: <<Үш қадамдық сұхбат>> әдісі
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлеміз: А және Ә, Б және В.
1-қадам: А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам: керісінше Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам: әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Сурет қиындылары

Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау,
ынталандыру

Сабақтың ортасы
3 мин
<<Миға шабуыл>> әдісі
Гипермәтін деген не?
Веб-беттерде қандай программалар көмегімен жасауға болады?

<<Джигсо>> әдісі
Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықпен таныстыру.

1-тапсырма.- Жаңа жолға көшу (абзац) тегін пайдаланып өлең жолын енгізу.
Веб-сайттың бетіне кез келген өлең жолын жазыңдар.
Дескриптор:
HTML-де абзацты енгізу, жолды бөлу тегтерін қолдана алады.
Медальдар арқылы бағалау

2-тапсырма. Сыныптастарыңның тізімін орналастыру
HTML-де сыныптастарың тізімін жазыңдар. Нәтижесінен кейін қалауларыңша өзгертулер енгізіңдер.
. Дескриптор:
Веб-бет жасау үшін HTML тілінде нөмірленген тізім, нөмірленбеген тізім тегтерін қолданады.
Медальдар арқылы бағалау

3-тапсырма.
HTML тілінің тегтерін пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындаңдар. (Оқулықтың 145-беті. 5-тапсырма) Дескриптор:
Веб-бет жасайды, құжатты безендіре алады.

Оқушылардың жұмыстарын <<Сағат>> әдісін қолданып бағалау. Сағат шәкіліне оқушылардың
аттарын стикерге жазып, жапсыру.

Оқулық

3 мин

5 мин

Компьютер, оқулық

7 мин

7 мин

Сабақтың соңы
3 мин

2 мин
Шағын тест
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
Өздерін бағалайды

Кері байланыс: <<Блоб ағашы>> әдісі
Оқушылар сабақтан алған әсерін ағашқа өрмелеген маймылдарды бояу арқылы көрсетеді.
А4 парағы

ДОІЖО: Б.Ж.Ибрагим

ӘБ жетекшісі: Б.Ж.Болысбаев

Ұқсас жұмыстар
HTML тілінің негізгі тегтерін қолдану
HTML тілінің тегттері
HTML тегтерін қолдану. Сабақтың тақырыбы
HTML тілі құжатының құрылымымен танысады Кейбір оқушы. Сабақтың тақырыбы
HTML тегтерін қолдану
HTML веб сайттарын әзірлеу әдістері
HTML тілі құжатының құрылымымен танысады Кейбір оқушы
Кейбір оқушы
Кестенің ұяшығын анықтайтын тег
Оқулықтағы тапсырма бойынша кесте құрыңдар
Пәндер