Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мобильді қосымшаларды құру

Қысқа мерзімді жоспары
Бөлім
Заттар интернеті
Педагогтың аты-жөні
Үсенова Салтанат Батырханқызы
Күні: 05.02.2024ж.

Сынып 11 <<Б>>
Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:
Мобильді қосымшаларды құру
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.5.2.1 1- конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау
11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады.

Көптеген оқушылар:

Мобильді қосымшаны әзірлейді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

ҚБ: жұлдыз / 2 балл/

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.

Жұлдыз
2 балл

Жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы
Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
конструктордағы мобильді қосымшада достық интерфейсін қалай жасау;
шарттары мен циклдері бар код блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымшаны қалай
әзірлеу;
әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білетін боласыңдар.
- MIT App Inventor ортасы - визуалды программалау ортасы, сондықтан
мобильді қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады. (Оқулықтағы оқу материалымен жұмыс
жүргізіледі).
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өз түсінгендерін әңгімелейді. Педагог
оқушылардың айтқандарын толықтырып түсіндіреді.
Жұптық жұмыс:
№1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарды толтыр.
Мобильді қосымшаларды құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде мобильді
қосымшаның ___________баптау мен ____________ кодты құру жүргізіледі. Бұл кезеңге
қосымшаның құрамдас бөліктерінің қасиеттерін ____________ және олардың әрқайсысың
программалық ____________жазу кіреді. Екінші кезеңде _____________ мен мобильді
қосымшаларды _______________ жүргізіледі. Үшінші кезеңде қажет болған жағдайда
компьютерге ______________ эмулятор орнатады. Төртінші кезеңде мобильді қосымша
________________ орналастырылады.
Түйін сөздер:
оңдау
программалық
кодын
интерфейсін
баптау
смартфонға
тестілеу
Android
ДК-мен жеке жұмыс
Қосымша жасау
1. Жобалар менюінде Жаңа жоба бастауды таңда.
2. Дизайнерде Батырма элементін алып, Экранға апар.
3. Компоненттер саласында мына қасиеттерге тапсырыс бер: батырма мен мәтіннің түсі, қаріп
пен пішіннің параметрі.
4. Орналасуда компоненттің орналасу жерін анықта (экранныің ортасында немесе т.б.).
5. Жобаға екінші Жазба элементін қос.
6. Жазбалар қасиетінде <<Атыңыз кім?>> мәтінін өзгерт.
7. Мәтінді енгізу үшін <<поле (алаң)>> қос.
8. Мәтін енгізуге компонент атауын енгіз.
Батырманы оны шерткен кезде жазу шығатындай етіп программалау қажет. Блоктарды
редакциялау режіміне ауыс. MITApp Inventor редакциялау блогы ашылады.
Сол жақтағы панелде 1Батырма панелін таңда. Осы элементке әсер ететін тізім ашылады,
олардың әрқайсысына сай өз блогы бар. 1Батырма басылғанда, ... істеу керек блогын таңда.
Жазу шығуы үшін, Жазбаны таңдап, оған Жазба1 Беру - көрінетін - ақиқат блогын таңда. Осы
операцияны 2Батырма және Мәтінмен орында.
Пайдаланушының сәлемдесуі шығуы үшін Енгізу батырмасын программала. Енгізу батырмасы
басылғанда әрекеті үшін Жазба компонентінде, Мәтін қасиетінде, <<Сәлем бердікті...>> Қосу
және Енгізу Мәтіні. Мәтін кодын қосу.
Нәтижелерді талқылау.
Әрбір қосымша сыныптастармен бірге қарастырылады.
Кері байланыс оқулықтағы код пен <<Екі жұлдыз, бір тілек>> әдісі арқылы жасалады
Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды

Презентация

Оқулық
Дербес компьютер

Сабақтың соңы
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: <<Смайлик>>
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды
Өзін-өзі бағалау.

Плакат /слайд/

Ұқсас жұмыстар
Мобильді интернет және мобильді қосымшалардың тарихы
Мобильді құрылғылардың сипаттамалары
Өлшеу камераларпы
АГЕНТ жане ЖАСТАР
Бұлттық технологиялар сервистері
Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы
Интеграцияланған өңдеу ортасы. lazarus бағдарламасы. бағдарлама интерфейсі. 10 сынып,
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
PHP ТІЛІМЕН ТАНЫСУ
Тест. 10-сынып
Пәндер