Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сенімді адам
Күні: 06.12.2019 ж
Бекітемін:
Тәрбие сағаты :
Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Көрнекілік: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта.
Өткізу әдісі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар, ұстаздар,қонақтар! бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: << Дос және достық>> деп аталады.Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбіреулер , шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді
М.Мақатаевтың <<Дос>> туралы өлеңінің бір шумағын сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен
Достық деген - ақылдың серігі екен .
ІІ.Пікір талас . Тақырыпты ашу сұрақтары.
1. Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам Сенімді адам
2. Достық дегенді қалай түсінеміз Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін са лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы:Достық-адамдар арасындағы байланыс.
-Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту. Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам.Сенімді адам.
?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1 - жауап: Адамдар арасындағы байланыс 2 - жауап: Достықты шеңберге теңедім
3 - жауап: Жүрек 4 - жауап: Гүл
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?
1-оқушы: Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.
2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы: Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5-оқушы: Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы: Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс - ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
-- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
ІV. Дос қандай болу керек?
Олай болса балалар <<ДОС>> күншуағын құрастырайық.
Қағазға <<дос>>күншуағын сөзін жазу
Адал ,жомарт, адамгершілігі ,мол, қарапайым, мейірімді ,Дос кешірімді ,төзімді ,ақылды ,сабырлы ,салмақты ,кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім:
-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
/Оқушыларды тыңдау/
YІ. Мақалды жалғастыр
1. <<Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады>>.
2. <<Дұшпан.... айтады, дос.... айтады>>.
3. <<Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......>>.
4. <<.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.>>.
5. <<.......... ақшаң болғанша, көп досың...>>.
6. <<Досы көппен....,
Досы жоқпен...>>.
7. <<Досы..., өзі де жақсы>>.
8. <<.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды>>.
9. <<Ақылсыз.... ақылды дұшпан....>>.
10. << Досың мың....,
... біреу болса да көп>>.
11. <<... адам тамыры жоқ... тең>>
12. <<... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар>>.
Жауаптары
1. <<Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады>>.
2. <<Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. <<Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ>>.
4. <<Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы>>.
5. << Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын>>.
6. <<Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас>>.
7. <<Досы жақсының - өзі де жақсы>>.
8. <<Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды>>.
9. <<Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық>>.
10. <<Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп>>.
11. <<Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең>>
12. <<Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар>>.
Айнаға қарап көңілсіз адамдарды көрсетеміз, енді күліп көңілді, қуанамыз, ойланып отырамыз. Жақсы, енді көңіл күйлеріңді алдарыңдағы шарға бейнелеңдер. Ол үшін мына суретке қараңдаршы.
Мұғалім: Мынау қандай адам?
Балалар: Көңілді адам. (Көңілсіз адам)
Мұғалім: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса көңілді адамды, ұнамаса көңілсіз адамды бейнелейсіңдер.
Бәрің шарларыңды сол қолдарыңа алып ұстап отырыңдар, оң қолдарыңмен маркермен суретті қатты баспай салыңдар. Енді жұмысқа кірісіңдер, әр баланың қасына барып бағыт беру.
Мұғалім: Сурет салып болсаңдар - әсем шарларыңды қолдарыңа ұстаңдар. Балалар сендер қандай адамның келбетін салдыңдар.
- Балалар кезекпен жауап береді
- күліп тұр, көңілді тұр, ашулы.
Мұғалім: Балалар шарларымызды жоғары ұстап, Күн шуағының айналасына тұрып, тілектерін айтады.
- Денің сау болсын!.
- Әрдайым күліп жүрейік!.
- Әрқашан күн сөнбесін!.
- Елімізде тыныштық болсын!.
- Досымыз көп болсын!.
Мұғалім: Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Балалар ән әуенімен шарларын ата - аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.
3. Қорытынды бөлім
Мұғалім сөзі: Ал балалар, мен сіздерге аңыз- әңгіме айтып берейін:
- Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
- Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
- Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? - депті жігіт. Қарт күліп:
- <<Жігіті жолдасына қарап бағала>>, - депт қарті.
Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі - адалдық. <<Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі>>.
- Бүгінгі біздің еліміз бейбітшілік пен тату өмір сүруіміз міндетіміз.
<<Шекараны таспен емес, доспен қоршау керек>> деген аталы сөзі бар.
- Сынып сағатымызды қорытындылай келе <<достарым>> әнін бірге айтайық.
Ашық тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
" Дос және достық"
" Дос және достық"
Тақырыбы:
Тақырыбы:
6"а" класы
6"а" класы
Орындаған: Қайрғалиева С.Ж.
Орындаған: Қайрғалиева С.Ж.
2014-2015 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz