Сперматогенез пен оогенездің салыстырмалы талдауы

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары».
Барлық оқушылар үшін:
- сперматогенез бен оогенездің кезеңдерін салыстырып, айырмашылығына сипаттама бере алады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
Топтастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Генератор көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
Жаңа сабаққа кіріспе
- Гаметогенез терминіне анықтама беріңіз?
- Гаметогенездің маңызы қандай?
- Сперматогенездің қалыптасу сатысында жүретін үдеріс?
- Оогенздің пісіп-жетілу сатысында өтетін үдеріс ?
- Мейоз гаметогенездің қай сатыларында өтеді?
- Жұрмыртқа жасушасының сперматозоидтан үш ерекшелігін атаңыз?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. береді.
Саралау: Бұл жерде Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
- Дескриптор: кезеңдерді дұрыс жіктейді;
- сперматогенез бен оогенезге тән құбылыстарды ажырата алады;
- сперматогенез бен оогенезге ортақ құбылыстарды көрсете алады;
- берілген терминдерден басқа салыстыру жасайды.
Жеке жұмыс
Тапсырма
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырма жұмысты орындатады.
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Сабақтың аяғы
7 мин.
Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін «Ыстық үстел» ойынын ойнатылады.
Сынып топ бойынша бөлінеді. Тақтада оқушылар оқу мақсатына байланысты терминдерді өздері жазады, Әр топтан кезекпен бір оқушыдан шығып столға отырады, ал қалған топ мүшелері ол терминді табуға көмектеседі. Берілген тақырып бойынша терминдерді көп анықтаған топ жеңімпаз болып саналады. Мұғалім аталған тақырыпқа қатысты терминдердің бір үлгісін презентацияға алдын ала салу қажет.
- гаметоциттердің бөлінуі;
- пісіп жетілу мен гаметалардың қалыптасуы;
- пісіп жетілген мен қалыптасқан гаметалардың саны;
- мейоздың ұзақтығы;
- гаметогенездің тоқтауы;
- гаметаның түзілу кезеңі;
гаметаның мөлшері және пішіні.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Саралау: Бұл жерде Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Сабақтың соңы
Қорытындылау
Тапсырма дискрипторы:
- кезеңдерді дұрыс жіктейді;
- сперматогенез бен оогенезге тән құбылыстарды ажырата алады;
- сперматогенез бен оогенезге ортақ құбылыстарды көрсете алады;
Кері байланыс
Оқушыларға сабақ барысында нені үйренгенін, қай мәлімет қызық болғанын анықтаймыз.