Гүлдер тобына арналған №12 оқу қызметінің технологиялық картасы: Мұзафар Әлімбаевтың Әдептілік әліппесі өлеңімен таныстыру

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№12 "Гүлдер"топқа арналған

Күні, айы, жылы: 01. 03. 13ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әдеп, әдептілік, сыпайылық.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер .

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Балалардың іс -әрекеті: Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Мақал-мәтелдер жаттайық;

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Балалардың іс -әрекеті:

Балалар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

- Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

- Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

Әрекет кезеңдері:

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Тәрбиешінің іс -әрекеті:

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-

6. Үйге жүгіріп-

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу -құралдарын-

9. Сыныпта айғайлауға-

10. Ысқыруға-

11. Құстың ұясын-

Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

Балалардың іс -әрекеті:

Не істеу керек?

- Үлкендерді сыйлау керек

- Ата- аналардың тілін алу керек

- Тәртіпті болу керек

- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

- Сабақты жақсы оқу керек

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Әдептілік туралы білулері керек.

Түсінігі: Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсету керек екенін меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі Гүлайым Аубакирқызы.


Ұқсас жұмыстар
№12 технологиялық карта: Гүлдер тобына арналған көркем әдебиет сабағы - Қыс мезгілін қайталау
№12 Гүлдер тобына арналған тыныс алу мүшелері (мұрын, көмей, өкпе) туралы технологиялық карта
Технологиялық карта №12 Гүлдер: ересек топқа арналған жапсыру сабағы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Сурет салу - Шырша шамдары
Шалқар қаласы №12 балабақша І-а кіші тобына арналған Сүйкімді күшік тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы - Экология негіздері: Күзге алғыс айтайық
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Ересектер тобына арналған Құстар келді өлкеге оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы №11
Ортаңғы топқа арналған көлденең керілген жіптің астынан өту тақырыбындағы ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz