Сыпайылық ассоцация

Сыпайылық - адамгершілік айнасы
Мақсаты: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
Міндеттері:
а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю - адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңірту;
ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
І. «Сыпайылық» ассоцация
ІІ. Ақын, жазушылардың ойлары
ІІІ. Әдептілікке, адамгершілік - сыпайылыққа байланысты мақал-мәтелдер
ІҮ. «Құпия хаттарға» жауап беру
Ү. «Әдепті бала - арлы бала»
ҮІ. Адамгершіліктің негізгі қағидалары
М: Сыпайылық тәрбиенің белгісі. Сыпайылық адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет қыз баласының бойынан табылуы қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы өте зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелілікке жатады? Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапйымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алайды ма?! Демек, сыпайылық - тәрбиенің белгісі . . .
І топ: «Әдептілік»
ІІ топ: «Әдемелік»
ІІІ топ: «Тәрбиелік»
І. «Сыпайылық» ассоцация
Әр топ «сыпайылық» туралы өз ойларын айтып, ассоцация жасайды.
ІІ. Ақын, жазушылардың ойлары
Оқушылар ақын, жазушылардың өлең жолдарымен, шығармаларымен бөліседі.
ІІІ. Әдептілікке, адамгершілік - сыпайылыққа байланысты мақал-мәтелдер
- Тіріде сыйласпаған ағайын құм құйылсын көзіңе.
- Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың.
- «Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
- Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
- Кішіден ізет-үлкеннен құрмет.
- Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
- Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
- Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек.
- Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
- Бала тәрбиесі бесіктен
- Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
- Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
- Әдеп басы - тіл.
- Әйел - әдептің белгісі.
- Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде білесің.
ІҮ. «Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар әр түрлі қаладан жазған балалардың хаттарына жауап береді.
1-хат. Ақтөбе қаласы: құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ол бос үй тапсырмасын орындамайды, бірақ көп ойнайды. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Достар, мен не істеуім керек?
2-хат. Лондон: мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3-хат. Париж: Саған ата-анаң үй тапсыомасын орындау керектігін ескертті немес сұрап тексерді. Кенеттен жан досың қоңыраушалып, оған бір топ балалар тиісіпжатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
4-хат. Нью-Йорк: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың. Қалтаңда 2000 тг бар, билет құны 2000тг. Жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек блоып тұрғанын айтып, қарызға 1000тг беруін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
5-хат. Дубай: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығады?
6-хат. Туркия: Сен Алгебрадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың
7-хат. Астана: Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қасысын таңдайсың немесе достарыңмен қандай қарым-қатынаста болар едің?
Ү. «Әдепті бала - арлы бала»
- Айнур көрші апайды күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы, - деп ойлап өте шықты. Сонда көрші апай . . . Жалғастыр . . .
- Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр . . .
- Сіз қоғамдық көлікте отырсыз. Көлікке үлкен қатр адам мінді. Бос орын жоқ. Сіз не істер едіңіз?
- Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Алдағы әрекетіңіз қандай болмақ?
- Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр . . . Жалғастыр . . .
- Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе . . . жалғастыр. .
- Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр. . сіздің әрекетіңіз?
ҮІ. Адамгершіліктің негізгі қағидалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz