Тілек өлеңі

Пән: қазақ әдебиеті Мектеп: «№13 мектеп-гимназия» КММ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз Мұғалім: Г. Туржупарова Күні: 11. 10. 2022 ж
Сынып: 9
Барлық оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды
Көпшілік оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтай отырып, өмірмен байланыстыра алады.
Кейбір оқушылар : Әдеби шығарманың негізі тақырыбы мен идеясын анықтап, өлең жолдарынан психологизмді табады
- Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды;
- Өлең құрылысына талдай отырып, өлең ішінен психологизмді табады
- Өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбын анықтайды Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу
«Сұрақ -жауап » әдісі арқылы алдыңғы бөлім қорытындыланып, пысықталады.
«Болжау» стретегиясы арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын болжату.
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау
Тілек өлеңі
«Insert» әдісі арқылы әр топқа бөліп берілген үзіндіні оқиды.
Сөдікпен жұмыс . Түсініксіз сөздермен сөздік арқылы түсіндіру
- топ «Тілек» сөзінің мағынасын ашу
2- топ Толғаудың тақырыбын, идеясын агықтап, Жыраудың арманын табу
3-топ. 1-6- тілекті қарасөзбен оқып, жыраудың нені құрметтейтінін айту
4-топ . 7- 11- тілекті оқып, қандай мәселені қозғайтынын табу.
Дескриптор:
- берілген сөздің мағынасын ашады
- басқа баламасын таба алады
- тақырыбын және идеясын анықтайды
- жырау арманын өз сөзімен айта алады
2- тапсырма. «Әдеби шеңбер»әдісі
Оқулықтан 3- тапсырманы орындау.
психологиялық көңіл -күйін анықтау
Дескриптор: білім алушы
- Автордың психологиялық көңіл -күйін анықтай алады.
Ойын дәлелді түрде білдіреді.
«5-5-1» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
Бұқар жырау толғауындағы және Абай Құнанбаев өлеңіндеріндегі өзара үндестік
Тілек
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа . . .
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz