Мұрын. тыныс алу мүшелері. өкпе

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№12 "Гүлдер" топқа арналған

Күні, айы, жылы: 19. 11. 12 ж

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе.

Мақсаты: Тыныс алудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Салауатты өмір сүру әдетіне тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: мұрын, өкпе, тыныс алу мүшесі т. б.

Көрнекілік: «Тыныс алу мүшелер жүйесі» суреттері көмей құрылысы суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы күн жер аспан!

Қайырлы таң достарым!

Сендерді көріп сағындым!

Балалардың іс -әрекеті: Балалар дөңгелене тұрып, шеңбер құрап бірге қайталады.
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

- Балалар қандай жыл мезгілдері болады? Нешеу?

-Қазір қандай жыл мезгілі, қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Балалар сендер сезім мүшелерін білесіңдерме?

- Сезім мүшелеріне не жатады?

-Біз бүгін мұрын жайлы әңгімелесеміз балалар.

- Мұрын. Мұрын - иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту) . Мұрын тыныс алу мүшелеріне жатады.

- Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

1. Мұрын қуысы (кеңсірік)

2. Жұтқыншақ

3. Көмей

4. Кеңірдек

5. Ауатамыр (бронхылар)

Балалардың іс -әрекеті:

Төртеу, қыс, көктем, жаз, күз.

Күз мезгілі, қараша айы.

Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа кетеді.

Иә, біз сезім мүшелерін білеміз.

Көз, тіл, құлақ, тері және мұрын.

Балалар зейін қойып, мұқият тындады.

Әрекет кезеңдері:

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Тәрбиешінің іс -әрекеті:

- Мұрын не үшін керек?

- Мұрынның қызметі?

Сергіту сәті:

Иілеміз онға бір,

Иілеміз солға бір.

Тәрбиеші қарайды,

Он аяққа, солға бір

Балаларға сұрақтар қою. Жұмбақ жасыру.

Д\о: "Жұмбақ не туралы?"

Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын) .

Сабақты қорытындылау.

Жақсы қатысқан балаларды мақтау және мадақтау.

Балалардың іс -әрекеті:

Дем алу үшін керек.

Иіс сезу, дем алу т. б.

Балалар бірге осы қимылды жаттығуды жасады.

Балалар сұрақтарға жауап берді. Жұбақтардың жауабын шешіп, бірге қайталады.

Балалар ойынға белсене қатысты.

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Сезім мүшелерін біледі.

Түсінігі: Мұрынның қызметін түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мұрынды таза ұстауды, шұқымауды, салауатты өмір салтын ұстануды меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі: Гүлайым Аубакирқызы.


Ұқсас жұмыстар
Ұлпалардағы газ алмасу
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Тыныс алу мүшелері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Көмей. Кеңірдек. Бронхтар
Жүректің құрылысы
Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі қандай тіл
Тыныс алудың маңызы. құрылысы мен қызметі
Өкпедегі газ алмасу
Тынысалу мүшелері (ашық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz