Тек ата

«Нысанбек жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы».

Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайдтар

Құрал жабдықтар:мейірімді жүрек, үлестірмелі қағаздар, смайлик

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі : амандасу, шаттық шеңбері(слайд) :

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Топқа бөлу: өлең жолдары арқылы 2 топқа топтастыру.

Сабағымызды бастамастан бұрын 2 топқа ереже көрсету(слайд)

Мұғалімнің кіріспе сөзі (құндылық турулы түсінік беру)

Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т. б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі - ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. .

Негізгі бөлім :

1. Мақалдарды дұрыс құрастыру;

2. Тыйым сөзді жалғастыр;

3. Қазақтың құнды өсиеттері;

4. Жағдаяттарды шешу.

1. Мақалдарды дұрыс құрастыр.

*Туған жердің қадірін . . . (шетте жүргенде білесің),

* Намысы бар жігіттің . . . (нар күшіндей күші бар),

* Талабы жоқ жас - . . . (қанаты жоқ құс),

* Ақылды өзінен көреді . . . (ақылсыз ағайыннан көреді),

* Жақсының айтқаны келмейді . . . (жаманың сандырағы келеді) .

2. Тыйым сөздерді жалғатыр.

*Бос бесікті . . . (тербетпе) }

*Нанды бір қолмен. . (үзбе) }
*Жағыңды. (таянба) }
*Су шашып. (ойнама) }
*Пышақты шалқасынан……. . (қойма) }
*Бас киіммен. (ойнама) }
*Адамды(айналма) }
*Малды. . (теппе) }
*Отпен. (ойнама) }
*Түнде суға. . (барма) }

3. Қазақтың құнды өсиеттері.

Жеті қазына Жеті ата

Ер жігіт 1. Бала

Сұлу әйел 2. Әке

Ақыл, білім 3. Ата

Жүйрік ат 4. Арғы ата

Қыран бүркіт 5. Баба

Берен мылтық 6. Түп ата

Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата

Үш арсыз Үш тәтті

1. Ұйқы арсыз 1. Жан тәтті

2. Күлкі арсыз 2. Мал тәтті

3. Тамақ арсыз 3. Жар тәтті

4. Жағдаяттарды шешу.

*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?

*Анаң сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

*Сенің жақсы көретінзатыңды бауырың байқаусыз бүлдіріп алды. Не істейсің?

Қорытынды: ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті - экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық - ұлттың тірегі !


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған Отбасы мен қоғам: отбасы, ата-тек, әдеп және достық бойынша сабақ жоспарлары
Бала тәрбиесіндегі ата-ана: ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы
Ата-ана махаббаты: отбасылық қатынастарды нығайту және ата-аналық әдеп
Ата-ана бақыты және бала тәрбиесі: ата-аналармен кездесу жоспары
Ата-аналарға арналған ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту семинар-тренингі
Ата-аналар жиналысы: Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу және ата-ананың рөлі
Баланың дамуы мен тәрбиесінде ата-ана мен мұғалімнің рөлі: ата-аналарға арналған тренинг
Мен және жанұям: ортаңғы буын оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Сынып тәрбиесінде ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы
Текті білу тегін емес: 2-сынып Өзін-өзі тану (ата тегі, жеті ата, туыстық құндылықтар)
Балаларды тәрбиелеуде ата-ана мен отбасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz