Балалармен қоштасу

«Нысанбек жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

image(30)

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева

«Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері»

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері»

Тәрбие сағатыныңмақсаты:

- Отбасықұндылықтары мен дәстүрлеріннасихаттау, -қатынасжасауғаүйрету, білімдерінкеңейту;

- , , жаман мен жақсыныажыратабілу, ;

Тәрбиесағатыныңәдісі: Ойынәдісі

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер, тақтаға арналған безендірулер, сыйлықтар.

I. Кіріспе бөлім

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Психологиялық дайындық

II. Негізгі бөлім:

1) Тақырыппен таныстыру

2) Мультфильмнен үзінді көрсету

3) Топқа бөліну

4) Ойындар ойнату

III. Қорытынды бөлім:

1) Сабақты аяқтау

2) Балалардың сабақ жайлы ойын білу

3) Балалармен қоштасу

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық дайындық:

Балалар шаттық шеңберінде тұрады. Бірінші ойыншы «Сәлем, менің есімім- Айгерім. Бүгін менің көңіл-күйім тамаша. Мен бүгін көңілдімін. » деп өзінің бүгін қандай көңіл-күйде екендігімен бөліседі. Сөйтіп барлық оқушыларға сөз беріледі.

Тақырыппен танысу:

-Балалар, Отбасы сөзі сендер үшін нені білдіреді? Отбасы дегеніміз не? Отбасыға кімдер жатады?

(Балалардың пікірлері)

-Иә, шынымен де, тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Отбасында орнаған береке-бірлік, татулық, сыйластықтың Отанымыздың кемелденіп өсу жолында алар орны ерекше. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.

-Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

- Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

- Кім бұл? (ата)

- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары) .

- Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

- Бұл кім? (әже)

- Оны қалай білдіңдер?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары)

- Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

-Бұл кім? (әке)

-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т. б. ) .

- Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты, . . . )

-Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам?

-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)

-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым) .

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)

- Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?

-Аға, апке.

- Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)

- Саған апкешім, ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?

- Іні, қарындас.

-Сен оларға қалай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)

-Балалар, бұл адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Отбасы .

Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, апке. т. б.

Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір - біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.

-Ал енді, отбасылық дәстүрлер дегенді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауаптары)

-Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - «Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері».

-Отбасыларыңда қандай дәстүрлер бар? ( Жыл сайын саяхатқа аттану, туған күн (басқа да түрлі мерекелерді) тойлау, концерттерге, театрларға бару, бірлесіп сыйлықтар дайындау және т. б)

(Балалардың жауаптары)

-Балалар, өздерің білетіндей, біз үштілділікке көшіп жатырмыз. Олай болса, осы тақырыпқа байланысты сөздердің үш тілде қалай айтылатынын есте сақтап алайық!

1) Отбасы-семья-family

2) Мереке-праздник-celebration

3) Дәстүр- традиция- tradition

4) Отбасылық дәстүрлер-семейные традиция- family tradition

( «Олаф. Холодное приключение. Поиск семейных традиции» мультфилімінен үзінді көрсетіледі)

(Балалар мультфильм үзіндісі жайлы өз ойларымен, пікірлерімен бөліседі. )

-Әр отбасыда отбасылық дәстүрлер болуы керек пе?

(Балаларды пікірі)

Топқа бөліну:

Оқушылар парта бойынша 3 топқа бөлінеді. Балалар өздері топтың атауы мен көшбасшысын таңдайды.

Ойындар ойнату:

1) «Ойлан, жұптас, бөліс» ойыны

Әр топқа А4 форматта қағаздар мен маркерлер таратылып береді.


Ұқсас жұмыстар
Күліп тұрған бала
Баланың балабақшаға бейімделуі
Күзгі жапырақтар
Сабақтың уақыт
Атамекен. тест, 3-сынып
Құрылысшылар ойыны
Әліппемен қоштасу
Әліппем менің әліппем
Достарыңмен мектепке барғандарың
Қайдағы әріптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz