Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру
Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде
құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-
өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай-ақ, оқушыларды Отанын, жерін,
орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнкілігі: Құстар жайлы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, буклеттер,
сөзжұмбақтар.
Барысы:
Жүргізуші: «Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті»
дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың
құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды
республиканың қай түкпіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені туған
өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне
мүмкіндік жасайды.
1-оқушы:
Наурыз келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2-оқушы:
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
3-оқушы:
Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талды бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «менің» тұрағым.
4-оқушы: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз
құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті.
Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына
бөленді.
5-оқушы: Сондықтан да достар сендерді мектебіміздің оқушылары атынан
осы мерекемен құттықтаймыз. Ендеше мерекемізді бастайық...
6-оқушы: Меркемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орны мен адам
өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, викторина, жұмбақ шешеміз, ойын ойнап ән
саламыз.
7-оқушы: Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан-ақ басталған.
Оған дәлел халықтық аңыз ертегілер, құстар жайлы айтылатын ән-жырлары.
Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі
ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы жақсылық
жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында
қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге
«дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
Жүргізуші: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал-мәтелдер,
аңыз-әңгімелер көп жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл
адамдардың құстарға деген көзқарасын айқындай түскендей.
ӘН: «Құстар әні»
1-оқушы:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
2-оқушы:
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Сахнаға билеп «Көктем» шығады.
3-оқушы:
Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.
Көктем: (Залға қарап бас иіп)
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
Сахнаға құстың ұясын көтерген балалар шығады. Көктемге сәлем береді.
1-оқушы:
Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
Көктем:
Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
1- оқушы: Енді құрметті достар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына
жауап берейік.
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанаған? (Көгершін)
3. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960)
4. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
6.
Жүргізуші: Құстарға арналағн көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай
біраз жұмбақ шешіп көрейік.
Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап, (Балапан)
ӘН: «Ақ көгершін»
Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған
«Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz