Ғаламтордың пайдасы мен зияны: сабақ жоспары, оқу мақсаттары және бағалау

: Сабақтың тақырыбы
Ғаламтордың пайдасы мен зияны
:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О6 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасайды, іріктеп оқиды, зерттеп оқиды.

ТА5 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

: Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады :

Мәтінді іріктеп оқи алады, зерттеп оқиды. Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға жауап береді.

:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінді іріктеп оқиды, зерттеп оқиды. Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға дәлелді жауап береді. Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады.

:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтінді іріктеп, зерттеп оқиды, комментарий жасайды. Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға дәлелді жауап береді. Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

: Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Мәтінге комментарий жасайды. Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыра талқылайды.

: Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: компьютер, техника, интернет, ғаламтор, монитор, қоршаған орта.
:

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

техника қауіпсіздігі, ғаламтор әлемі, интернет желісі.

:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Интернет дегеніміз не?

2. Алғаш рет интернет пайда болған жыл?

3. Ғаламтордың пайдасы мен зиянының айырмашылығы неде?

: Құндылықтарға баулу
жаңашылдыққа тәрбиелеу.
: Пəнаралық байланыс
информатика.
: Тақырып бойынша алдыңғы білім
Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Ғаламторды пайдалануды біледі.
: Сабақ барысы
: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
:

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып үш топқа біріктіру. Видеоролик көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашып алу.
Интербелсенді тақта
:

Сабақтың ортасы

5мин

10мин

7мин

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтор - жаһандану заманында әлеуметтік-технологиялық ортада сөз бостандығы мен ешкімге бағынбаушылықтың, кіріптар болмаудың қағидасы ретінде көшбасшы үлгі болды. Әркім өз ойын ғаламтор арқылы ашық айта алады.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттер ғаламторды осылай бақылайтын болса, алдағы бір-екі жылдықта тек мемлекеттік лицензиясы бар БАҚ сайттары ғана қалады. Қалғаны жүз пайыз құқық қорғау органдарының «құзырында» болатын сыңайлы.

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтер қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен. Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.

(Жалғасы бар)

«Ойлан, бөліс, жұптас» әдісі арқылы үш топқа тапсырма беру.

Іріктеп оқу:

  • Ғаламтордың пайдаларын іріктеп жазып шығыңыз.
  • Ғаламтордың зиянды жақтарын іріктеп жазып шығыңыз.

Зерттеп оқу:

  • Қазіргі жастар желілерге тәуелді болғандықтан неліктен өзіне деген сенімділігін жоғалтады?
  • Ғаламтор жаһандану заманында әлеуметтік желілердің пайдасы неде?

3. Комментарий жасау

Бейнеролик тыңдалады. Тыңдалған мәлімет бойынша проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректерден алып жауап береді.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы туындаған проблемалық сұрақтарға жауап алынады:

  • Ғаламтордың пайдалы жақтарын ата?
  • Ғаламтордың адам ағзасына келтіретін зияны?
  • Қазіргі таңда ғаламторсыз өмір сүруге бола ма?
:

Сабақтың соңы

7 мин

4мин

« Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін қорытындылаймын.

« Мидың суретін сал » тәсілі оқушылар рефлексия жасайды.

А4 парақтары
: Қосымша ақпараттар
:

Саралау - Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

:

Қабілетті оқушылармен жұмыс:

« Дербес пікір жазу » тәсілімен жұмыс жасау

Үлгерімі төмен оқушылармен

жұмыс:

Сөздікпен жұмыс

Қалыптастырушы бағалаудың

«Смайликтермен бағалау» әдісі

Сергіту сәті
:

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не


Ұқсас жұмыстар
Ғаламтордың балалар психологиясына әсері: пайдасы мен зияны
Адам әсерінен жер бетіндегі өзгерістер: пайдасы мен зияны
Интернеттің пайдасы мен зияны және жасөспірімдерді саналы пайдалануға тәрбиелеу
Агентомания: интернет агенттердің жастарға әсері, пайдасы мен зияны
Интернет қауіпсіздігі туралы сынып сағаты: пайдасы, зияны және сақтану ережелері
Компьютердің пайдасы мен зияны: пікірсайыс сабақ жоспары (8-10 сынып)
Бүкіләлемдік өрмек - Интернет: тарихы, қолданылуы, пайдасы мен зияны
4-сыныпқа арналған Қауіпсіз ғаламтор: пайдасы, зияны және қауіпсіздік ережелері
Шайдың тарихы, түрлері, құрамы және адам ағзасына пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны: қауіпсіздік ережелері мен денсаулық сақтау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz