Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жауаптарыңыз дұрыс
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»
Сабақтың тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды интеллектуалды сайысқа қатыстырып, жан-
жақты білімді болуға, өзіне деген сенімділік қасиетін қалыптастыруға
бейімдеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастырып, өзін-өзі
тану, дүниетану, ана тілі, логика пәндері бойынша меңгерген білім, білік,
дағдыларын жетілдіру, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау,
жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін,
есте сақтауын, ойын дәл, нақты айтуға дағдыландыру, инновациялық
технологияларды қолдану арқылы топтық жұмыс істеуге, шығармашылыққа,
бәсекеге қабілеттілікке, дарындылыққа баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,
шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, сұрақ-жауап, қара жәшік,
музыкалық кілт, конверт, зырылдауық, ноутбук, видеокамера.
Сабақтың түрі: зияткерлік сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика, музыка, логика,
өзін-өзі тану.
Тәрбие сағатының жүргізілу барысы:
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бала қыран, жас шәкірт,
Намыс туын жоғары
ұстаңыздар!
ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры екені аян. Қазір сендер осы
уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін, «Не? Қайда? Қалай?» атты
интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Бұл сайыста оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады. Сайысқа алты
оқушы қатысады, қарсы алыңыздар! Қамқоршы да ержүрек ------------, сабырлы
да салмақты ----------------, өнерлі де шебер----------------, табанды да
төзімді --------------------, мейірімді де кішпейіл-------------------------
және де команда капитаны ақылды, зейінді --------------------------
Жүргізуші: - Ал сайыскерлер, көңіл-күйлеріңіз қалай, ойынға дайынсыздар
ма?
Мәдина: -Біз ойынға дайынбыз, Дана бикеш.
Жүргізуші: - Мәдина бикеш, командаңыздың дайындығы қалай?
Мәдина: -Біз дайынбыз, жүргізуші бикеш!
Жүргізуші:- Сіздерге сәттілік тілеп, сұрақ қоя отырып, ойынымызды
бастаймыз.
(музыка ойналады, ортада зырылдауық айналады)
Жүргізуші: 1-інші раунд.
9-сұрақ. Ұстаз Алмас Болатұлынан.
Мен есік терезесі жоқ үйде тұрамын. Үйден шығу керек болғанда,
маған үйдің қабырғасын бұзуыма тура келеді.
Сұрақ: - Мен кіммін? \Жұмыртқадағы балапан\(музыка)
Капитан: Біздің жауабымыз дайын. Біздің командадан бұл сұрақтың жауабын
Ақмарал бикеш айтады.
Ақмарал: Біздің ойымызша бұл сұрақтың жауабы – балапан.
Жүргізуші: Сонымен жауаптарыңыз дұрыс.
Есеп : 1:0
Жүргізуші: 2-ші раунд.
2- сұрақ. Кәсіпкер Еркінбек Жиенханұлынан. Мұқият тыңдаңыздар!
Ғылым, білім жемісін халық арасында жаюшы, таратушы, ақылдың кені,
білім бастауы, барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы - бұл
не? (музыка)
Капитан: Біздің жауабымыз дайын. Бұл сұрақтың жауабын Дамира бикеш
айтады.
Дамира: Бұл сұрақтың жауабы - мектеп.
Жүргізуші: Жауаптарыңыз дұрыс емес. Бұл сұрақтың жауабы – кітап.
Сонымен есеп: 1:1
Жүргізуші: 3-ші раунд.
7-сұрақ. Ұстаз Сайрангүл Жеңісбекқызынан.
Қазақ батырлары өз елін қорғау үшін әр түрлі қаруларды қолданып,
ерлікпен жауына қарсы тұра алған. «Ер қаруы бес қару» деп атаған. «Ер
қаруы бес қаруын» атап беріңіздер!
Жүргізуші: Мәдина бикеш жауаптарыңыз дайын ба?
Капитан: Жауабымыз дайын, бұл сұрақтың жауабын Гүлсезім бикеш айтады.
Гүлсезім: Бұл сұрақтың жауабы: қылыш, найза, шоқпар, айбалта.
Жүргізуші: Жауаптарыңыз толық емес. Бұл сұрақтың жауабы – қылыш,
найза, шоқпар, айбалта, садақ. Есеп 1:2
Жүргізуші: 4-ші раунд.
3-сұрақ тәрбиеші Гауһар Жеңісханқызынан. Бұл сұрақтың жауабын дұрыс
шешкен адамға сыйлық беріледі.
Батима электрондық сағаттың көрсеткен уақытының сандарын қосуды жақсы
көреді. Мысалы: 21:17 көрсетсе, қосындысы 11- ге тең. Ал, енді, Батиманың
ең үлкен қосындысы қандай сан болып шығады деп ойлайсыңдар?
Жүргізуші: Мәдина бикеш, жауаптарыңыз дайын ба?
Жүргізуші: Мәдина бикеш,жауаптарыңыз дайын ба?
Капитан: Жауабымыз дайын жүргізуші бикеш, бұл сұрақтың жауабын Асылай
бикеш айтады.
Асылай: Біздің ойымызша бұл сұрақтың жауабы 23: 19
Жүргізуші: Жауаптарыңыз дұрыс емес. Дұрыс жауап – 19. Сонымен есеп 1:3.
Жүргізуші: 5-раунд.
5 сұрақ жылу жүйесінің қызметкері Болат Қайсаұлынан.
Сұрақ: - Елордамыз Астанада Қазақстан мемлекеттігінің басты бейнесі
ретіңде тарихқа монумент енді. Бұл қандай монумент?

Капитан: Дана бикеш, біздің жауабымыз дайын, бұл сұрақтың жауабын
Дәулет мырза айтады.
Дәулет: Біздің ойымызша, бұл - «Қазақ елі» монументті.
Жүргізуші: жауаптарыңыз дұрыс. Сонымен, есеп 2:3.
Жүргізуші: 6-раунд.
4-сұрақ Зейнеткер Бақыт апайдан.
Сұрақ: Ніл өзенінің сағасында Фарос деген кішкентай аралда әлемді
қайран қалдырған зәулім мұнара орналасқан. Ол біздің заманымызға дейінгі
327 жылы салынған. Ол кемелерге жол көрсетіп тұруға арналған. Фарос
аралында не орналасқан?
Капитан: Жауабымыз дайын. Бұл сұрақтың жауабына өзім жауап берейін.
Бұл сұрақтың жауабы - Александрия мұнарасы.
Жүргізуші: Сонымен, жауаптарыңыз бұрыс па, дұрыс па екенін тексеріп
көрейік. Жауабы - Александрия мұнарасы. Яғни, жауаптарыңыз дұрыс. Есеп 3:3.
Жүргізуші : 7-раунд.
10-сұрақ сыныбымыздың ата-анасы Нүргүл Бидақметқызынан.
Сұрақ: Ол түс көреді, түсінде ақ киімді кісі аян береді: «Сенің
жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен, оған нар
түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті
айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетіспей тұр. Осының бәрі болса
қобызың сайрағалы тұр», - деген екен. Ақ киімді кісі кімге аян берген?

Капитан: Жауабымыз дайын, бұл сұрақтың жауабын командамыздан Ақмарал
бикеш айтады.
Ақмарал: біздің ойымызша, бұл - Қорқыт ата.
Жүргізуші: Жауаптарыңыз дұрыс. Есеп 4:3
8-раунд
Жүргізуші: Сонымен, студияда «Қара жәшік»!
- Алдар көсе Шықбермес Шығайбайға қонаққа барғанда, өз атын қандай
заттың көмегімен аман алып қалды? Сол зат осы жәшіктің ішінде.
Капитан: Жауабымыз дайын. Бұл сұрақтың жауабын Дамира бикеш айтады.
Дамира : Алдаркөсе атын бордың көмегімен аман алып қалды.
Жүргізуші: Жәшікті ашып, жауабының дұрыс-бұрыстығын тексерейік.
Жауаптарыңыз дұрыс. Есеп 5:3
9-раунд
8-сұрақ оқушы Елдана Талантқызынан. Бұл сұраққа жауап берген командаға
сыйлық беріледі.
Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. 28 саны қай
айда кездеседі?
Капитан: Жауабымыз дайын. Бұл сұраққа Гүлсезім бикеш жауап береді.
Гүлсезім: 28 саны барлық айда кездеседі.
Жүргізуші: Әрине, сендердің жауаптарың дұрыс! Есеп 9:3.
Сіздер жеңіске жеттіңіздер! Құттықтаймыз!
Осы сайыста өз білімпаздығымен, аса көреген тапқырлығымен көзге
түскен оқушылар марапатталады. Жеңімпаздарға арналған сыйлықтарды
тапсыруға рұқсат етіңіздер.
- Құрметті көрермендер! «Не? Қайда? Қалай?» атты интеллектуалды
ойын-жарысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы! Білімдеріңіз
сіздерді әрдайым жеңістерге жетелесін! Қош сау болыңыздар!
Пайдалынған әдебиеттер:
Ана тілі. С.Ахметова. Т.Абдікәрмова Атамұра баспасы 2014ж.
Дүниетану. К.Жүнісқызы. Ә.Бірмағамбетова Атамұра баспасы 2011ж.
Қызықты математика. Ә.Ақпаева Алматы баспасы 2012ж.
Музыка. Ш.Куманова.М.Оразалиова Атамұра баспасы 2004ж.
Математика. Т.Кучер.Г.Акрамова Атамұра баспасы 2012ж.
Математика бастауыш сынып оқушыларын олимпиядаға дайындау.
Ж.Бейсеков. А.Жақсыбаева. Шымкент2008ж.
Өзін-өзі тану.С.А.Назарбаева.Алматы Бөбек 2012ж

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz