Жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу: ұлтаралық келісім мен ынтымақты қалыптастыру

«Нысанбек жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

image(30)

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева

Сабақтың тақырыбы : ЖАСТАРДЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа ынтымақ, достық, бірлік, татулық жайлы

түсінік беру.

Дамытушылық : Ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, мәнерлеп өлең

оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : Отанын сүюге, тілін құрметтеуге, ынтымаққа

«Мәңгілік елдің патриоты» болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, тақырыпқа сай суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарларын сабаққа аудару.

Қ. Р. Гимн орындату.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Кіріспе

Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «ЖАСТАРДЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ» деп аталады.

Қазақстан - татулықтың, достықтың, келісім мен бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан туған жерім, Отаным» деп соғатын түрлі ұлт өкілдері тұрып жатқан қасиетті шаңырақ. Осы қасиетті мекенде тұратын алуан түрлі этностар өкілдерінің мәдениеті мен тілін, салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпын тоғыстырған бұл кең байтақ өлкеде барлық халықтар үшін жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Қазақстанда 130дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2016жылғы 26 сәуір қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен «мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды.

  1. Салт - дәстүрлер

Әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді. Қазақ халқының салт - дәстүрі: «Бастаңғы, Орыс халқы «Масленица», Татар «Сабан той», Ұйғыр «Машрап», Корей «Баланың 1жасқа толуы».

  1. Аңыз әңгіме

Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан» деп шырылдай береді. Кісі «мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен? Құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағын қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе әлгі бұтада ұясы бар екен. «Демек құстың Отаны ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды. Шынында да адам түгілі құстар да ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Дәйексөз, дәптермен жұмыс


* «Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады» .

* «Ынтымақ түбі - береке»

* «Татулық табылмас бақыт»

Жыр - шумақ. «Туысқан ел» Ж. Жабаев

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Алатау, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа дауыс кеп жатыр.

- «Бірлік» «татулық» туралы не білесіңдер?

- «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бірімен - бірі туысқан» деп айтады?
-«Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?
- Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?
Түйіндеу:
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет - ғұрпына сыйластықпен қарайды.

- Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Ойын «Қазақстанда тұратын халықтар»

Балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты лақтыру арқылы Қазақстанда тұратын халықтарды атайды.

ІІІ. Қорытынды

Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір - бірімен бір шаңырақ астында дос, жолдас және тату - тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны - Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты. Олай болса «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Бірлік болмай, тірлік болмас: Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен патриотизмді қалыптастыру
Жастарды конфессияаралық және этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу: Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциядағы жетістіктері
Пәндерді кіріктіре оқыту арқылы жеке тұлғаны қазақстандық патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу
Отбасынан басталатын оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің негіздері
Ынтымақты отбасы ата-ана мен балалар сайысының мақсаты мен бағдарламасы
2011-2020 жылдардағы білім беру бағдарламасы аясында жастарды патриоттық, адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу
Ауған соғысының тарихи мағынасы және ардагерлерді еске алу арқылы жастарды патриоттық тәрбиелеу
Жас ұрпақтың толеранттылығы мен ұлтаралық мәдениетін тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, отбасы және үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы
Қазақстан Халқы Ассамблеясы алдындағы Президенттің рөлі және ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы
Жаңа ғасырдағы толеранттылық пен үйлесімді қарым-қатынастар: жастарды тәрбиелеудегі білім беру мен ұстаздардың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz