Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сөз - анасы сәлем
Сөз анасы – сәлем
Мақсаты:
1. Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге
тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді
балаларға ұғындыру.
2. Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрі мен салтын,
мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру.
3. Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін
айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз
негізінде тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби монтаж.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, «Сәлем - әдептілік
белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты қабырға
газеттер. Оқушылар шығармашылығынан көрме.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Халықтық педагогика – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар,
шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған
ұлы тәрбие құралы болып табылады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге
тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қаны мен жанында.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Сөз анасы – сәлем» деп аталуы тәрбие
көзі сәлемнен басталатынын балаларға түсіндіру болмақ. Оның ішінде ең
адамға керектісі ата дәстүрі деп ойлаймын. Сәлем беру, сәлем алу сияқты
қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.
1-оқушы: Сәлем әдептілік белгісі.
2-оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген
түрлері бар.
3-оқушы: Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-біоінің амандығын біліп,
қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін
білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп, жақсылыққа жарылқауы.
4-оқушы: Әрбір адам «қайырлы таң» , «қайырлы күн» , «қайырлы кеш»
деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ
жарқын амандасуға тиіс.
5-оқушы: Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып
табылады.
6-оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстін
қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.
7-оқушы: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолымен
ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай
сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.
8-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта
«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»
деген әдеп бар.
9-оқушы: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе
ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем
береді.
ІІ. Мақал-мәтел айтысы
Ақсақал: Ассалаумағалейкум «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы
алпыс жасар қария сәлем береді» - демекші қалың қалай, балам?
Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші
еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.
Ақсақал: «Қонағын сыйласа, төрге шық» - дегендей төрге шығайын.
Жігіт: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз,
асқа отырыңыз.
Ақсақал: Ойбай-ау! «Жақсы ас алғанша, жаман қарын жарылсын».
Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.
Ақсақал: Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла
разы болсын.
Жігіт: «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу
да бір ғанибет қой ата.
Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дегендей келіп
тұрыңыз.
Жігіт: Есімім Қайрат. «Көрген жерде ауыл бар» дейді. Дегендей келіп
тұрыңыз.
Ақсақал: «Қонақта кел демек бар, кет демек жоқ» дейді. Қой қайтайын.
Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал», - демекші, жолыңыз болсын.
Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді
аталарымыз, сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.
Жігіт: «Кәрі, кәрінің сөзі дәрі» дегендей, о не дегеніңіз?
Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар». Қайтайын.
Жігіт: «Бір ауылда мың туысын болғанша, әр ауылда бір туысың болсын»
дегендей келіп тұрыңыз.
10-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге
байланысты емес.
11-оқушы: Халқымызда ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты
әжені, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.
13-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім,
қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.
ІІІ. Көрініс көрсету.
І. Қарт ата мен жас жігіттің сәлемдесуі (Нұртілек, Сәулет)
ІІ. Әже мен қыз баланың сәлемдесуі (Аяжан, Анель)
14-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол
әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.
15-оқушы: Сәлем беру – амандық, инабаттылық, көргенділік және
мәдениеттілік белгісі.
16-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да,
танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір
белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.
17-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан
адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айрықша құрметтеп сәлем беретін
болған.
18-оқушы: Соңғы қалыптсқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші
қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып
амандасады.
19-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыс ырғағына ерекше
көңіл аударып, қоныр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен,
әдеппен сөйлеу керек.
Мұғалім: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені», деп халқымыз бекер
айтпаған.
«Не деу керек?» әнін орындау
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
- Не деп барып жеу керек? Рахмет!
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
- Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз!
Әжең сенің түскі асқа,
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
- Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па?
Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Не деу керек? Сәлеметсіз бе?
ІҮ. Қорытынды
Көп жасаған қария Ата салты – ардақты,
Ақылы теңіз – дария. Әрбір сөзі -
салмақты
Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді
ұқпасаң,
Сөзі соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір
күні бармақты.
Мақал-мәтел: (Түсінік беру)
«Алыстан сәлем – береді, әдепті елдің баласы»
«Сәлем - әдептіліктің белгісі»
«Үлкенге құрмет – кішіге міндет»
Мұғалім: «Сөз саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын», - деп Жамбыл
атамыз айтқан екен. Ендеше, «Сәлем – сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың
баласы».
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz