М. Шахановтың Танакөз поэмасының композициялық құрылымы мен идеясына арналған аралас сабақ жоспары

Орындаған: ҚТӘ-31 тобының студенті
Даирова Сымбат
Сабақ тақырыбы: М. Шаһанов «Танакөз» поэмасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ мақсаты: Поэманы композициялық құрылымына және идеясына талдайды .
Сабақ міндеті:
- М. Шаһанов өмірі мен шығармашылығы жайында ақпаратты меңгереді;
- Композитциялық құрлымын және идеясын анықтайды;
- Поэмадағы кейіпкерлердің іс -әрекетін жинақтайды;
Күтілетін нәтиже:
Автор жайында берілген ақпаратты қолданады. Көтерілген мәселені анықтайды. Поэмадан үзінділер арқылы дәлел келтіре отырып, көркемдегіш құралдарды талдайды. Өз көзқарастарын ұсынады.
Қажетті ресурстар: әртүрлі таратпа материалдар, а4, интербелсенді тақта.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі “Жүректен-жүрекке”әдісі.
1-тапсырма . (ҰЖ) Білу. «1020» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру. (Ш. Муртаза «Қызыл жебе» романы)
- Рысқұл баласын қасына алдыру үшін кімге хат жазды?
А) Надзиратель б) Приходько
в) Губернатор
- Приходько балаларын гимназияға апарып - әкелуші кім?
А) Надзиратель б) Приходько в) Тұрар
- Тұрардың сауатын ашуға кім көмектесті?
А) Аркаша б) Рысқұл в) Наташа
- «Жүдеме. Жаралының жан серігі - жасымау! Жасыма! Ұқтыңба Тұрар!?» деген кімнің сөзі.
А) Бронников б) әкесі в) Ұстазы
- Надзирательдің жәбірінен Тұрарды құтқарған кім ?
А) Бронников б) Приходько в) Губернатор
- Ұстаздар Тұрарды алғаш қайдан кезіктірді?
А) Надзиратель үйінде б) Приходько үйінде в) Қырғызбай үйінде
- Оқуға түскенде Тұрар неше жаста болды?
А) 12 б) 11 в) 10
- Атамырза Тұрарға кім?
А) Сыныптас б) Әліпбаев в) ағасы
- Тұрарды Мерке учаскесіне жұмысқа алған кім?
А) Приходько б) Әліпбаев в) Семашко
- «Шынымды айтып жалынсам ба екен? Жоқ! Тіліңді тісте!» кімнің сөзі?
А) Рысқұл б) Тұра в) Семашко
(ТЖ) . Түсіну. «Түсіндіру» әдісі арқылы М. Шаһанов өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алады.
Топқа бөлу
Болжау: «Ребус» шешу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау.
«SmS-хабарлама» әдісі арқ
ылы М. Шаһанов өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар дайындап, басқа топтағы кез-келген адамға сұрақ қояды. (Қадыр Мырзалиев, Төлеген Айбергенов)
2-тапсырма . (ҰЖ) Білу-түсіну. «Джигсо» әдісі. Топ ішінде өзара оқиды, бөліседі, тындайды, талдайды.
«Танакөз» поэмасының желісі төрт тақырыптан құрылған. Тақырып құрлымы бойынша төрт топ жұмыс жасайды.
(ТЖ) . Қолдану.
Шығарманың сюжеттік композициялық құрлымына талдау.
Әр топ өздеріне берілген бөлімдер бойынша сюжеттерін анықтап, талдау жұмыстарын жасайды.
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
Бағалау критерийлері:
- поэма желісімен жұмыс жасай біледі;
- сюжеттерін анықтап, талдау жұмыстарын жасай алады;
3-тапсырма (ТЖ) Талдау. « Әдебиет лотосы» әдісі.
1. Поэмадағы кейіпкерлердің іс -әрекетін жинақтайды. Мұрат, Танакөз, лирикалық «Мен»
1-Топ
Авторы: Мұхтар Шаханов
Шығарма атауы:«Танакөз» поэмасы
2-топ
Авторы: Мұхтар Шаханов
Шығарма атауы:«Танакөз» поэмасы
3-топ
Авторы: Мұхтар Шаханов
Шығарма атауы:«Танакөз» поэмасы
4-топ
Авторы: Мұхтар Шаханов
Шығарма атауы:«Танакөз» поэмасы
4-тапсырма (ТЖ) Жинақтау. «Квест» әдісі арқылы поэмамен шығармашылық жұмыстар жүргізу.
- Шығарма идеясын анықтап, 4-5 сөйлеммен жаз.
- Шығарма құндылықтарын жазады.
- Берілген тапсырмаларды орындау.
1-2 топ: «М. Шаханов - ұлтжанды ақын» деген пікірді дәлелдейді
3-4 топ: «М. Шаханов- драматург ақын» деген пікірді дәлелдейді.