Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Орман жануарлары

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы:
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Мектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі: Шерубаева Г.Р
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
Барлық оқушылар: жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейім­ делуін түсіндіру;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар:
жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері бар үлестір­­ мелі парақшалар;
жаңғақтар, бүрлер, тұқымдар, дәндер, нан, сорпа, кәмпиттер (кейбірінің суреттері).
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);
жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.
Сабақтың мақсаты:
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі -- күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.

Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу -- бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай-ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.
Сабақ барысында оқушылар құстардың бірнеше түрін білетін болады.

Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.
Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­ терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.

Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екі жағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.

Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей. Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.

Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.
Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды. Сондықтан - олар қыста ұйқыға кетіп, көктемде оянады.
Есте сақта!
Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.
Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап, түрлі жыл мезгілдері бар үлестірмелі парақшаларды көрсетіңіз. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерек­ шеліктерін (белгілерін) атауы керек.

Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылаңыз. "Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?" деп сұраңыз. "Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық". Тиін қысқа қалай дайындалады? (Қор жинайды.)

Оқушылардан қор жинайтын тағы қандай жа­-нуарларды­ білетінін сұраңыз (aралар, борсықтар, аламандар,­ сұр тышқандар).

Зерттейік. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа жем үлгілерін (немесе солардың сурет­ терін) таратыңыз, адам немесе жануарлар қорек­ тенетін азық-түліктерді қосуға да болады (ет, нан, шырын т.б.). Қысқа қор жинайтын жануарларды атап, жазып алуды тапсырыңыз (тиін, тышқан, aралар, борсық, құндыз, боршатышқан, аламандар). Оқу­-шылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан­ қор жинайтынын анықтап, артығын алып тастасын. Олардың талқылауы: тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын деген бағытта өрбігені абзал. Әр топтың нәтижесін салыстырыңыз. Олар өз таңдауын түсіндірсін. Содан кейін "Олар қорларын қай жерде сақтай алады?" -- деп сұраңыз (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар -- омартада).

Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аударыңыз. Олардың кейбірі оқушыларға таныс болмауы мүмкін. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып,
олар туралы айтып беріңіз. "Құстардың бұл тобы қалай аталады? Қыстап қалатын құстарға қалай кө­ мектесуге болады?" (Қосымша жем беру.)
Орман жануарлары. Оқушылардың жануар­ лардың қысқы ұйқыға кетуі -- бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне­ ауысуы екенін түсінгені маңызды. Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын­ жануарлар да бар. Екі қатардағы суретті салыстыруды­ тапсырыңыз. Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? Қасқыр мен түлкі -- жыртқыш­тар­. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан -- бұтақтармен және қабықпен қорек­ тенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.
Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Музыка, дүниетану.
Сен білесің бе?
Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.
Шешуін тап. Кез келген тәртіпте сабақтың деректі материалын пайдалана отырып, сұр тырна, шұбаршымшық, сарыайдар үйрек, бұлдырық сияқты құстардың сипаттамасын оқыңыз. Оқушылар беріл­ ген тәртіпте торкөзге қажетті санды қояды.

Бағалау

Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білетін болады.
Қысқы орман. Оқушылар қысқы ұйқыға кететін жануарларды бояйды.
Жауабы:
Ұйқыға кететін жануарлар: аю, сарышұнақ, борсық. Қыстап қалатын жануарлар: бұлан, түлкі, тышқан, тиін, қасқыр.
Қысқа дайындық. Оқушыларға суреттерді сәйкес сөздермен байланыстыруды тапсырыңыз: азық қорын жинау, өрістеу, ұйқыға кету. Содан кейін суреттерді бояйды.
Егер оқушы тапсырманы қатесіз орындаса, онда тақырыпты жақсы түсінгені. Егер қате жіберсе, онда қай топтарды ажыратудан қателік кеткеніне назар аудару қажет.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: жаратылыстану
Мектеп: <<Шолаққорған>> жалпы орта мектебі
Күні: 26.10.2016ж
Мұғалім: М. Жанекеева
Сынып: 1 <<В>>
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы:
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіру
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар:
Жабайы және үй жануарларын ажырата алады
Көптеген оқушылар:
Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай өзгерістер жайлы әңгімелей алады.
Кейбір оқушылар:
жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіре алады
Тілдік мақсат
Оқушылар: Аң - құстар, жануарлар атауын дұрыс атай алады.
Пәндік лексика және терменология:
Жануарлар - животные - animals (энималс)
Құстар - птицы - birds (бөдс)
ұйқы - сон - sleep (слип)
Жазба жұмысына қажетті пайдалы тіркестердің топтамасы.
Талқылау:
Үй жанарларына қажетті жағдайлар жайлы не білеміз?
Ұйқыға кететін жануарларды білесің бе?
Жыл мезгілдері жанурлар тіршілігіне әсер ете ме?
Алдыңғы сабақ
Адамдар жануарлардан не алады?
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басы (0-6мин.)

0-1 минут

1-2 минут
3-6 минут
Психологиялық дайындық.
Балалар бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше болмақ.Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Олар біздің сабаққа деген ынтамызды, ойымызды,тәртібімізді қадағалап отырады. Бүгінгі сабақта білгендеріңді ортаға салып отырыңдар. Топтық ережелерді мұқият сақтауымыз керек. 1.Уақытты тиімді пайдалану.
2.Сыныптарыңның ойын жеткізуіне кедергі жасамау.
3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.
Жарайсыздар, балалар! Осылай бірлесе, топпен келісе отырып, бүгінгі сабақта белсенді жұмыс жасайды деп сенемін!
Өткенді пысықтау. Адам жануарлардан не ала алады?
Топтық жұмыс "Үй жануарларының хоры" ойыны.
Бірінші топ -- сүт беретін жануарлар; екінші -- үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ -- жұмыртқа беретін, ал төртінші топ -- қымыз беретін жануарлар.
(Мә - мә - мә, мө - мө - мө 2 - топ: Мияу, гаф
3 - топ: Қыт - қыт - қыт 4 - топ:Кісінеу)
Үй жануарларынан алынатын азықтар жайлы әңгімелейді
Дискриптор
1.Оқушы жұппен жұмыс жасай алады.
2. Адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;
АКТ қолдану

Ортасы 7-24 мин

7-10 мин

11-16 мин

17-20 мин

21-24
Мақсат қою
Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіру
Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап,түрлі жыл мезгілдері бар слайдтар көрсетіледі. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін (белгілерін) атайды.
Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылау.
- Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?
Мүмкін жауап: -Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық
Электронды оқулықты пайдалану арқылы жаңа сабаққа түсінік беру.

Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі -- күрделі үдеріс.
Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу -- бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі.
Зерттейік: Әр топқа жем үлгілері (суреттері) таратылады, қысқа қор жинайтын жануарларды атайды. Оқушылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан қор жинайтынын, неліктен олай екенін анықтап, артығын алып тастайды. Әр топ нәтижесін салыстыру.
Дискриптор
- қысқа қор жинайтын жануарларды атайды;
- қысқа қор жинаудың себебін талдап, айтады
Бұлан мен суыр туралы қосымша мәлімет айтылады.
Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі жануар.Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді,салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді.
Суырлар - орманды далада, шөлді жерлер мен мен таулы аймақтарында кездеседі. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 - 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.
Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аудару. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, олар туралы айтылып, анықтама беріледі.
- Құстардың бұл тобы қалай аталады?
- Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесуге болады?
Құстар: Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.
Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек - терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Солтүстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.
Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.
Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл - . Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.
Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.
Дәптерде берілген тапсырма орындалады.
Дискриптор
- құстар атауларын айта алады;
- неліктен жыл құсы деп аталатындығын нақтылайды
- дәптердегі тапсырма орындалады
Есте сақта!
Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.
Ым - ишира:
Мұғалім жануарлар суреттерін, ойыншық бейнелерін көрсетеді, оқушылар үнсіз не жасайтынын қимылмен көрсетеді
Дискриптор:
Жануарларды тани алады, атайды.
Қысқы ұйқының маңыздылығын түсіндіре алады.
Дәптермен жұмыс
Қалыптастырушы бағалау
Оқушы ,оқу мақсатына жетті:
Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білді

АКТ

Электронды
оқулық
<>

Оқулықпен жұмыс

жұмыс дәптері

Бірін- бірі бағдаршам көздері арқылы бағалау
Соңы
(30-35 мин.)
-Бүгінгі сабағымызда қандай қызықтармен таныстық?
-Қай жануардың тіршілігі ерекше?
Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.
Толық түсінсе- жасыл
Жартылай түсінсе-сары
Мүлдем түсінбесе-қызыл түстерін көтеру арқылы анықтаймын.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды ма, неліктен?
Бағалау.
Оқушылар сабақ соңында:
Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай өзгерістер жайлы әңгімелей алды.
Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіре алды

Пәндік байланыстар:
Өнер, сауат ашу пәндерімен т.б.

Ұқсас жұмыстар
Қамбар ата
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары жайлы ақпарат
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Тақырып - Орманның пайдасы және оны қорғау
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.қорғау.(қысқа мерзімді жоспар).4 сынып
Топқа бөлу
Жануарлардың қандай түрлері болады
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Жануарлар әлемі жайлы ақпарат
Пәндер