Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Тақырыбы: Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар, интерактивті тақта

Ән: «Ұстазым»

Фанфар
1- жүргізуші

Армысыздар, бармысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаз дар!

2-жүргізуші

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз ыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

1- жүргізуші

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаз дар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаз дарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаз дық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаз дар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән:

1- жүргізуші
Ұстаз дар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүргізуші Аяжан, екеуміз ұстаз дар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші Ал ендеше баста.
2-жүргізуші « Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»
1-жүргізуші « Ұстаз ға қарап шәкірт өседі»
2-жүргізуші «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-жүргізуші « Ұстаз ыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-жүргізуші « Ұстаз ы жақсының-ұстамы жақсы»

1-жүргізуші Екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаз дар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2-оқушы:
Мұғалім ді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалім ді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалім нің мұғалім ін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

3-оқушы:
Ұстаз дарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстаз ға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы:
Мұғалім - ұстаз ысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын « Ұстаз ым!» деп басымды иіп.

2-жүргізуші
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалім ді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1-жүргіуші

Сен қалай ойлайсың, Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаз дық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші

Аяжан, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаз дардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-жүргізуші Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Шолпан Сындетбайқызы Арпабаеваға беріледі

Ән

2-жүргізуші

Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші


Ұқсас жұмыстар
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік, тәрбие сағаты
Ардақтайық ұстазды
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Жас қырандар тобы
Ұстаз-ұлы тұлға. концерттік кеш
Армысыздар аяулы ұстаздар
"ұстаз-мәртебелі мамандық" ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шараның сценарийі
Ұстаз - ұлы есім . Марат Нығметжанұлын еске алу кеші
Қазіргі заман мұғалімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz