8-сынып физикасы: Электр тогының жұмысы мен қуаты - қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Білім беру ұйымының атауы
М. Шоқай атындағы №24 мектеп
Білім беру ұйымының атауы: Пәні:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: Физика
Білім беру ұйымының атауы: Бөлім:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: 8. 3 А Тұрақты электр тогы
Білім беру ұйымының атауы: Педагогтің аты-жөні:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: Беделбекова Айнур Анламасқызы
Білім беру ұйымының атауы: Күні:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: 23. 02. 24ж
Білім беру ұйымының атауы: Сынып: 8 А
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың тақырыбы:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: Электр тогының жұмысы мен қуаты.
Білім беру ұйымының атауы: Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: 8. 4. 2. 12 - жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың мақсаты
М. Шоқай атындағы №24 мектеп:

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың барысы
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың кезеңі//уақыты
М. Шоқай атындағы №24 мектеп: Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Білім беру ұйымының атауы:

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы

10 минут

М. Шоқай атындағы №24 мектеп:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш, теледидар, үтік т. с. с)

Электр тогы дегеніміз не? Электр тогының қандай әсерлері болады?

Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады. (теледидар, үтік, тоңазытқыш)
Білім беру ұйымының атауы: Өткен білімді еске түсіру
М. Шоқай атындағы №24 мектеп:

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т. б.

Бағалау критерийлері

- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

- алған білімін тұрмыста қолдана біледі

https://wordwall. net/ru/resource/67566874
Білім беру ұйымының атауы:

Жаңа білім

10 минут

М. Шоқай атындағы №24 мектеп:

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/04/03/original/637b094268c84b412e2feae935791f1d.png https://stroimaterials.ru/wp-content/uploads/2018/10/Dvoynaya-rozetka-83-1024x576.jpg http://spektrspb.ru/wp-content/uploads/2016/10/a2dd9103288e4f6e8fd2c22a01d94f85.jpg

Сабақтың тақырыбын ашады. Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін. Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін. Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор, миксер, үтік т. б)

Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?

Дескриптор:

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель жалғаудың формулаларын біледі

-Тізбектей,

параллель жалғаудың айырмашылығын ажырата біледі.

Жалпы балл-2

Білім беру ұйымының атауы:

Демонстрациялық

тәжірибе

Бекіту

15 минут

Сабақтың соңы.

10 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кер і байланыс

М. Шоқай атындағы №24 мектеп:

Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.

hello_html_df2c164.jpg

Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді. Мұғалім тақтаға A~U белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.

Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,

hello_html_3ee8c449.jpg

Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: A~I Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете A=I·Ut формуланы қорытып шығарамыз. SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c

II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең: P = А/t= I U

Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U 2 /R және P = I 2 R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған: 1Вт

«Айналмалы бекет» әдісі . Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3, 6·10 6 Дж екенін дәлелдеу.

864·10 6 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса, бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?

Жеке жұмыс. Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1. Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.

R 1 =9 Ом

R 3 =8 Ом

R 2 =6 Ом

R 4 =2 Ом

6 A

A

1- сурет

Жауабы: 26 Вт

  1. ҚуаттарыΡ1= 40 Вт жәнеΡ2= 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

Жауабы: 14, 4 Вт; 9, 6 Вт

3. Егер J 1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)

3 A

A

R 1 =10 Ом

R 2 =15 Ом

R 3 =4 Ом

Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1, 2 мм 2


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Электр тогының жұмысы мен қуаты
Ашық сабақ жоспары: Электр тогының жұмысы мен қуаты
8-сынып: Электр тогының жұмысы мен қуаты - сабақ жоспары және деңгейлік есептер
Электр тогының жұмысы мен қуаты: Джоуль-Ленц заңы (8-сынып)
Электр тогының жұмысы мен қуаты: Джоуль-Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуаты: энергияның жылуға трансформациясының негіздері
8-сынып физикасы: Зертханалық жұмыс №7 - электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау
Сабақ жоспары: Электр тогының энергиясы мен қуаты
Электр тогының жұмысы мен қуаты: Джоуль-Ленц заңы бойынша сабақ жоспары мен есептер
Орта мерзімді жоспар: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау; электр тогының жұмысы, қуаты және Джоуль-Ленц заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz