Отбасы мейрамдары

Менің мамандығым - менің мақтанышым!

Менің мамандығым - менің мақтанышым!
Адам баласының өмірлік серігі оның Құдай қосқан жары болса, ал еңбектегі серігі таңдаған мамандығы. Міне, тіршілікте адам баласы осы екі дүниені таңдауда қателеспеуі шарт. Мамандық - кез - келген адам үшін өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, біліктілікті, өзіндік жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - мамандық ойлаған арман мен қалаудың орындалуы сондай - ақ отбасы дәстүрін жалғастыру болса, ал, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, білім шыңындағы дербестікке талпыныс, ал енді үшінші біреулер үшін әйтеуір бір мамандық иесі атану үшін таңдалған бұрыс бағыттың нәтижесі деп білемін. Осы кезде Кубалық жазушы, публицист Хосе Хулиан Мартидің «Мамандық таңдау - өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық - адам болып қалу» деген сөзі есімізге түседі. Иә, мамандық өз тағдырыңды таңдаумен бірдей. Дұрыс таңдалмаған мамандық өмірде де еңбекте де өкініш тудырары сөзсіз, сондықтан адам баласы өмірде өз таңдауына өкінбейтіндей, өз қабілетіне қарай, жүрек қалауымен сүйікті мамандығын таңдаған кезде ғана үлкен белестерді бағындыра алатынына сенімдімін.

Сондай мамандық таңдаудың аса маңызды кезеңін бастан өткерген мен үшін әкемнің берген кеңесі өмірлік, еңбектік серігімді жүрек қалауымен таңдауыма үлкен бір себеп болды. Дана халқымыздың «жеті рет өлшеп бір рет кес» деген ұранымен бүгінгі таңда әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оның ішінде Әлеуметтік жұмыс мамандығының студентімін.

Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс - әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс - ізгілік пен қайырымдылыққа, сыйластық пен өзара сенімге негізделген кәсіп.

Кез - келген бітіруші түлектің көкейін «Әлеуметтік қызметкер болып қандай орталықтарда қызмет атқаруға болады?!» деген сауал мазалайтын болуы мүмкін, міне сондай түлектер үшін айтарым, бүгінгі күнде әлеуметтік қызметкерлер Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында (ХҚКО) ; түрлі бағыттағы оңалту орталықтары мен дағдарыстық орталықтарда; Халықты жұмыспен қамту саласында; ауруханалар мен емдік - профилактикалық сауықтыру мекемелерінде; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету орталықтарында және жастармен, егде жастағы азаматтармен, көпбалалы немесе көмекті қажет етуші отбасылармен тікелей жұмыс жасайтын, көмек беретін және т. б. мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқаруға мүмкіншіліктері бар. ҚазҰУ - дың Әлеуметтік жұмыс мамандығының бітіруші түлектері бүгінде әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде өз білімдерін шыңдап қана қоймай, мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының ұжымы шығармашылық потенциалды жауапкершілікпен, өз кәсібіне және университетіне жан - тәнімен берілген.

Сабақтың тақырыбы: Күн шуағым - отбасым.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

- отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу;
- отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
- отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекіліктер: слайд, ағаш, күн суреттері, жүрекше.
Шаттық шеңбері. (баяу музыка ойнап тұрады)
«Жүректі» мұғалім оқушыларға осы сабақты бастау үшін жақсы тілектер айтып бір оқушыға береді. Оқушы келесі оқушыға өз тілегін айтып айтып жүректі ұсынады. Осылай барлығы жүректі бір-біріне ұсыну арқылы шаттық шеңберін құру.

Топқа бөлу. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

1. Сүйіспеншілік

2. Мейірімділік

3. Қамқорлық

Әр топ бөлінгені бойынша түсінік беру.
Қызығушылықты ояту.
1. “Аялау”, “қадірлеу”, “қадірін білу”- деген сөздерді қалай түсінесің?
2. Ата - анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
3. «Ана», «әке» деген сөздер қандай сезім тудырады?

Топтық тапсырма Постермен жұмыс

І топқа : «Бақытты жанұя. Ол қандай?» ІІ топқа: «Жанұядағы жанжал. Оны шешу жолдары. » ІІІ топқа: «Отбасы мейрамдары. Оларды өткізу жолдары. »

Тыныштық сәті. Визуалды есте сақтау. Әр оқушы әуенді тыңдап болған соң не сезінді және алдағы армандары мен қиялдарын айтады.

«Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: 1. Бала жетіге келгенше(жерден таяқ жейді. ) 2. Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым. ) 3. Атаңның баласы болма (адамның баласы бол. ) 4. Әке көрген- оқ жонар, (шеше көрген-тон пішер. ) 5. Баланың ұяты әкеге, (қыздың ұяты шешеге. ) 6. Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі. ) 7. Ата-бәйтерек, (бала-жапырақ. ) 8. Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды. ) 9. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың. )

10. Әкесiн сыйламаған кiсiнi, (Баласы сыйламайды. )

11. Жалғыз баласы атқа шапса, (Анасы үйiнде тұрып тақымын қысады. )

12. Ана жақсылығын (Ауырсаң бiлерсiң. )
Отбасы деген атауда жалындаған оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы ошақтың түтіні түзу болсын.
Шаңырақтың үстінде кейде бұлт төнетін сәттер болатынымен келісеміз. Оған сендердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып тұрады деп ойлайсыңдар?

Сұрақ-жауап

Отбасы бір шаңырақ.
Шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек.
Шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?
3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?
4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?
5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің?
6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді?
7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің?
Видео -жағдаятты талдау. Өкінішке орай барлық бала толық қамтамасыз етілген отбасында дүниеге келе бермейді. Кейбір жағдайларға байланысты бала жетімдер үйлеріне тапсырылып, сонда өмір сүреді. Олар да ата-ананың жылуын, мейірімін аңсайтындығы белгілі. Міне осыған байланысты «Мен анамды сағындым» атты видеоны көрейік.
1. Бұл видео сендерде қандай сезім тудырды?

2. Жетім балалар туралы не айта аламыз?
Шығатын түйін: Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.
Қорытынды.
Мұғалім: бүгін менің көзім жетті, сендер өте тату отбасынан шыққан балалар екендеріңе. Оған сендердің бүгінгі іс - әрекеттерің куә. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет айтамын. Сабағымызды қорытындылай келе: отбасы ол шағын мемлекет. Осы мемлекеттің өз қуанышы, өз бақыты бар.

Осы сабақты қорытындылау үшін рефлексия жасаймыз.

«Екі жұлдыз, бір тілек. »

Екі жұлдыз-сабақта ұнаған екі нәрселері

Бір тілек- ұстазға тілек тілеу немесе ұсыныс айту.

Бағалау. Топ басшысы бағалайды.

Үйге тапсырма . «Менің жанұямның қызықты сәттері . . . » Фота жинақтап альбом құрастыру, немесе видео.

Дені сау адам - табиғаттыӊ еӊ қымбат жемісі Тәрбие сағаты
Ұқсас жұмыстар
Шаңырағым - шаттығым жайлы ақпарат
Ата-аналармен жұмыс
Отбасы және қоғам
Қазақстан халықтарының мейрамдары
Рамазан айы
Ғажайыптар әлемі. қайталау
Наурыз-думан
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар
Қазақтың салт - дәстүрлеріне тоқталып кету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz