8-сыныпқа арналған қысқамерзімді тәрбие сағаты: Алматы - біздің қала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Алматы-біздің қала
Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші: Абдрим И. С
Жетекшісі: Айдосқызы А.
М. Базарбаев атындағы №138 гимназия
Алматы, 2024
Қысқамерзімді жоспар
Барлық оқушылар үшін:
Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту (7минут)
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Көңіл күйді анықтау» тренингі.
Шарты: Оқушылар стикерге өз көңіл күйлерін білдіру мақсатында смайликтер салады да, іледі.
- Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
- Неліктен?
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу (25 минут)
Білу және түсіну. - Берілген суреттерден қай қаланы көріп тұрмыз? -Алматы қаласының қай жерлерін тамашалап отырмыз?
Интерактивті тақта
«Постер қорғау» әдісі
Топтық жұмыс арқылы Алматы қаласының экологиясын, табиғатын, көрікті жерлерін ұжымдық талқылау. 3 топқа арнайы постер қорғауға арналған қағаздар таратылады.
Бас бармақ әдісі
Арнайы постер қорғауға арналған қағаздар
«Мәнерлеп оқу» әдісі. Ортаға шығып, оқушылар берілген өлеңдерді мәнерлеп оқуы қажет.
Оқушылар тақтаға бір-бірлеп шығып, өлең оқиды.
-Оқушылардың сауаттылығы арта түседі.
Интерактивті тақта
«Мақал-мәтелдерді сәйкестендір»
«3шапалақ әдісі»
Орташа жауап-1 шапалақ; Толықтыруды қажет етеді-2 шапалақ; Толық жауап-3 шапалақ.
Қиынды қағаздар
Сабақты бекіту (3 минут)
«Пицца» әдісі
Пицца қорапшасында белгілі бір сұрақтар берілген. Оқушылар кез-келген сұрақтарды таңдап, жауап беруі керек.
Оқушылар қалаған сұрақтарын таңдап, жауап береді.
-Оқушының сыни ойлау дағдысы арта түседі.
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия (7 минут)
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т. б.
Кері байланыс (3 минут)
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мұғалім оқушыларға бағалау парағын таратады.
«3шапалақ әдісі»
Орташа жауап-1 шапалақ; Толықтыруды қажет етеді-2 шапалақ; Толық жауап-3 шапалақ
Арнайы қағаздар
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2: