Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құқық қорғау органдары

--------------------------------------------------------------------------------

Мектеп
Қасыл Қатықбаев атындағы №168 мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
"Дені саудың-жаны сау"
Педагогтің аты-жөні:
Бальуразова Динара
Күні:
24.09.2024ж
Сыныбы:5<<Б>>
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру. Және оны сақтау әдістері туралы ақпарат беру.
2. Бұзақылықтың денсаулыққа және қоғамға зиянын көрсету. Салдары және онымен күресу жолдарын айту.
--------------------------------------------------------------------------------
3. Құқық қорғау шаралары туралы ақпарат беру. Құқық қорғау органдары мен құқықтық негіздер туралы түсінік беру.
Құралдар мен материалдар:
- Компьютер немесе проектор (слайд көрсету үшін)
- Дәптерлер, қаламдар
- Қағаздар, маркерлер
- Ойындар мен тапсырмалар үшін материалдар
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
3 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - "Жаны саудың дені сау". Мақсатымыз - денсаулықтың қаншалықты құнды екенін түсіну. Олай болса барлығымыз осы партаның үстінде тұрған түрлі-түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінейік.
1-топ: "Денсаулық сақтау"
2-топ: "Бұзақылықпен күресу"
3-топ: "Құқық қорғау органдары"
Топтарға бөлініп болсақ, әркім өз тобына барып жайғассын.

--------------------------------------------------------------------------------

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабақтың мақсатын оқып, тыңдайды. Одан соң топқа бөлінеді.
Стикер, қағаз
Жаңа сабаққа кіріспе
10 мин.

Ендеше балалар жаңа сабағымызды бастаймыз. Бүгін сендерге жаңа білім нәрімен сусындауларыңа тілектеспін. Олай болса біз бүгін түсіндірме және сұрақ-жауап әдісі бойынша жаңа сабақты меңгеретін боламыз. Ал ендеше танысайық:
Презентация:

1-бет: Денсаулық - физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйі. (Дж. У. Дьюи). Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу маңызды.
2-бет: Бұзақылық - қоғамның нормаларына қарсы әрекет ететін, адамдарға физикалық немесе психологиялық зиян келтіретін әрекеттер.Мысалы:
Зорлық-зомбылық, қорлау, ұрып-соғу. Бұзақылықтың құқықтық салдары - жазалау, құқық қорғау органдарының араласуы.
3-бет: Құқық қорғау органдары - заңды қорғап, құқық бұзушылықтарды анықтау және жазалау үшін жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдар.Мысалы: Полиция, прокуратура, ювеналды құқық қорғаушылар.
Ал ендеше түсінсек сұрақтарға жауап берейік:
Денсаулық - адамзаттың басты байлығы. Дені сау адам ешқандай қате іс-әрекетке бармайды. Құқық бұзбайды, бұзақылық немесе ақымақтық, өз-өзіне зиян келтіретін іс-әрекеттер жасамайды. Денсаулық адамға ең керек нәрсе. Оны сақтау үшін не істеуіміз керек? Сау өмір салтының әсемдігі неде?".
"Бұзақылық - қоғамның шырындарын бұзатын, адамның жаны жараланатын әрекеттер. Оның зияны туралы не ойлайсыз?"
"Құқық қорғау органдары - біздің қорғанышымыз. Егер сізге бірдеңе болған жағдайда олар сізге көмек беруге дайын. Олар заңды сақтау жолында қандай рөл атқарады?".

Оқушылар жауабы:
Оқушылар презентация мазмұнымен танысады. Барлығы ұойылған сұрақтарға қысқа әрі нұсқа жауап береді..
Презентация, слайд
Сабақтың ортасы
25 мин.
Сабақты тереңірек түсіну үшін мен сендерге ойын алып келдім. Ойынды бастайық:
Ойын 1: "Денсаулық қоржыны". Енді біз сауықтыру сұрақтарына жауап береміз. Дұрыс жауап бергеніңіз үшін ұпай алып, бақытты сәттеріңізді көбейтесіз!
Сипаттамасы: Оқушыларға денсаулық сақтау бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап үшін ұпай беріледі.
Сұрақтар:
- "Күнделікті қанша сағат ұйықтау ұсынылады?"
- "Қандай тағамдар денсаулыққа пайдалы?"
- "Неліктен спортпен айналысу маңызды?".
Ойын 2: "Құқық қорғаушы"
Топтарға бөлініп, құқық қорғаушы рөлін ойнаймыз. Сіздердің батыл шешімдеріңіз қандай болады? Соны тексереміз.
Сипаттамасы: Оқушылар топтарға бөлініп, әр топқа құқық қорғаушы рөлін ойнау тапсырылады. Олар құқық бұзушылық жағдайларын шешу үшін қандай әрекеттер жасау керек екенін талқылайды. Және сау адамның құқық бұзушылыққа бармайтынын көрсетеді.
Ойын 3: "Бұзақылықтың салдары". Енді бұзақылық жағдайларын талқылаймыз. Сіздердің ойларыңыз, нені қорғауымыз керек?
Сипаттамасы: Оқушыларға бұзақылық жағдайлары беріліп, олар бұзақылықтың зиянын және денсаулыққа әсерін көрсететін шешімдер ұсынады.
Жағдайлар:
- "Бір оқушы басқа оқушыны үнемі қорлайды. Нәтижесінде оның психологиялық жағдайы қалай өзгеруі мүмкін?"
- "Бұзақылықтың алдын алу үшін мектептегі қандай шараларды қолдану керек?"

Оқушылар бірінші сұрақтарға жауап береді.
Екінші топқа бөлініп, рөль ойнап шығады.
Үшінші жағдаяттыңшешімін табады.

Қағаздар, маркерлер, рөлдік ойынға көрнекіліктер.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

Денсаулықты сақтау, бұзақылықпен күресу және құқық қорғау шараларының маңыздылығын тағы бір рет нақтылайық .Оқушылар өз ойларыңызды айтсаңыздар: сабақтың маңыздылығын түсінгендіңіздер ме? Түсінсеңіздер енді сабаққа кері байланыс жасайық. Кімнің тақырыпты қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтаймыз. Мына суретке тақырыпты қай деңгейде меңгергендеріңізді белгілеңіздер және тақтаға жабыстырыңыздар.
Үй тапсырмасы:
- Оқушылар денсаулықты сақтау және бұзақылықтың алдын алу тақырыбында шағын эссе жазып келуі керек. - Эсседе құқық қорғау шаралары туралы да айту керек.
Оқушылар сабақта түсінбеген жерлерін сұрайды. Өз ойларын білдіреді. Стикерге сабақтан алған білімін, жетпеген жерін, толықтыратын мәліметтерді жазып, тақтаға жабыстырады. Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады.

Стикер, тақта

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар
Экологиялық сараптама түрлері
Азаматтық құқық
Құқықтық сана
Қбн-дан 9 сыныптарға арналған жылдық сабақ жоспары
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Адам. Оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру
Бас бостандығынан айыру
Оқушылар сұрақтары
Пәндер