БАЛА КІМ

Тәрбие сағаты
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”
Тәрбие сағаты: Күні
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: 15. 04
Тәрбие сағаты: Класс жетекші:
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Нурадинова А. Ж
Тәрбие сағаты: Класс:
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Қатысушылар саны: 22
Қатыспағандар саны:
Тәрбие сағаты: Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”:
Тәрбие сағаты: Сабақтың мақсаты:
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Тәрбие сағаты: Құндылықтарды дарыту
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Ата - аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағаты: Ресімдеу
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Слайд, презентация
Тәрбие сағаты: Музыкалық және бейне көркемдеу
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: интерактивті тақта, слайд
Тәрбие сағаты: Үлестірмелі материалдар
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Тәрбие сағаты: Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Презентация
Тәрбие сағаты: Дайындыққа арналған әдебиет
“Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім”: Интернет материалдары
Тәрбие сағаты: Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың кезеңі/ уақыт: Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Мұғалім әрекеті:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі - қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата - ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі

ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушы әрекеті: Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
РесурстарСабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Компьютер
Сабақтың кезеңі/ уақыт: Сабақ басы (13 мин)
Мұғалім әрекеті:

«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.

Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Оқушы әрекеті: Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т. б. ) .
РесурстарСабақтың техникалық құрал-жабдықтары:

Компьютер

Сабақтың кезеңі/ уақыт: Ортасы (20 мин)
Мұғалім әрекеті:

«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі - Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Оқушы әрекеті:

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

РесурстарСабақтың техникалық құрал-жабдықтары:

Қағаз

жіп

Сабақтың кезеңі/ уақыт: Соңы
Мұғалім әрекеті: Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Оқушы әрекеті: Ата-аналар жауап береді
РесурстарСабақтың техникалық құрал-жабдықтары: бейнежазба

Ұқсас жұмыстар
Атаңның баласы
Қыз бала
Абай шаңырағы
Түзету жұмысының барысы
Балаңыздың парталас көршісі кім
Жігіт сұлтаны (ашық тәрбие сағаты)
Менің туыстарым жайлы ақпарат
Шерхан мұртаза «тұтқын бала»
Мұхтар Әуезов кім
Қазақ ғарышкері кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz