Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте тақырыбындағы сабақ-сайыс: оқу жоспары мен өткізу тәртібі

Ж. Қаналиева

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

№ 105 орта мектеп

Тақырыбы : «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мақсаты :

  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту
  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
  • Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : нақыл сөздер, ақан - жазушылардың портреті.

Ұлағатты сөздер :

  1. «Ана тілін құрметтемеу - ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » . Ғабит Мүсірепов.
  2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.

І . Кіріспе сөз.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл - араб тілі, одан кейін - түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі » .

Ана тілім - арым, нәрім, қуатым,

Сенсің менің жан сырымды ұғатын.

Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,

Шағың келді биіктерге шығатын

Сайысымыз УІІ турдан тұрады :

І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

ІІ. «Сөз қаруы - ой » . Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )

ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы .

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

УІ. «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

І тур «Сәлемдесу ».

Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін - бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

ІІ тур . «Сөз қаруы - ой » .

Орыс тілін түсінемін, білемін,

Шет тілін де жаттап оқып жүремін.

Ата - бабам қастерлеген жанындай,

Ана тілім - менің нағыз жүрегім.

«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті » орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее » Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.

ІІІ тур . «Қанат қақты». Капитандар сайысы . Мақалдың жалғасын тап.

1. Тіл тас жарады,

(Тас жармаса бас жарады)

2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,

Тілімнен сүріндірме .

3. Піл көтергенді тіл көтереді.

4. Ат жүйрігі қасқа,

Тіл жүйрігі басқа .

5. Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

6. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ

7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды .

8. Қырғи тіл - қиыр қылыш

9. Икемді тіл инеден өткір.

10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,

11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

Қос тіл - қос қанатың

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір - бірімен тату - тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.

УІ тур . «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету, оқушалар олардың кім екенін анықтау керек.

Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек,

Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!

Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,

Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек .

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К .

1. Қай қалада тұрасың ?

2. Сенің сүйікті әншің?

3. Қандай тағамды ұнатасың?

4. Сыныптағы досынды ата ?

5. Жасын нешеде ?

6. Сынып мұғалімінің аты ?

7. Сен озат оқушысың ба ?

8. Математика пәні саған ұнайма ?

9. қандай мамандықты қалайсың ?

10. Кімге ұқсағын келеді ?

11. Сүйіп оқитын кітабың ?

12. Жазғы демалысты қалай өткіздің ?

13. Қазақстаннның астанасы ?

14. Парта неден жасалады ?

15. Қардың түсі ?

16. Сүйікті тағамын ?

17. Қандай гүлді ұнатасың ?

18. Мектепке немен келесің ?

19. Күзде ауа райы қандай ?

20. Сыныптағы ең сұлу қыз ?

21. Алматы қандай қала ?

22. Қыс айы немен ұнамсыз ?

24. Сен қандай оқушысың ?

Ана тілім күн нұры - шуақтайсың,

Мөлдір таза шын кәусар - бұлақтайсың.

Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан,

Темірқазық жұлдызым - шырақтайсың.

ҚОРЫТЫНДЫ .

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып: Өз тіліңді құрметте - мемлекеттік тілді дамытуға арналған пікірсайыс сабағы
Өз тіліңді құрметте: ана тілін қадірлеу және шешендік мұрасын таныту
Өзге тілді білу және өз тіліңді құрметтеу: ойын әдісі арқылы 2-сыныптық сабақ (Столичный лицей, Қазақстан халқы тілдерінің XIV қалалық фестивалі, 19 қыркүйек 2012)
Физика интеллектуалды олимпиадасының сайыс жоспары мен өткізу тәртібі
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар: математикалық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Мемлекеттік тілдің үздігі: Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған оқушылар арасындағы сайыс бағдарламасы
Ана тілін құрметтеу және өзге тілдерді меңгеру туралы ашық тәрбие сағаты
Ойлан тап - 6-8 сынып өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті бойынша сыныптан тыс сайыс
Сабақ жоспары: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз: ана тіліне тәрбиелеу және шығармашылық сайыс
Гимназия мергендері интелектуалдық сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz