Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы (9-сынып, қазақ әдебиеті)

Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Қысқа мерзімді жоспар
- Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;
- Шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу;
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу, жоқ оқушыларды белгілеу;
2. Үй жұмысын тест арқылы сұрау, алдыңғы тақырыпты бекіту;
3. Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру
4 . Махамбет Өтемісұлы туралы бейнеролик көрсету
Алдыңғы тақырыпты жазбаша түрде дайындалған тестке жауап береді
Бірін-бірі бағалайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
Оқушылар бейнематериал көре отырып, қажетті ақпаратты жазып алады.
Жанындағы жұбын тексеру арқылы бағалау
Диаграмма әдісі арқылы
1-тапсырма . Жеке тапсырма.
Махамбет Өтемісұлы туралы ақпарат бере отырып, кластер түзу.
Дескриптор:
- Махамбет Өтемісұлы туралы алған ақпараттарды жинақтайды;
- Бейнематериал мен берілген ақпараттарға байланысты ой түйіндейді;
- Дәптерінежазып алған қажетті ақпараттар арқылы кластер түзеді;
Бағалау критерийі:
- Жауап толық әрі нақты - 3 балл
- Жауап көп, бірақ жинақы емес - 1 балл
- Жауап жинақы бірақ аз - 1 балл
2-тапсырма. Жеке тапсырма.
Махамбет өлеңдерін талдау.
Дескриптор:
- Берілген өлең шумағын оқып, мағынасын ашады;
- Өлеңдегі автордың ішкі жан күйін анықтайды;
Бағалау критерийі:
- Жауап толық әрі нақты - 5 балл
3- тапсырма. Жұптық тапсырма. Вен-диаграммасы арқылы
Махамбет пен Наурызбай батырды жыр шумақтары арқылы салыстыра отырып, қазіргі таңдағы батырлармен ұштастырады.
Дескриптор:
- Махамбет пен Наурызбай батырды салыстыра жазады;
- Екі шығарманы салыстыру арқылы тақырыбы мен идеясын анықтайды.
- Қазіргі таңдағы батырлар туралы өз ойын айтады, және алдыңғы салыстырумен ұштастырады.
Бағалау критерийі:
- Жауап толық әрі нақты - 5 балл
4-тапсырма. Топтық тапсырма.
І топ. «Ойланыңыз». Махамбет Өтемісұлының өмірі жайлы оқулықтағы мәтінмен таныса отырып, жоспар құрыңыз. Махамбет жырларындағы қанатты сөздерден мысал келтіріңіз.
Дескриптор:
- Махамбет Өтемісұлының өмірі жайлы жоспар құрады;
- Махамбет жырларындағы қанатты сөздерді айтады;
ІІ топ. «Зерттеңіз». Махамбет Өтемісұлының шығармаларының тақырыбы мен идеясын зерттеп, өз ойларыңызды айтыңыз. 1 шумақ өлеңін жатқа айтыңыз. Махамбет туралы жазылған әдеби шығармалар туралы ақпарат іздеу.
Дескриптор:
- Махамбет шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын анықтайды;
- Көмекші құралдар арқылы Махамбет туралы жазылған әдеби шығармаларды авторымен сәйкестендіреді.
- 1 шумақ өлеңін жатқа айтады;
ІІІ топ. Талдаңыз. Оқулықтағы «Ереуіл атқа ер салмай . . . » өлеңіндегі ақын тілінің сөздігін құрастыру. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.
Дескриптор:
- «Ереулі атқа ер салмай» өлеңіндегі сөздерге түсіндірме береді ;
- Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табады;
Бағалау критерийі:
- Жауап толық әрі нақты - 10 балл
Кластер түзеді, және қойылған сұрақтарға жауап береді;
Диаграмма әдісі арқылы
Өлең шумақтарын оқиды, мағынасын ашып түсіндіруге тырысады, тақтаға шығап пікірімен бөліседі
Вен-диаграммасын сызады, ортаға шығып өз пікірлерімен бөліседі
Диаграмма әдісі арқылы
Кері байланыс: «Өрмекші торы» әдісі арқылы
Қойылатын сұрақтар:
1 топқа « Махамбет Өтемісұлы туралы не білесің?»
2 топқа «Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде?
3 топқа « «Бүгінгі сабақтан сен Махамбетті қай қырынан тани алдың? Махамбет қандай ақын?»
Үй тапсырмасы: «Туады ерлер ел үшін» тақырыбында Исатай мен Махамбеттің батырлығын негізге ала отырып ой толғау жазу