Қысқамерзімді сабақ жоспары №6 - Топырақтың экологиялық проблемалары (7-сынып, 3.4 Биосфера)

Қысқамерзімді жоспар
№6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: « Топырақтың экологиялық проблемалары ».
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Эрозияның болу себептері?
2. Қазақстанның қандай аймақтарында екпінді желдің әрекеті байқалады?
3. Топырақтың жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде неге ұшырайды?
4. Топырақ жамылғысына зор зиян тигізетін жағдай?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктейді.
1-Тапсырма
Оқушылар белсенді оқу арқылы оқулықпен жұмыс жасай отырып, бірлескен оқу арқылы өзіне берілген тақырып бойынша оқиды және талдайды.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Оқулықтағы деректерді материалдарды
оқушылар оқиды, талдайды, бір-біріне түсіндіреді.
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
2-Тапсырма
«Семантикалық кесте» Оқулық бойынша климаттық факторлардың топырақ қабатының пайда болуына әсерін зерттеп, кестені толтырады.
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. Тапсырманы орындайды.
2. Кестені дәптерге толтырадыды.
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.