Құмырсқа мен көгершін әңгімесі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу; өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту; оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу. Слайд1
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, слайд
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Балалар біз қазір бәріміз орнымыздан тұрып мына өлеңді айтып көрейік:
Қарлығаш боп ұшамыз,
Көкке қанат қағамыз
Аспанда біз қалықтап,
Ұшып-ұшып аламыз.
- Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.
- Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
- Енді маған айтыңдаршы қандай құстарды, құрт-құмырсқаларды білесіңдер?(оқушылар атап береді) .
- Өте жақсы сендер біледі екенсіңдер.
- Жаңа сабақ.
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың аты:Құмырсқа мен көгершін. Слайд2
Оқулықпен жұмыс.
а) Әңгімені мұғалімнің оқуы.
ә) Оқушылардың оқуы.
б) Тізбектей оқыту
в) Сөздік жұмысы: сусап - шөлдеп
г) Слайд3
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әңгіме не жайында айтылған?
- Құмырсқа қайда келеді?
- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
- Құмырсқа көгершіннің көрсеткен жақсылығын қайтарды ма?
Сурет бойынша әңгімелеу. Слайд4
62, 63-жаттығулар орындалады.
Сергіту сәті.
Қосымша тапсырма:
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып мақалды оқу. Мақалдағы жұп дауыстыларды табу.
К. . та. . алт. . н қа. . ы. . а.
Өн. . р ал. . ы қы. . ы. . т. . л.
Ұйқасын тап. Слайд5
Толықтыру тесті.
Білмейтұғын ұзауды,
Шақырамын . . . -► бұзауды
Оқушыларға дауысты дыбыстардың астын сызу тапсырылады.
Сәйкестендіру тесті.
Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір(бағыттарын көрсет) .
сызғ . . . ш
кірп . . . ш і
өш . . . рг . . . ш
қ . . . рғ . . . ш ы
. . . лг . . . ш
с . . . йл . . . қ
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.