Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Көкшетау. 4-сынып
Ана тiлi 4-сынып
Сабақтың тақырыбы:I.Жансүгiров «Көкшетау»
Сабақтың мақсаты:
1.I.Жансүгiровтiң «Көкшетау» өлеңiн
түсiнiп оқытып,таудың сұлулығын
әңгiмелетiп,бейнелi сөз,теңеу
ұғымдарын ашып,өлеңдi талдату.
2.Жалпы ой -өрiсiн,есте сақтауын,
жаңғыртуын, сөздiк қорын дамыту.
3.Сұлу табиғатқа сүйсiнiп, туған жерiне
деген мақтаныш сезiмдерiн ояту.
Типi: Жаңа бiлiмдi меңгерту.
Түрi: кiрiктiрiлген сабақ.
Әдiсi:түсiндiру,сөзжұмбақ,талдау,Инсерт стратегиясы,
топтастыру,түртiп алу,көрiнiс көрсету,мағынаны тану
Көрнекiлiгi: I.Жансүгiров портретi, тiрек-сызба,түртiп алу, бес
жолды өлең.
Барысы: I Ұйымдастыру
Психологиялық даярлық
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едiң!
Нендей күйге жүрегiмдi бөледiң!
Сенде тудым, сенде өстiм мен, сенде өлсем.
Арманым жоқ бұл дүниеде,-дер едiм.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Туған елiме» (жатқа сұрау)
Қасым Аманжолов «Туған жер» (мәнерлеп оқыту)
III Өткендi қайталау
К ү л ә ш
Т ө л е г е н
К ә б е н
Қ а н ы ш
Ж е т i м
Т ұ р а р
М ұ с т а ф а
Ж а я у М ұ с а
1. Көлденеңнен:
1. Қыз Жiбектiң ролiнде ойнаған әншi.
2. «Тау қыраны» мәтiнiндегi кейiпкер.
3. Мұстафаның әкесi, қажы.
4. Ғылым, археолог.
5. Мұхтар Әуезовтiң әңгiмесi.
6. Шерхан Мұртазаның әңгiмесiндегi кейiпкер.
7. Таэквондо өнерiнiң саңылағы.
8. Шоқанның құрдасы, орысша, қазақшаға судай, әншi, домбырашы,
гармоншы, скрипкашы.
IV Жаңа сабақ
1. Ой ашар.
1894-1938 ж.
«Өтiрiк»,«Малта» ,
«Шiркiн»,
«Балаларға базарлық»,
«Мектеп» кiтабы
Алматы облысы дарынды
ақын.
Ақсу ауданы
I.Жансүгiровтiң шығармаларымен бұрыннан таныспыз:
1-сынып «Жазғы шiлде»,2-сынып«Күн шыққанда»,3-сынып
«Жазғытұрым»,«Шәркей»(еске түсiру)
Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Айгүл Өтеғалиева жалғастырады.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) мәнерлеп нақышына келтiре оқыту.
ә) тауып оқыту
б) сұрақтармен жұмыс
3.Бейнелi сөзбен теңеу туралы ұым беру (А. Өтеғалиева).
I.Жансүгiровтiң«Көкшетау»өлеңiндегi үзiндiге зер салайық.
Көк орман,көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзiндей көл жаудыраған.
Малта тас,маржан ақық,мерует тас
Төгiлiп көк жиекке саудыраған.
Осы шумақтағы«көк»,«көркем»сөздерi аталған орманның,тоғайдың айрықша
сипатын анықтау үшiн қолданылып тұр.Бiр нәрсенi көптен айырып,көзге
көбiрек түсерлiктей етiп айту үшiн ол нәрсенiң атына
көркейтетiн,айқындайтын бейнелi сөз қосылады.
Сол сияқты осы үзiндiде ақын көлдi сұлу қыздың көзiне теңейдi.Сөйтiп
көлдiң әсемдiгiн көз алдыңа елестетедi.Белгiсiздеу нәрсенi белгiлi
нәрсеге,белгiсiздеу сипатты белгiлi сипатқа балап,көрнектеп,ашығырақ
көрсету үшiн қолданылатын бейнелi сөз теңеу деп аталады.
Теңеу көбiнесе –дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары арқылы немесе
бейне,тәрiздi деген сөздер арқылы жасалады.
а) өлеңдегi теңеудi тап..
ә) көркейту мақсатындағы тiркестердi тап.
б) жомарт, момақан, шипа тау мағынасын ашу.
4. Дәптермен жұмыс
Бейнелi сөз бен теңеулердi терiп жазу.
5. «Оқ жетпес» аңызын әңгiмелеу.
«Жұмбақтас» аңызынан көрiнiс көрсету.
6. Мағынаны тану.Инсерт стратегиясы
|Бiлемiн |Үйренгенiм |Бiлгiм келедi |
|1.I.Жанүгiровтiң |1. Бейнелi сөз, |1. «Көкшетау» |
|әңгiмелерiн |теңеу ұғымы |поэмасын. |
|2. Көкшетаудың |2. Оқжетпес аңызын| |
|биiк, әдемi, |3. Жұмбақтас | |
|шипалы тау екенiн |аңызын. | |
| | | |
V Бекiту.Бағалау
1. Не?Көкшетау.
2. Қандай? Биiк тау, жомарт тау, шипа тау
3. Қандай аңызбен таныстық?
«Оқжетпес» аңызы мен таныстық:
4. Қандай бейнелi сөз бен теңеу үйрендiк?
5. Жалпы ойды түйiндеу. Көкшетау жомарт, биiк, шипалы тау. Оның
Оқжетпес, Жұмбақтас атты шатқандары бар.
VI Үйге тапсырма
1. I.Жансүгiровтiң «Көкшетау» өлеңiн мәнерлеп оқу.
2. Суреттелген тауды көз алдарыңа елестетiп, сурет салып келу.
-----------------------
I.Жансүгiров
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz