Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
“тіл – халық қазынасы” атты xxi ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты
(өзге ұлт өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс )
Тақырыбы: “Тіл – халық қазынасы”атты
XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Сайыстың барысы:
Көрнекілігі:
- 1 - 9 ға дейінгі сандар
- Төс белгі
- Бағалау парағы
- Әріптер А, Е, Т, О, С, Ә, Б, М, Қ
[pic]
- XXI ғасыр көшбасшысы
- Слайд, интерактивті тақта
Армысыздыр қонақтар!
Бармысыздар қырандар
Қазір байқап көрейік.
Кімде қандай дарын бар, - деп ұшқырлық пен
ойлылықты қажет ететін XXI ғасыр көшбасшысы ойнына қош келдіңіздер!
Сайыстың мақсаты:
- Оқушылардың қазақ тілінен білім деңгейін шыңдап, тапқырлық пен
шеберлікке баули отырып мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысу.
Әр салада барлайық,
Сынды сынға жалғайық.
Әділ баға беретін,
Әділқазы сайлайық.
Әділқазы мүшелерімен таныстыру.
Бүгінгі сайыстың өту барысымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру.
2. Бәйге.
3. Әріптер сыры.
4. Полиглот.
5. Киелі сандар.
Ежелгі қазақ халқы білім, ғылымды қуып «Қына тасқа, ақыл басқа бітеді»
деп ұрпағын ақылдылыққа, білімділікке баулыған. Ғылымның ізін қуып, оқу мен
білім нәрімен сусындаған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Ұлы бабалары
үміт артқан ұрпақтарға сәттілік тілейміз.
1. Валиева Алина 10 «А»
2. Трапакова Екатерина 10 «А»
3. Нигматзанова Рената 9«А»
4. Карпюк Алена 9«А»
5. Рысметова Малика 9«А»
6. Тиньгаев Тимофей 9«А»
7. Десятова Элина 8«Б»
8. Юнусалиев Полатали 8«Б»
9. Лупенко Елизавета 8«Б»
Ұрандары:
«Бәйге» деген бір сөзге,
Үш мағына сияды.
Бәйге болды десе егер.
Ат жарысқа саяды, - деп келесі сайысымыз «Бәйге»
Сайыскерлерге 20 сұрақ қойылады. Кім белгіні бірінші болып
көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауапқа бес ұпай беріледі.
1. Қазақтың ішекті музыкалық аспабы (домбыра)
2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін сала (синтаксис)
3. Биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына неше жыл толды? (116)
4. Сәкеннің азан шақырып қойған аты ? (Садуақас)
5. Сәкеннің мәңгілік махаббатты жырлаған поэмасын ата
(«Аққудың айырылуы»)
6. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобы)
7. Сәкеннің бүркеншек аты кім? (Дүйсенбі)
8. Абайды әлемге танытқан кім? (Мұхтар Әуезов)
9. Қазақ тілінде неше септік бар? ( 7 )
10.Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі? ( соңғы )
11.-қа, -ке қай септіктің жалғау? (барыс септік)
12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (4)
13.Қазақстан қандай мемлекет? ( тәуелсіз)
14.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
15.Бір аптада неше күн бар? (7)
16.Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
17.Қазақстандық тұңғыш режиссер кім? (Шәкен Айманов)
18.Қаныш Имантайұлы кім? (тұңғыш геолог)
19.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? ( Есіл)
20.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (тұрлаулы, тұрлаусыз)
Екінші кезеңнен ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау, - деп «Әріптер сыры» әлеміне
шақырамыз.
Әр оқушы әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен
басталатын сөздермен жауап береді.Жаңылмай дұрыс жауап берген
оқушыға 10 ұпай қойылады.
Әріптер: А Е Т О С Ә Б М Қ
А Е Т О С әріптеріне
байланысты сұрақтар:
1. Қандай елде тұрасың?
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
3. Досың кім?
4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5. Қайдан келдің?
6. Әдемі қыздың арманы не?
7. Елтаңбада не бар?
8. Бүгін қандай күн?
9. Сенің көзің қандай?
10.Сәукелені қай кезде киеді?
11.Жігіттер сырға таға ма?
12.Жеті саны неге қасиетті?
13.Әліпбиді жатқа білесің бе?
14.Қандай есімдерді ұнатасыз?
15. Наурызкөжеге не қосады ?
16.Бір жылда неше ай бар?
17.Бала оқытатын адам?
18.Жасың нешеде?
19.Бос уақытыңда не істейсің?
20.Қандай тағамдарды ұнатасың?
Ә Б М Қ әріптеріне
байланысты сұрақтар:
1. Мақал білесің бе?
2. Есімің кім?
3. Аспанда не бар?
4. Қандай қаланы білесің?
5. Мектеп мұғалімдері қандай?
6. Сен тұратын қаланы ата?
7. Бір зат есімді ата
8. Жазушыларды ата
9. Асан әнді қалай айтады?
10. Қазақстанда қандай жануарлар бар?
11. Қар қай кезде жауады?
12. Алма тәтті ме?
13. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
14. Кім болғың келеді?
15. «Жар-жарды» қай кезде айтады?
16. Мыстан кемпір мыстан жасалған ба?
17. Жалқауды жүрісінен тани ма?
18. Достарыңа қандай ән арнайсың?
19. Сенің анаң қандай адам?
20. Қыздар неден қорқады?
Ең төмен ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Сіздерге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы атынан «ХХІ ғасыр
көшбасшысы» ойынынан естелік:
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар, - демекші келесі кезең
«Полиглот». Сайыскерлерімізге қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі,
ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен сұрақ қойылады.
Торкөздегі таңдаған сұрақтарыңды оқып, жауап бересіздер.
Кім болып белгі көтереді, сол жауап береді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай
беріледі.
Қазақ тілі :
1. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
( еріндік, езулік)
2. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?( у )
3. Лексика нені зерттейді? ( сөз мағынасын)
4. Жанды сұрақ
Қазақ әдебиеті:
1. Батырлар жырын ата
(«Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобыланды» )
2. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
( аңыз, ертегі, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары)
3. «Ғылым таппай мақтавнба» өлеңінің авторы
( Абай Құнанбаев)
4. Жанды сұрақ
Қазақстан тарихы:
1. Конституцияның қабылданғанына неше жыл толды? (15 жыл)
2. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. 4 маусым )
3. Қазақстанның астаналарын ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
4. Жанды сұрақ
Ағылшын тілі :
1.What is the traditional Christmas meal in Britain? (Roast turkey
and pudding.)
2. What was the Tower of London in the past? (It was a fortress, a
palace a prison.)
3. What is therein the centre of Trafalgar Sguare?(Nelson s Column.)
4. Жанды сұрақ
Орыс тілі:
1. Каких из этих слов неозначает «вести себя, как существо»
обозначенное корнем слово?
А) сьежиться
Б) присобачить
В) окрыситься
2. Какое слово можно составить из тех же букв; что и слово ромашка
А) морошка
Б) гормошка
В) мошкара
3. Как образуется форма Р.п. мн. число от слова кочерга?
А) кочерег
Б) кочергов
В! Нет мн. числа
4. Жанды сұрақ
Ең төмен ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Сіздерге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы атынан «ХХІ ғасыр
көшбасшысы» ойынынан естелік:
Көп ішінде сөйлеген,
Көсемдіктің белгісі:
Көпке сөзі ұнаған,
Шешендіктің белгісі, - деп ойынымыздың келесі кезеңі «Киелі
сандар». Торкөздердің астында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Жауап 5 ұпаймен бағаланады.
3 4 5
7 9 12
3 санының астындағы сұрақ:Үш бәйтерек ( Сәкен,Бейімбет,Ілияс)
4 санының астындағы сұрақ: Дүниенің 4 бұрышы
(батыс, шығыс, оңтүстік,солтүстік)
5 санының астындағы сұрақ: 5 асыл
(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап
қой)
7 санының астындағы сұрақ: 7 күн
(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
9 санының астындағы сұрақ: 9 сөз табын ата
12 санына байланысты қандай ай атауларын білесің?
Ең жоғарғы ұпай иесі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық
ойынының жеңімпазын жариялау үшін сөз кезегі әділ қазыларға
беріледі.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат, - деп “Тіл – халық қазынасы” атты XXI
ғасыр интеллектуалды ойынын аяқтаймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz