Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
“физика және біз”
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
|КЕЛІСІЛДІ | БЕКІТЕМІН |
| | |
|Колледж әдіскері |Директордың оқу жұмысы |
|_____________Г.О. Жакупбекова |жөніндегі орынбасары |
|«________ » ________ 2010 ж |_______С.М. Майкебаева |
| |«____»__________2010 ж. |
| | |
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Пән: Физика және астрономия
Тақырыбы: “Физика және біз ”
Оқытушысы: Қиса М
Талдықорган қ. 2010 ж.
Тақырыбы: “ Физика және біз ”
Өткізілу түрі : Физикалық олимпиада
| | Білімділік: Нақты пәндерден алған білімдерін тереңдету; |
| | |
| | Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; |
| | |
| | Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушыларды |
| |нақты пәндерге қызықтыру, оқушылардың жеке басын тәрбиелеу. |
| | |
| | |
ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. ОТҚ, Көрнекі құралдар: Ұлы физиктердің портреттері, музыкалық
сүйемелдеу, шарлар, қанатты сөздер, қабырға газеттері.
Б. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Математика және физика. Ғылыми – әдістемелік журнал 2005 №3
2. Математика және физика. Ғылыми – әдістемелік журнал 2004 №1
3. Физика және астрономия оқулығы.
ШАРАНЫҢ МАЗМҰНЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мүғалімнің кірспе сөзі
Кешіміздің мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыру,
логикалық ойлау қабілетін тексере отырып лидер тобын анықтау
Төменде әріптестеріміздің назарына колледжімізде өткізілетін
«Жаратылыстану және математика » кафедрасының он күндігіндегі «Физика және
біз» атты кешіміздің дайын үлгісін ұсынып отырмыз.(физикалық олимпиада)
Бүгінгі таңда оқушылардың нақты пәндер бойынша білімдерінің сапасын
арттыру, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру үшін түрлі
сайыстар, ойындар өткізіп тұру тиімді. I – курстар аралығында қатысып, өз
білімдерін сынайды. Оқушылардың қызығушылығы жоғары болады, осындай
кештерді апталықтан тыс уақыттарда да ұйымдастырып тұруымызға болады. Кеш
соңында би кеші ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен
марапатталады.
І – жүргізуші :
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Бүгінгі біздің “Физика және
біз ” инттелектуалдық кешімізге Қош келдіңіздер!
ІІ – жүргізуші:
Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
І – жүргізуші :
Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс – жаздар.
ІІ – жүргізуші :
Құрметке ие үлкендер,
Алда жүзген желкендер.
І – жүргізуші :
Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер.
ІІ – жүргізуші :
Кешке келген сайланып.
Отырам деп жайланып.
І – жүргізуші :
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып.
ІІ – жүргізуші :
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Екеуіміз асып – саспайық.
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықсын қасқайып.
І – жүргізуші :
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсаты.
Әр қашанда колледжде
Шығып жүрген жақсы аты – «Жұлдыздар» тобын қарсы алыңыздар!
ІІ – жүргізуші :
Оқу менен білімге,
Зейін қойған әрден.
Физик, тілші, дәрігер,
Табылады бәрінен.
- «Планета» тобын қарсы алыңыздар.
ІІ – жүргізуші :
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер Әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
І – жүргізуші :
Әділқазы мүшелерімен таныстыру..
ІІ. Кезең
1- Айналым
Әр екі командаға 10 сұрақтан беріледі, сұрақ оқылғаннан кейін өз
жауабын дұрыс деп білген команда алдындағы кнопканы басады да жауап беруге
рұқсат алады, бір команданың бірақ жауап беруге құқылы. Егер жауап дұрыс
болмаған жағыдайда 2 команда жауап берсе болады. ( әрбір сұраққа 30 сек, 5
балл)
1. Дүниенің бірінші ұстазы кім?(Аристотел)
2. Жер шарының серігі?(Ай)
3. Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында
үш мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр?(4)
4. ҚР-да бірінші ғарышкер қазақ азаматы кім? (Тоқтар Аубакиров)
5. күн жүйесінің центріне не орналасқан? (күн)
6.Жұмыстың өлшем бірлігі? (Дж)
7. Жарық жылдамдығы? (3*108 м/с).
8.Ауаның ылғалдығын қандай аспаппен өлшейді?(Психрометр)
9. Үстелде 4 бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Айналым. Компьютер арқылы тест тапсырады.
Әрбір командаға 10 тест тапсырмасы беріледі бір дұрыс жауапқа 2 баллдан
беріледі. ( 3 минут)
1 нұсқа
1. Тербеліс жиілігі 20 Гц. Тербеліс периодын тап.
А. 0,05 сек
В. 5 сек
С. 2 сек
Д. 5 сек
Е. 2 сек
&&&2. Тұрақты тоқтың формуласын тап.
А. I=∆q/t
В. I=IU∆t
C. I=IU
Д. I=It
Е. I=gI
3. Реостат қосылған тізбектегі тоқ күші I=3 А. Реостаттың клеммала-рының
арасындағы кернеу U=15В. Реостаттың тоқ жүріп тұрған бөлігінің R кедергісі
қандай.
А. R=5 Oм
В. R=3 Oм
С. R=45 Oм
Д. R=0.5 Oм
Е. R=4 Oм
4. Тізбектің кедергісі неге тең.
А. 8 Oм
В. 0,5 Oм
С. 2 Oм
Д. 4 Oм
Е. 3 Oм
5. Тоқ күші 5А. 10 секунд ішінде спираль кедергісі 20 Oм болғанда қанша
жылу бөлінеді.
А. 5000дж
В. 2000дж
С. 2500дж
Д.500дж
Е. 200 дж
6. Т=257 Ктемпературасы цельсий шкаласы бойынша қандай темпера-тураға
сәйкес келеді
А.-16 С
В.6 С
С. 32 С
Д. 16 С
Е. -6 С
7. Қатты дене мен газдың арасындағы заттың агрегатты күйін ата.
А. Сұйық
В. Бу
С. Кристалл
Д. Монокристалл
Е. Аморф
8. дене пішіннің және көлемнің өзгеруін...
А. Деформация
В. Платикалық
С. Иілу
Д. Созылу
Е. Сығылу
9. Сыртқы күштер әсері тоқтатылғаннан кейін кейн қалпына келетін
деформация қандай деформация деп аталады.
А. Серпімді
В. Созылу
С. Пластикалық
Д. Иілу
Е. Бұралу
10. Қуаттың өлшем бірлігі.
А. Вт
В. Вт*с
С. с/Дж
Д. Дж*с
Е. В
2 нұсқа
1. Тізбектің кедергісі неге тең.
А. 9 Oм 3 Ом 3 Ом 3 Ом
В. 2 Oм
С. 4 Oм
Д. 6 Oм
Е. 3 Oм
2. Электр тізбегі тоқ көзінің 2 Oм ішкі кедергісіне және 1 Ом өткіз-
гіштің кедергісінен құрылған. Тізбектегі тоқ күші 6 А. Тоқ
көзінің э.қ.к. нешеге тең.
А. 18В
В. 6В
С. 12В
Д. 3В
Е. 16В
3. Өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы.
А. Заряд
В. Кернеу
С. Кедергі
Д. Тоқ күші
Е. Электр тізбегі
4. .Жұмыстың өлшем бірлігі.
А. Дж
В. Н/м
С. Дж/м
Д. Н
Е. м/дж
5. Ауадағы су буының берілген температурада қанығуынан айырма-шылығын
көрсететін шаманы не деп айтады?
А. Ылғалдылық
В. Конденсация
С. Қайнау
Д. Булану
Е. Қаныққан бу
6. . Будың суға айналу құбылысы.
А. Конденсация
В. Будың қатуы
С. Булану
Д. Қайнау
Е. Ешқайсысы емес
7. Термодинамиканың 1-ші заңын көрсет
А Q=∆U+A
В. Q=А
С. . А=-Q
Д. Q=1/A
Е. Q=A-∆U
8. . дене пішіннің және көлемнің өзгеруін...
А. Деформация
В. Платикалық
С. Иілу
Д. Созылу
Е. Сығылу
9. . Кулон заңы
А. F=[pic]
В. F=[pic]
С. Q=A-∆U
Д. F=[pic]
Е. F=[pic]
10. Қалыпты жағдайда сутегінің 22,4 л көлемінде қанша молекула бар
А. 6*10²³
В. 12*10
С. 12*10²³
Д. 6*10
Е. 10²³
3- Айналым. Ұяшықтарға қыйындық деңгейі әр түрлі сұрақтар жасырлады,
командалар кезекпен ұяшық таңдап жауап береді. ( әрбір сұраққа 1 мин).
|5 |15 |10 |
|10 | | 5 |
|15 | 5 |15 |
1, Не үшін толтыра су құйылған шаугім пешке қойылса аз уақыт өткеннен кейін
су қайнамасада асып түгіледі? 15
2. Жерде 100 гадуста қайнаған су тау үстінде не үшін100 гадуста қайнамайды?
15
3. Күшті қандай аспаппен өлшейді? 5
4. Қысымды өлшейтін құрал қалай аталады? 5
5. Сынапты барометрді ойлап тапқан кім? 10
6. Күн не үшін тұтылады? 10
7 Жазды күні не үшін көбінде ақ киім киеді? (ақ киім жылуды нашар сіміреді)
15
8. Бір ұяшықта сурет жасыралып тұрады. Сол сурет бойынша жауап беріңдер.
4- Айналы. капитандар сайысы.
Бұл тұрда әр команданың капитандарына формула беріледі, дұрыс жауапқа 3
баллдан беріледі. ( 3 мин)
|№ |Атауы | Формула (1,5) |Өлшем бірлігі |
| | | |(1,5) |
|1 |Архимент күші | | |
|2 |Ом заңы | | |
|3 | Кулон заңы | | |
|3 |Электр сиымдылығы | | |
|4 |Электр өріс кернеулігі | | |
|5 |Термодинамиканы 1-і заңы | | |
III. Қорытынды кезең
Оқушылардың білім сапсының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса
түсуіне, пәнге деген қызығушылығын деңгейін арттыру мақсатында
дәстүрлі есем сабақты, тарауды қайталаған кезде топқа бөліп өткізу,
өткен тақырыптарға қорытынды жасау оқушылардың таным, шығармашылық
ойлау қабілеттерін дамытады.
Топтау әдістерінің тиімділігі:
1. Оқушылардың бірі- біріне жолдастық , достық қарым- қатынасы арта
түседі;
2. Бір – біріне бар ынта - жігерімен көмектеседі, үйретуге бейім
болады, үйрете жүріп өзі де үйренеді;
3. Оқушының ұйымдастырушылық қабілеті арта түседі және бағалау
жұмысын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады, өз
беттерімен ізденістері туындайды, жүйелі түрде жұмыс жүргізуге
дағдыланады.
4. Өз білімі мен жолдастарының білімін саралап, бағалай білуіне
толығырақ мүмкіндік туады.
-----------------------
4 Ом
Шараның мақсаты
4 Ом
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz