7-сынып физикасы: Манометрлер мен сорғылар (§53-§54)

Физика. 7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §53. §54. Манометрлер. Сорғылар.
Сабақ мақсаты:
- Манометрлер, олардың түрлері, сорғының құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы ұғым қалыптастыру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,
Техникалық оқыту құралдары : компьютер, экран.
Демонстрациялар: шприц арқылы сұйықтықты сору.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
- Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай?
- Атмосфераның негізгі қабаттарын ата.
- Қалыпты атмосфералық қысым деген не?
- Ол неге тең?
- 760 мм. сын. бағ. қанша паскальға тең?
- Альтиметр деген не?
- Үйге берліген есептердің орындалуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Атмосфералық қысымнан жоғары немес төмен қысымды өлшеу үшін қолданылатын аспап манометр деп аталады.
АШЫҚ СҰЙЫҚ МАНОМЕТР
МЕТАЛЛ МАНОМЕТР -газдың немес будың қысымын өлшеу үшін қолданылады
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе сфигмотанометрмен өлшенеді
Сорғылар -атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі.
Су сорғысының құрылысы:
V. Пысықтау.
- Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
- Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
- Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
- Металл манометр қалай жұмыс істейді?
- Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: : §53. §54. Манометрлер. Сорғылар. 27-ж.
Мұғалім туралы мәлімет:
Орынгалиева Сауле Утаровна
Физика, информатика пәнінің мұғалімі
Санаты: І
Білімі: жоғары
БҚО
Теректі ауданы
Сарыөмір аулы
Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ