Қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы қысымның берілуі және Паскаль заңы

Физика. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, әдептілікке баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І жарты-жылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша
қайталау сұрақтарына жауап беру:
- Зат құрылысы, зат неден тұрады?
- Диффузия және температураға тәуелділігі
- Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
- Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
- Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
- Заттың тығыздығы.
- Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
- Деформация, оның түрлері. Гук заңы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Кіріспе: Слайдтан суреттер көрсете отырып, қысым ұғымын енгізу
Қысымның анықтамасын, жазылу өрнегін, SI жүйесіндегі өлшем бірлігі/слайд/
Анықтамасы: жазылу өрнегі: өлшем бірлігі:
Белгілі бір бетке
перпендикуляр
түсетін күш
әрекетінің нәтижесін
сипаттайтын шаманы =
қысым деп атайды
Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықты түсіндіре отырып, заттың үш күйі арқылы қысымның берілуін түсіндіру /слайд/
Қысымның берілуіне мысалдар қарастыра отырып, оқушылардың ойын қорыту. :/слайд/
Молекулалардың еркін қозғалуынан сұйықтар мен газдарға түсірілген
қысым, барлық бағытта бірдей беріледі!
Паскаль шарының жұмысын көрсету. /слайд/
15-жаттығудан есептер шығару
Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға арналған логикалық есептер:
IV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма §33, 34 /132-136 бет/ 15-тапсырма
Мұғалім туралы мәлімет:
Орынгалиева Сауле Утаровна
Физика, информатика пәнінің мұғалімі
Санаты: І
Білімі: жоғары
БҚО
Теректі ауданы
Сарыөмір аулы
Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ